ТЖ салдарынан бизнеске келтірілген шығындар туралы: "Қазір 2020 жылға қарағанда бизнесті қалпына келу әлдеқайда жеңіл болады", — дейді блогер және сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы Гаухар Әмірқұлова.

Dinara Kanzler
ismet-ке шолу
Блог
0 пікірлер
4435
0 пікірлер

ШОБ-тың жалпы залалын қалай бағалайсыз? Қалай ойлайсыз, бизнес үшін қазір қаншалықты қиын?

Менің ойымша, ШОБ қазір өте қиын кезеңді бастан кешуде. Бұл жағдай 2020-да локдаунға ұқсас. Сол кезде ШОБ үлкен шығындарға ұшырады. Сұлулық индустриясын алатын болсақ, салондардың шамамен 45% - ы бір жыл ішінде жабылды. Сол жағдайға ұқсас, қазір де жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорындар, жұмыссыз қалған адамдар көп. Олар жұмыссыз, ақшасыз қалды, сондықтан сатып алу қабілеті төмендеді. Шағын және орта бизнестің қандай да бір бөлігі ғана зардап шекті деп айтуға болмайды. Өкінішке орай, барлығы зардап шегуде. Бірақ мен бір апта ғана жұмыс істемедік. Соған өзім өте қуандым. Қазір 2020 жылға қарағанда бизнесті қалпына келу әлдеқайда жеңіл болады.

Сіздің ойыңызша ШОБ қалпына үшін қанша уақыт қажет?

Менің ойымша, бизнес өзінің қалыпты сорабына жылдам түседі. Бір-екі айда үйреншікті қалпына келеді. Көп нәрсе мемлекеттің қолдауына байланысты.

Осы жылы кәсіпкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

 

Өз өзіңізді іштей жемеңіз. Күйінбеңіз. Бизнестің қалпына келетініне сену өте маңызды. ШОБ өкілдері көп шығынға  ұшыраса да, мұны шындық ретінде қабылдаңыз. Қазір ең бастысы - жұмыс ретін түбегейлі өзгерту. Бұл жағдай жаңа жетістіктерге түрткі болуы керек. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! Аман болайық! 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін