«Сандық технологиялар табысты болашақтың кілті» — дейді INVIVO медициналық зертханаларының франчайзи кәсіпкері Әсел Шаришева

Dinara Kanzler
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4441
0 пікірлер

Әсел Шаришева жақында Ismet.kz порталының "Бизнеске арналған интернет" атты қызметіне қосылды.  Осы мүмкіндікті пайдаланып, біз Әселден неліктен осы интернет-провайдерді таңдағандығы жайлы сұрастырдық.   

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда бизнес жүргізу қалай?

Соңғы әлеуметтік жағдайларға байланысты біздің қала қиын кезеңге тап болды деп айтуға болады. Мен жеке бизнес пен халықтың тұрақты орта тобы ел бюджетіне түсетін табыстың негізгі бөлігін құратындығына әрқашан сенетінмін. Сандық ғасырда бизнес жүргізу оңай және түсінікті болуы керек, бірақ бұл әрдайым осылай бола бермейді. 

Интернет-провайдерді таңдау және қосу кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Кеңседегі жөндеу жұмыстары бітіп, барлық жиһаз бен жабдықтар сатып алынған кезде интернет байланысын қосу туралы мәселе туындады.

Интернет қосатын провайдерлер көп екен. Біздің мекен жайымыз халық тығыз орналасқан жерде болды. Интернет байланысының проблемалары болмауы керек еді. Сондықтан біз бұл мәселені соңғы кезекте шешуді ұйғардық. Алайда жағдай керісінше екен. Халықтың тығыз оналасқандығына байланысты "Қазақтелекомнан" басқа провайдерлерде байланыс қызметін ұсыну үшін техникалық мүмкіндіктері болмады. 

Сайттағы өтінімді толтырудан бастап интернетке қосылуға дейінгі жолыңыз қалай өтті?

Мен  Ismet.kz порталында өтінімді қалдырдым. Маған 15 минуттан кейін менеджер қоңырау шалып,  Ismet.kz  порталында тарифті таңдап, платформа ішінде ЭЦҚ арқылы қосылу туралы келісімге қол қоюды ұсынғанда, аң-таң болдым. Шынымды айтсам, біз "Қазақтелеком" қызметінің ақаулықтары барын, жылдам емес екенін үнемі естіп жүргендіктен, осыған үйреніп қалған едік. "Қазақтелеком" жарнамаларын теледидардан немесе әлеуметтік желілерден жиі көрмейсің. 

Яғни сіз "Қазақтелеком" интернетін қосуды жоспарламадыңыз ба?

ИЯ, осы провайдерге қосыламын деген ой мүлдем болған жоқ. Мен провайдерлердің жұмысын түсінбеймін және қадағаламаймын да. Маған тиімді бағамен жылдам оптикалық интернет қажет болды. Ең бастысы — интернетке тез арада қосылу. Жалпы, екі күннен кейін менің клиникамда интернет орнатылды. Мен таң қалдым.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін