Cалық төлеушілердің тарапынан жиі бұзушылықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4548
0 пікірлер

Камералдық бақылау және салық төлеушілердің жиі жол беретін бұзушылықтары туралы

 

Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау болып табылады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде салық төлеушілер тарапынан жиі жол беретін бұзушылықтар туралы айтып берді.

«Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады.

Алайда, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі, соның салдарынан камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі», - деп атап өтті МКК-де.

Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге келесі сипаттағы қателер жатады.

Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:

  • шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;
  • тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;
  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді;

Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:

  • жеткізушілер бойынша таратып жазуда қате жіберу;
  • декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;
  • нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу;
  • бірдей декларациялардың қос бағыты;
  • өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).

Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:

  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;
  • қате сомалармен чектерді басу;
  • чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.

«Осылайша, сіздің мекенжайыңызға жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады», - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге өздерінің салық міндеттемелерін декларациялау кезінде мұқият болуға кеңес берді.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін