Жеке кәсіпкерлік пе (ЖК) әлде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пе (ЖШС)? Таңдау кезінде не нәрсеге назар аударған жөн?

Куралай Ашимова
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
6206
0 комментариев

 

Бизнесті тіркеудің қандай түрі – ЖШС немесе ЖК – оңай болатындығын анықтаймыз. Ал қайсысы көп күш-қуатыңды алып, уақыт создырып, қалтаңды қағады екен...

 

Өз кәсібін бастауға бел буған әркімді ең алдымен кәсіпкерліктің қандай түрін таңдау керектігі жайлы ой толғандырады. Мұның екі танымал түрі бар – ЖК немесе ЖШС. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік.

Төменде әр меншік иесі атауларының артықшылығы мен негізгі айырмашылықтарын жан-жақты сипаттайтын кестелер келтірілген.

Таңдаған кезде мына басты мәселелерге назар аудару қажет: сіздің компанияңызды тек бір ғана адам иелене ме, әлде компания әрқайсысының өзінің айрықша құқығы бар пакеттері мен бақылау дәрежесіне ие құрылтайшылар тобына тиесілі бола ма?

 

 

ЖК

 

ЖШС

Тіркеу тәртібі стандартты түрде болады. Жеке куәілігіңіз бен ЭСҚ кілті қажет. 

 

Салық органдары тіркелу үшін қажетті қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.

  • Құрылтай шарты
  • Екі тілдегі Жарғы
  • Қаулы
  • мөр

* Компанияның жұмыс істеген кезіндегі барлық өзгерістерді, оның ішінде қызметкерлерді ауыстыруды қайта тіркеуге тура келеді. 

 

 

Кейбір жағдайларда бухгалтерлік есеп жүргізбей, тек шығыс пен кіріс операцияларын есепке алу журналдарын жүргізуге болады. 

 

Міндетті түрде бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Жоғарыда келтірілген бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдар төленеді.  

Төлеуге қажетті салықтар мөлшері аз. 

 

Ұйым әдетте жеке кәсіпкерге қарағанда көбірек салық төлейді. 

 

 

Алайда барлық артықшылықтар тек жеке кәсіпкерлер жағында деп ойламаңыз.

 

 

ЖК

 

ЖШС

 

Қарыздар төленбеген жағдайда, несие берушілер алдында өзінің жеке мүлігімен жауапты.

Сот орындаушылары кәсіпкердің жеке мүлкіне жаза қолдана алады. 

 

Құрылтайшы ұйымның мүлкіне және қатысу үлесі түрінде олардың мүлкіне ғана қауіп төнеді. Сот орындаушылары басқа жеке мүлікке айыппұл салуға құқылы емес. 

 

Бизнесті сату тәртібі соншалықты оңай шаруа емес. Кәсіпкер тек өз мүлкін, дайын бизнесін ғана сата алады, бірақ ЖК түріндегі кәсіпкерлік үлесті сата алмайды.  

 

Бизнесті сату оңайырақ. Құрылтайшылар немесе солардың бірі өз үлесін үшінші тұлғаларға оңай сата алады. 

 

Бір топ адамдар тіпті шағын бизнесті тең жағдайда ұйымдастыра алмайды. Бұл жерде тек серіктестердің сенімді  ынтымақтастығы ықтимал. Дегенмен заңды түрде тіркелген жеке кәсіпкер ғана  барлық мүлікке ие болады  және бизнес жасауға құқылы болады.

 

Құрылтайшылар тобы серіктестікке қатысу үлесінің қандай бөлігі әрбір жеке қатысушыға тиесілі болатындығын өз бетінше шешеді. 

 

 

Кімге қандай салықтарды төлеу қажет?

 

 

ЖК

 

 

ЖШС

 

 

Салық салудың әртүрлі ережелерінде жылдық табыс мөлшері мен жұмысшылар санына шектеулер әлі де бар

 

 

Жеңілдетілген салықтағы шектеулер (ҚР Салық кодексінің 683-бабы):

  • Жұмысшылар саны 30-дан аспайды;
  • Жарты жылдағы кіріс мөлшері 24 038 АЕК-тен асады (2021 ж. 70 118 846 тг.);
  • Құрылымдық бөлімшелері жоқ;
  •  

 

Жеңілдетілген салық жүйесі бойынша міндетті түрде төленетін салықтар (екі жағдайда да олардың саны көп)

 

 

  • Кірістің 3% (1,5% табыс салығы (ЖТС) және өзіңіз үшін 1,5% әлеуметтік салық);
  • Жалақыңыздың 10% - өзіңіз үшін міндетті зейнетақы жарналары;
  • Жалақаңыздың 3,5% - өзіңіз үшін әлеуметтік аударымдар;
  • 1,4 ең төменгі жалақының 5% (яғни, 2021 ж. арналған сома - 2 975 тг.) – МӘМСЖ (медициналық сақтандыру жарналары).
  • Жалданған қызметкерлерге мыналар қосымша төленеді:
  • 10% ЖТС;
  • 10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);
  • 3,5% ӘА (әлеуметтік аударымдар);
  • 2% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);
  • 2% МӘМСЖ (міндетті медициналық сақтандыру жарналары);

Қызметкерлер үшін әлеуметтік салық төленбейді.

 

 

  • 1,5% КТС (корпоративтік табыс салығы);
  • 1,5 % әлеуметтік салық.

Жалақы қорынан мыналар қосымша төленеді:

  • 10% ЖТС (25 АЕК-тен жоғары жалақыдан);
  • 10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);
  • 3,5% ӘА (әлеуметтік аударымдар);
  • 2% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);
  • 2% МӘМСЖ (міндетті медициналық сақтандыру жарналары).

 

Қызметтің барлық түрлеріне жеңілдетілген салық ережесін қолдануға болмайтындығын ескеру қажет (ҚР Салық кодексінің 683 бабы, 2, 3 және 3 тармақтарын қараңыз).

 

Жалпыға бірдей белгіленген ЖТС – 10%

 

Жалпыға бірдей белгіленген КТС – 20%

 

 

Егер белгілі бір қызмет саласында жеңілдетілген ережені қолдануға тыйым салынса, онда соған ұқсас салада жұмыс істейтін ЖШС-ке қарағанда 2 есе аз салық төлеуге тура келеді. 

 

Егер сізге жеңілдетілген салық ережесін қолдануға тыйым салынса, онда сізге ұқсас бизнес саласындағы ЖК-ден 2 есе көп салық төлеуге тура келеді. 

 

 

Еске сала кетейік, «01.01.2020 мен 01.01.2023жылдар аралығында арнайы ережелерді қолданатын орта және шағын бизнес өкілдері КТС (ЖТС) және ӘС төлеуден босатылады. (ҚР 27.12.2019 ж. № 290-VI  Заңы.)»


Қайсысын таңдаған жөн? Сарапшылар кеңесі.

ЖК немесе ЖШС – қайсысы тиімді деген сұраққа нақты жауап жоқ. Әр нақты жағдайдың өз нұсқасы бар.

Дегенмен өршіл мақсатыңызды ұмытпаңыз. Егер сіз болашақта бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, әр түрлі қалаларда филиалдар желісін құрып,  кәсіпорынды ұлғайтуды жоспарласаңыз, онда ЖШС құруыңыз керек.

Абырой-бедел деген факторды да естен шығармаған жөн. Клиенттердің алдында ЖШС «салиқалы» болып көрінеді. Алайда үлкен нарықты жаулап алу ойыңызда болмаса және тек жергілікті бизнес қана қарастырылса - ЖК тіркеу жеткілікті.

Сізге қандай кеңес берер едік? Кестелерде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, өз тілектеріңіз бен мақсаттарыңызды нақты анықтауға тырысыңыз және мына сұрақтарға толық жауап беріңіз. Сіз ірі кәсіпорын желісін құруды армандайсыз ба, әлде ауқымды өнім шығарғыңыз келе ме, белгілі бір шығындарға баруға дайынсыз ба? Сізде салықтық жеңілдіктер бар ма? Сіз қазіргі уақытта немесе болашақта жалдамалы қызметкерлерсіз жұмысыңызды жалғастыра аласыз ба? Салық ауыртпалығын көтеруге, тәуекелге бел бууға дайынсыз ба? Егер бірдеңе болып жатса барлығынан айырылып қалуға дайынсыз ба? Бір күндері өз бизнесіңізді сату ойыңызда ма?

Заңды тұрғыдан кәсіпкерліктің түрін таңдау туралы шешім өзіңізге қаншалықты шын жауап бергеніңізге байланысты қабылданады. Кез-келген жағдайда осы мәселе бойынша кәсіби мамандардан кеңес алуды ұмытпаңыз. Бұл сіздің уақытыңызды да, күш-қуатыңызды да, ақшаңызды да үнемдейді.

Ismet.kz Сізге сәттілік тілейді! Кәсібіңіздің нәсібін көріңіз! 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін