"Кез келген жағдайда қарапайым адами қасиеттердің нұрын жүрегіңізде сақтап қалу" — Әлия Исламбекова, Travel Club Kazakhstan компаниясының негізін қалаушы және директоры.

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4578
0 пікірлер

Әлия, өз компанияңыз жайлы және Қазақтелекоммен ынтымақтастық туралы айтып берсеңіз?

Компаниямыз Қазақстан нарығында 2003 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бізде екі бренд бар. Біріншісі, travelclub.kz - бүкіл әлемге саяхат жасайтын Қазақстанның тұрақты клиенттері үшін. Және екінші бренд — baikonur.com. Біз оны пандемияға дейін дамыта бастадық. Қазіргі таңда оның дамуын  жалғастырудамыз. Ол шетелдік қонақтардың біздің елде саяхаттауына бағытталған.

Дәл осы 2003 жылдан бастап біз "Қазақтелеком"  АҚ-мен бірге қызмет жасай бастадық. Мемлекеттік компания әрдайым қызмет көрсету сапасының кепілі болатындығы туралы менің нақты түсінігім болды. Шынында да солай болып шықты. Бұл жай қанқу сөздер ғана емес.

Сіз қандай қызметтерді пайдаланасыз?

Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап біз кеңселерде IP телефониясын қолданамыз. Бұрын бұл қызмет Қазақтелекомның ең талғампаз клиенттеріне ғана қолжетімді болатын.  IP-телефония мен ілеспе қызметтерді енгізудің барлық кезеңдерінде біз Қазақтелеком командасынан қолдау көріп отырдық. Біз хостинг немесе деректер орталықтарын пайдаланбаймыз, өйткені біз IT-компания емеспіз, сондықтан олардың қажеті жоқ. Ең алдымен бізге тұрақты және кең байланыс арнасы қажет. Әрқашан, яғни тәулік бойы. Қазақтелеком мұндай қызметті өте жақсы атқарады.

Сіздің компанияңыз құрылғаннан бері 19 жыл бойы сіз тек интернет қызметін қолданадыңыз ба?

Ия, бұл қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ ішкі жағдай күрделірек болды. Содан бері біздің компания дамыды. Қазақтелекомның онлайн-қызметтерінің көмегімен біз мұнай мен газдың астанасы — Атырауда филиалымызды аштық. Бұл сол кездегі ең шалғайдағы кеңсеміз еді. Бізге клиенттердің өтініштерін өңдейтін телефония байланысы мен қосымшалар үшін, кеңсеміздің қаржылық жұмыстары үшін жылдам "жергілікті желі" қажет болды. Қазақтелеком өз тарапынан әрдайым осындай міндеттерді жақсы орындап келді. Көп жылдар бойы байланыс ақауларын көрген жоқпыз және күні бүгінге дейін Қазақтелекомның қызметтерін пайдаланып келе жатырмыз. Басқа операторларға ауыстыру ойымызда жоқ.

Ал Қазақтелекомның пайдасы тиген тағы қандай да бір жобалар болды ма?

Ия, әрине. Бірде біз American Express Travel Services бағдарламасы бойынша клиенттерді қолдау кеңсесін аштық. Бұл American Express төлем карталарын ұстаушыларға арналған тревел-қызметтер саласындағы жаһандық қолдау бағдарламасы. American Express - әлемдегі ең көне банктердің бірінің жаһандық бренді. Біздің команда осы сынақтан өтті. Халықаралық ұстаушылардан сұраулар түскенде біз еліміздегі AmEx карталарын ұстаушыларға қолдау көрсеттік.

іsmet.kz клиенттеріне не ұсынар едіңіз?

Біз 2008 жылғы дағдарысты бастан өткердік. Одан кейін 2015 жылғы қиын кезеңдерді де жеңдік. "Қиындықтар жаңбырмен емес, нөсермен түседі" демекші біз қазір пандемиямен күресіп жатырмыз. Екі жылдан бері "нон-стоп" режимінде жұмыс істеп келеміз. Егер бұрын клиентке билет жазып беріп, визасының бар-жоғын ғана анықтайтын болсақ, бүгінде турист саяхаттайтын елдерге кіріп-шығу үшін қандай карантиндік талаптар бар екенін тексеруіміз керек.

Туризм жаһандық пандемия кезінде ең көп зардап шеккен салалардың бірі болып саналады. Осы қиын-қыстау кезеңде Қазақтелекомның әрі қарай дамуына тілектеспін. Ал басқа кәсіпкерлерге қиын кезеңдерден аман-есен өтіп, сағы сынбай, болашаққа сеніммен қарауды тілеймін.

Егер кез келген жағдайда қарапайым адами қасиеттердің нұрын жүрегіңізде  сақтасаңыз, бәрі керемет болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін