2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан еліміздің резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың шетелдік активтері туралы ақпаратты алуда. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылуы шеңберінде резиденттердің қаржылық шоттары және қатысушы елдердің еларалық есептілігі туралы ақпаратпен автоматты түрде алмасуды іске асыру басталды.
Ақпарат алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасына 62 қатысушы елдің қаржылық шотындағы активтерге байланысты туындайтын шоттардағы қаражат қалдықтары, пайыздар, дивидендтер және басқа да кірістер сомасы туралы ақпарат ұсынылады.
Сондай-ақ, 91 қатысушы елдің трансұлттық компанияларының қатысушылары тіркелген салық юрисдикциялары арасында кірісттерді, пайданы, төленген салықтарды жаһандық бөлу туралы жиынтық деректер және экономикалық қызмет туралы мәліметтер ұсынылатын болады.
Ақпарат алмасу шеңберінде Конвенцияға қатысушы елдермен ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық стандарттарға сай болуына және салық органдарының халықаралық деңгейде салық салудан қашу және жалтару мақсатында құрылған салық схемаларының жолын кесу бойынша күресінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасымен алмасу жүзеге асырылатын елдер туралы ақпарат Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми сайтында орналастырылған. Толық ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:
1) https://oecd.org/tax/automatic-exchange/international-framework-for-the-crs/exchange-relationships/;
2) https://oecd.org/tax/automatic-exchange/country-by-country-exchange-relationships.htm.