«Ақшаны жолдан тапсаң да, санап ал». Әлемдік миллиардерлердің картасы.

Куралай Ашимова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4904
0 пікірлер

Миллиардерлер – дәулетті адамдардың ішіндегі ең бай да қуаттысы. Көптеген жас кәсіпкерлер осындай байлыққа жетсем деп үміттенеді. Дегенмен, есепсіз қазына иелерінің тобына қосылуға рұқсат алмай тұрып, кәсіпкерлер « осындай шіріген байлыққа олар қалай ие болды?» деген сұрақты өзіне қою керек. Төменде ұсынылған деректер 2016 жылы жарияланса да, тарихи үрдістер ғасырлармен өлшенетіні белгілі.

 

Картада әлемнің барлық елдері көрсетілген және олар миллиардерлердің пайыздық мөлшеріне байланысты әр түрге  бөлінген. Картадағы әр елдің мөлшері ондағы миллиардерлердің жалпы санына сәйкес келеді.

 

Әр түс миллиардерлердің бес санатын білдіреді:

  • қызыл – ата-анасынан қалған мұра,
  • жасыл - компанияның негізін қалаушылар,
  • көк – компания қожайындары мен басшылары,
  • қызғылт сары – саяси байланыстары және ресурстары барлар
  • сары - қаржы секторындағылар.

 

Картаға қарап мынандай қорытындыға келуге болады. Бұл  - АҚШ-та тұратын миллиардерлер санының көптігі. Барлық миллиардерлердің шамамен 30% -ы әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі мемлекетте тұрады және басқа елдерге қарағанда байлар саны әлдеқайда көп. Саяси байланыстары мен ресурстары бар адамдардан басқа АҚШ-тағы миллиардерлердің таралу негізі бірдей. Американдық миллиардерлердің тек 3,8%-ы саяси немесе ресурстық бизнестің арқасында өз байлығына қол жеткізді. Бұны АҚШ үкіметінің бизнеске тарихи араласпауының салдары деп білуге болады. Салыстырмалы түрде қарасақ, Ресейде 6,7%, Қазақстанда 0,3% миллиардер бар.

Әлем бойынша экономикасы екінші орында тұрған Қытай елінде байлығы мұра ретінде табысталған миллиардерлер өте аз. Соңғы бірнеше онжылдықтағы экономикалық жетістіктеріне дейін Қытай елі өте кедей болды. Бірақ өндіріс көлемінің, ел экономикасының қарқынды дамуының арқасында аз уақыт ішінде 200-ден астам қытайлық миллиардерлер ең бай адамдар санатына енді. Жоқтан бар болғандардың шамамен 40%-ы - компаниялардың негізін қалаушылар, ал төрттен бір бөлігі  - компания қожайындары немесе басшылары.

 

Қарама-қарсы үрдіс Оңтүстік Кореяда байқалды. Оңтүстік кореялық миллиардерлердің 74,1% -ы мирасқор ретінде байлыққа кенелді. Жапонияда миллиардерлердің 63%-ы    -  компаниялардың негізін қалаушылар.

Оңтүстік Кореядағы үрдіс Еуропада да белгілі бір дәрежеде байқалады. Ұлыбританиядан басқа, Еуропаның басқа ірі мемлекеттеріндегі көптеген миллиардерлер өз байлықтарын мұра ретінде алған екен. Ең жоғары пайыз Данияда - 83,3%. Германия 64,7% - бен екінші орында тұр. Швеция 63,2% - бен үшінші орында. Еуропа АҚШ-тан сәл өзгеше жолмен жүруде. Американдық миллиардерлерде байлықты мұра ретінде алу мүмкіндігі аз. Олар компанияның негізін қалаушылар немесе қаржы секторынан шыққан адамдар болуы мүмкін.

Қытайлық миллиардерлердің саны күннен күнге өсуде, олардың көпшілігі компания негізін қалаушылар, компания қожайындары немесе басшылары. Көптеген еуропалық миллиардерлер байлықты мұра етсе де, олардың көпшілігі компаниялардың негізін қалаушылар немесе қаржы секторының өкілдері. Ресей миллиардерлерінің көпшілігі саяси байланыстары мен ресурстары бар адамдар (64%). Қазақстан осы көрсеткіш бойынша 100% - бен Ресейден алға озып кетті.

Бүгінгі күннің кеңесі: «Басқаларға жалтақтай бермей, өзіңнің ең алғашқы миллионыңды табуға тырыс. Ақша табудың ең оңай жолы – интернетке клиенттерді қостыру».

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін