Табысты бизнес-үлгі - істі сәтті бастаудың дұрыс формуласы

__________________________
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
4726
0 комментариев

Табысты бизнес-үлгі - істі сәтті бастаудың дұрыс формуласы


FIT SERVICE брендінің және Александр мен Жаннаның бизнес-дуэтінің тарихы

Ерлі - зайыптылар жақында Петропавлда автокөлік иелерінің сүйікті орнына айналған, Ресей мен Қазақстанның бірқатар қалаларында танымал  болған "FIT SERVICE" брендімен көлік жөндеу бекетін ашты. Кәсіпкер өз тәжірибесінде франшиза бизнесте жұмыс істейтініне көз жеткізді, өйткені табысты бизнес-үлгі — істі сәтті бастаудың дұрыс формуласы. Бұл автокөлік қызметі әрқашан бір-бірін қолдауға дайын отбасылық бизнес болып табылады. Александр мен Жанна бір-бірін керемет толықтырады және бизнесте бір-біріне иін тіресе жұмыс істейді. Александр - идеялық шабыттандырушы немесе "компанияның ақыл-ойы". Ол өзі тәжірибелі инженер, автосервистің қыр — сырын жақсы біледі, ал Жанна болса олардың тату ұжымын позитивті түрде қуаттай алатын нағыз шығыс дипломаты. Жанна ерінің шеберлігін мақтан тұтады, өйткені ол автокөлік қызметінің барлық техникалық құрамдас бөлігін басқарады, сондықтан ұйымдастырушылық мәселелерді өзі шешуге тырысады. Осылайша компанияның Петропавл Автосервис нарығында өз орнын тапты. Барлығы ортақ іске барынша пайда әкелетін бағытта жұмыс істейді, өйткені олардың барлық іс–әрекеттері осы нарықта маңдай алды болу сияқты ортақ мақсатты іске асыруға бағытталған.

Мен олардың клиенттерінің қуанышты пікірлерінің дұрыстығына көз жеткізгім келді. Петропавлдағы "FIT SERVICE" автобекетіне тез жетуге болады, ол қаланың дәл орталығында мына мекенжай бойынша орналасқан: Евней Букетов көшесі, 54/б. Алыстан мені автобекеттің орасан зор ауқымы таң қалдырды. Сүреңсіз, бұлыңғыр қыстың  аясында ашық-қызғылт-сұр түстер көздің жауын алардай. Басқа бизнес объектілер арасында ТККО ерекше көрінеді екен. Шынымды айтсам, мен мұнда "ұрыспен барлау" өткізуге келгем едім, жарты күнімді автокөлік қызметінде өткізу менің жоспарыма кірмедім. Өзім көлік жүргізетіндіктен және осы саладан кішкене хабарым болғандықтан аттың басын осы жерге бұрдым.

Жол көрсеткіштер арқылы мен тез арада іздеген жерімді тауып алдым. Бұл жерде бірден қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрдім. Мұндай сапалы қызметке  етіміз үйренбегені рас. Сондықтан болар, кішкене абыржып қалдым. Олар мені өте жақсы қарсы алды, автокөлік операторы менің көлігімді өзі айдап,кіргізді. Тіпті салонды ластамау үшін аяқ жағына полиэтиленді төстеді. Маған күту бөлмесінде күте тұруды, кофе ішуді, теледидар көруді ұсынғанда, мен мүлдем таң қалып, сасып қалдым. Жуылған көлігім судай жаңа боп, жылтырай кетті. Содан кейін майды ауыстырып берді. Мен көптен іздеген көліктің қосалқы бөлшегіне тапсырыс беріп үлгердім, жеткізу уақытын белгілеп қойдым. Жалпы, көп уақытым болмады, автокөлік қызметінің мейірімді қызметкерлеріне алғыс айтып, кетіп қалдым. Клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын ерекше атап өтекім келеді: жаттыққан, жөнге салынған, жылдам, сауатты, бұл ретте қызметкерлердің әрбір клиентке күлімсіреуі  — міндетті атрибут. Мен автосервис аумағында "FIT SERVICE" брендінің түсіне сәйкес формалы киімсіз бірде-бір қызметкерді көрмедім. Барлығы өте лайықты деңгейде. Маған сеніңіз, салыстыруға болатын нысандар бар. Жұмыс бойынша қаламыздың сыртына жиі шығамын. Өзім қыңыр адам болсам да бір мін таппадым. Клиенттерге арналған күту бөлмесінде үш ер адам отырды, олар жылынып, әңгіме-дүкен құрып, жағымды әсерлерімен бөлісті. Кофе ішіп отырған елу жастағы ер адам: "Бұл өзі қалай, мұнда диагностиканы тегін жасайды екен! Керемет! Енді мен тек осы жерде ғана қызмет аламын. Осыдан артық қызмет көрсету орталығын көрмедім!" - деп таңдайын қақты. Қарсы отырған жас жігіт те оны қолдай жөнелді: "Мен қанша автокөлік бекеттерінің қызметін көрдім, бірақ клиентпен келісімшарт жасасуды бірінші рет көріп тұрмын. Мұндай бізде ешқашан болған емес. Жарайсыңдар! Бәрекелді!».

Бұрышта отырған шаршаған жүргізуші маған қарап: "Мен бұл жерде бірінші рет емеспін. Жақында диагностикаға осында келгенмін, кеше көлікті айдап әкелдім, моторы нашар жұмыс істеуде. Ал қазір көлігім жөндеуден шықты. Қазір көптеген көлік жөндейтін шеберлер бар, бірақ бұл салада шынымен сауатты адамдарды табу қиын. Ал мұнда хас шеберлерді таба аласыз. Мен өз жұмысымдағыларға осында келіңдер деп кеңес бердім. Бұдан жақсы мамандар таба алмайды бәрібір. Мен де кезінде керекті маманды көп іздеген болатынмын", - деп сөзін қайырды. Мен бос уақытымда осында келіп, көлігімді жөндетемін деп жоспарладым. Көлігімнің ақаулығын жөндеуді ешкімге сеніп тапсыра алмай жүр едім. Енді іздегенім аяқ астынан табылғанына қуанып кеттім. 

Бұл қаншалықты қарабайыр сөз сияқты естілсе де, сауатты диагностика жасау және кәсіби жөндеу — бұл темір тұлпардың денсаулығының кілті. Кейде біз кішкентай ақауларға көзімізді жұмамыз, кейінірек олар  темір тұлпарды құртып жібереді. Мысалы, салқындату жүйелеріндегі ағып кеткен сұйықтық ішкі жану қозғалтқышының қызып кетуіне әкеп соғады. Уақыт өте келе осының салдарынан қозғалтқыш қарысып қалуы мүмкін. Рөлдік басқару қауіпсіздікке тікелей байланысты, сондықтан қажет болған жағдайда оны уақытылы  диагностикалау және төжегіш төрткілдешін ауыстыру өте маңызды.

Автокөлік иесіне және оның жолаушыларына қауіпсіздік сезімін ұялатады — өйткені ол, кем дегенде, темірден жасалған. Бірақ уақыт өте темірді де тот басады. Мезгілінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырса, жақсы болар еді. Өйткені көлік жүргізушісі тек өз өмірі және жолаушыларының өмірі үшін ғана емес, сонымен қатар көшеде келе жатқан немесе басқа көлікте отырған адамдардың өміріне жауапты. Осыны әрқайсымыз есте сақтауымыз жөн.

 

Құрметпен, Валерий Шегай, автокөлік қызметтері бойынша тәуелсіз сарапшы 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін