Қазақстанда шетел азаматтарына қалай бизнес ашуға болады

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
6568
0 пікірлер

Әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанда шетелдік азаматтарға бизнес ашу және жүргізу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Көптеген кәсіпкерлердің айтуынша Қазақстанда қолайлы салық режимдеріне, ШОБ-ты мемлекеттік қолдауына, сондай-ақ жақсы нарықтық жағдайларға байланысты біздің елімізде бизнесті жүргізу қиын емес дейді. Бүгін біз осы бағытта заңнамада не өзгергенін, сондай-ақ біздің елде кімдерге толыққанды бизнес ашуына және жүргізуіне болатындығын анықтауға тырысамыз.

Қазақстан азаматы еместерге мұнда бизнес ашуға бола ма?

Заңда айтылғандай: жеке тұлға - шетеллдк азамат жеке кәсіпкер (ЖК) бола алмайды, сәйкесінше шетелдік жеке тұлғаны (елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерді қоса алғанда) жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тыйым салынады.

Дегенмен, Қазақстан аумағында тұрақты тұруға құқығы бар Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, сондай-ақ Қырғыз Республикасының азаматтары мұнда жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Мұны 2007 жылғы 3 шілдеде күшіне енген Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған (1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 20-II Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) "Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы" шарт растайды. Бұл бапта көрші мемелекеттің азаматы болып табылатын тұру Тарабының азаматтары сияқты тұрақты тұрғындар да осындай құқықтар мен еркiндiктердi пайдаланады, осы Шартпен және Тараптардың Конституцияларымен белгiленген осындай мiндеттерді атқарады деп көзделген. Ал елімізде тұрақты тұруға рұқсат алғысы келетіндер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат арқылы алады.

Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлға ретінде тіркеуден басқа, шетелдік азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестік құра алады. Азаматтық кодексте және "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы" Заңда қандай да бір шектеулер көзделмеген. 
Демек, шетелдік азаматтар ЖШС-ны Қазақстан азаматтары сияқты тәртіпте тіркей алады.

Маңызды ақпарат! Заңда былай делінген:

  • ЖШС құру оның құрылтайшыларының Құрылтай шартын жасасудан басталады және серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеумен аяқталады.
  • Егер ЖШС жалғыз қатысушысы болса, ол жеке-дара қабылдаған шешім негізінде жүргізіледі. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. ЖШС Жарғысын ЖШС құрған тұлға бекітеді.
  • ЖШС мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

ЖШС құру туралы өтініштен басқа (егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе) тіркеуші органға қосымша мыналар ұсынылады:

  • Құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат;
  • Нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат қоса беріледі.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
  • Жеке тұлға - құрылтайшы-бейрезидент тұлға ЖСН алуы қажет, ал заңды тұлға - құрылтайшы-бейрезидент тұлға ЖШС тіркеуге құжаттарды тапсырғанға дейін жергілікті салық органында есепке тұрып, БСН алуы қажет. 

Бейезиденттер ЖШС ашқан кезде ҚР заңнамасында белгіленген бірқатар шектеулерге назар аударуы керек:

"Күзет қызметі туралы" Заңның 5-бабына сәйкес ҚР аумағында шет мемлекеттердің күзет ұйымдарының қызметіне тыйым салынады;

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 5 - бабының 2-тармағына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға заңды тұлғаларға- Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне немесе Қазақстан Республикасының аумағында бұл салада қызметін жүзеге асыратындарға оның акцияларының (үлестерінің, пайларының) 20% - дан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға, билік етуге және (немесе) басқаруға тыйым салынады;

Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жиынтығында дауыс беретін акциялардың 49% - дан астамын, сонымен қатар байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген ҚР Үкіметінің оң шешімінсіз және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісімінсіз телекоммуникация саласында қызметін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде жүзеге асыратын, байланыстың жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) желілерін иеленетін заңды тұлғаның үлестерін (пайларын қоса алғанда) тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға, билік етуге және (немесе) басқаруға тыйым салынады.

 

Бизнес-иммиграция

Қазақстанда бизнесті заңды түрде бизнес-иммиграция арқылы жүргізуге болады. Ол үшін шетелдік азаматтар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін елге келуі керек. Еңбек қызметімен шатастырмау керек!

Бұл жағдайда жеке тұлға 5 С арнайы бизнес визасын алуы керек. Шетелдік заңды тұлғаларға бұл талап етілмейді. Тағы бір міндетті талап: компанияны 2 ай ішінде тіркеу және жарғылық капиталды қалыптастыру үшін соманы енгізу қажет.

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза (С3, С4, С5, С6) ҚР-на келген немесе еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР-да жүрген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, ҚР-да жүрген немесе ҚР-да жүрген адамдарға, иммигранттарға, маусымдық шетелдік қызметкерлерге экономиканың, бизнестің басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін беріледі.
ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес бизнес-иммигрант визасының болуы туралы талап шетелдіктерге - Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения азаматтарына қолданылмайды.
 

Сондай-ақ, бизнес-иммигрант шетелдік жұмысшыларды тартатын жұмыс беруші емес екенін ұмытпаңыз. Соңғысына С 3 визасын алу керек. Салық салуда да айырмашылықтар бар. Шетелдік жеке тұлғалар мемлекетке ЖТС, әлеуметтік салық, МЗЖ, ӘА және МӘМС аударымдарын және (немесе) жарналарын төлеуі қажет.

Маңызды ескертпе! Заңды тұлғаның табысына салық салу шетелдік жеке тұлғаның құрылтайшысына байланысты емес. Себебі, құрылтайшысы шетелдік жеке тұлға ҚР резиденті, яғни заңды тұлғасы болып танылады.

Қазақстанда филиал немесе өкілдікті тіркейтін бейрезидент заңды тұлғаларға арналған ақпарат

Бейрезидент заңды тұлға ретінде тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына  салықтық өтініш беріледі.

  • Бейрезидент заңды тұлғаны тіркеу үшін нотариус арқылы куәландырылған құжаттардың негізгі жиынтығын ұсыну қажет:
  • Құрылтай құжаттарының көшірмелері;
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірі (немесе оның баламасы) көрсететілген бейрезиденттің инкорпорация елінде мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттар;
  • Салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның баламасы) көрсетілген, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар, бейрезиденттің инкорпорация елінде салық органында тіркелгенін растайтын құжаттар (егер мұндай құжаттар болған жағдайда).

Салық төлеуші ретінде бейрезиденттерді тіркеу салық органына жүктеледі. Олар тіркеу куәлігін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде берулері қажет.

Бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерін қандай цифрлық қызметтер көмектесе алады:

Ismet.kz сайтында үздік қызметтерден басқа  сіздің бизнес-процестеріңізді жеңілдетуге және автоматтандыруға арналған көптеген IT-шешімдер бар. Сізге және сіздің бизнесіңізге ең қолайлысын таңдау үшін сілтемеге өтіңіз. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін