«Оңалту рәсімдерін қолдану бойынша бизнес субъектілерінің сотқа жолдаған өтінімдері бойынша көкейтесті сұрақтар» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4502
0 пікірлер

2021 жылдың 18 маусымында сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Оңалту рәсімдерін қолдану бойынша бизнес субъектілерінің сотқа жолдаған өтінімдері бойынша көкейтесті сұрақтар» тақырыбында вебинар өтеді.

 

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Шаймерденов Алмас Камалұлы сөз сөйлейді.

Спикер оңалту рәсімін қолдану туралы: рәсімді кім және қалай қолдана алатынын, қандай мерзімге және қандай жағдайларда оңалту рәсімдерін қолдануға болатынын, салық төлеушіге қандай жеңілдіктер берілетінін айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktardy-zhiberuge-arnalgan-nysan-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 17 маусымында сағ. 16:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қаже. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін