Әлеуметтік желілердің танымалдылығы қарқынды түрде өсуде.

Данияр Куантканов
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4644
0 пікірлер

Өткен жылы әлем бойынша әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың саны 13%-дан асып түсті. 2021 жылдың басында 500 миллионнан 4,2 миллиардқа дейін жетті. 

Орташа есеппен алғанда 2020 жылы әлеуметтік желілерге күн сайын 1,3 миллионнан астам жаңа пайдаланушы қосылған екен. Бұл шамамен секундына 15,5 адам жаңадан қосылады деген сөз.

Әдеттегі пайдаланушы күн сайын өзінің 2 сағат 25 минут уақытын әлеуметтік желіге жұмсайды екен. Бұл аптасына шамамен бір күн мызғымай, ұйықтамай жүргенгенмен тең. 

Жалпы алғанда, 2021 жылы әлемдегі әлеуметтік желілерді пайдаланушылар 3,7 триллион сағат уақытын осы медиаға жұмсайтын болса, бұл шамамен адамзаттың 420 миллион жылдан астам өмір сүруімен тең келеді екен.  

Алайда әр ел арасында атарлықтай айырмашылықтар бар.

Филлипиндіктер әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні пайдаланушылар болып табылады. Олар күніне орташа есеппен 4 сағат 15 минут уақытын жұмсаса, колумбиялықтар олардан жарты сағат кем уақытын өткізіп, екінші орынды иеленген екен.

Ал ең аз пайдаланатындар  – жапондықтар. Олар күніне бір сағаттан аз уақытын әлеуметтік желіде өткізетіндіктерін айтады. Бірақ биылғы өткізген 51 минут уақыты былтырғыға қарағанда 13%-ға жоғары екен.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін