Жетістікке жету жолы: «Veles Distribution» ЖШС

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4759
0 пікірлер

Жетістікке жету жолы: «Veles Distribution» ЖШС


"VELES DISTRIBUTION" ЖШС Қазақстан нарығында шамамен 6 жыл жұмыс істеуде. 2022 жыл қарсаңында компания "Қазақтелеком" АҚ-ның "Бизнес-апгрейд"акциясының жеңімпазы атанды.

Тараз нарығында пайда болған компания жоғары стандартты қойма үй-жайларын, қуатты өнеркәсіптік тоңазытқыш қондырғыларын, тіпті теміржол тұйығын жалға беретін өзінің брендтелген автопаркі бар индустрияның ең жарқын өкілі болды.

Біз "VELES DISTRIBUTION" ЖШС директоры — Вячеслав Геннадьевич Ковригиннен оның бизнесінің ішкі процестері туралы әңгімелестік.

 

 

Қоймалар жайлы

Біздің қоймалар туралы бөлек айтқым келеді. Бүгінгі таңда Тараз қаласында біздің бірегей температуралық және көпфункционалды кешендері бар алдыңғы қатарлы ауқымды қойма алаңдарымыз бар. Біздің үй-жайларымызда барлық инфрақұрылым жүргізілген: коммуникациялар, барлық қажетті өндіруші қуаттар, су тарту жүйесі, сарқынды суларды кәріздеу құрылғысы, жол инфрақұрылымы. Бұл тасымалдау кезінде кез келген міндеттерді іске асыруға, яғни тауарларды жақсылап сақтаудан бастап соңғы нүктеге дейін жеткізу сияқты толық циклды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің бизнесіміз ерекше, мысалы, сүт өнімдерін сақтау үшін +2 — ден +5 градусқа дейінгі температура, ет, балмұздақ үшін одан да төмен температура қажет. Қыста әйтеуір қорықпайсың, ал көктем-жаз айларында тоңазытқыш жабдықтарының жұмысы едәуір артады. Сондықтан бәріне дайын болу және клиенттерді ауыр жағдайға ұшыратпау үшін ұзақ уақыт сақтаудың барлық нұсқаларын алдын-ала ойластыру керек. Біздің компания осы жұмыстардың барлығын тиянақты түрде орындайды.

 

Іскерлік орынды қалай алуға болады

Ғимаратты жаңа технологиялар бойынша салу - шығыны көп жұмыс. Шынын айту керек, іске шындап кірісетін бизнес өкілдері аз, өйткені мұның бәріне қазіргі уақытта көп уақыт кетеді және қыруар ақша жұмсалады. Осы іскерлік орынды игеретіндердің нарықта ұсынатын шарттары қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес келуі керек. "VELES DISTRIBUTION" ЖШС барлық шарттарға сәйкес келуге тырысады деу асыра айтпағандық болар.

Біз тек қоймаларды ғана емес, сонымен қатар кеңсе қызметкерлерінің қалауын толықтай қанағаттандыратын, іс жүзінде пайдалануға дайын заманауи кеңсе, үй-жайларын ұсынамыз. Одан да басқа жұмысымыз аз емес. 

Жаңа бағыттарды игеру туралы 

Нарықтың даму қарқыны бизнесті қайта қарауға белгілі бір серпін береді. Бір жерде тоқтап қалмай, өзгеру керек. Егер сіз өзгермесеңіз, бизнесіңіз ұзақ уақыт бойы сәтті бола алмайды. Компания бизнесті әртараптандыру бойынша шешім қабылдады және басқа бағыттарды да игере бастады. Біз Грециядан шыққан "EXTRA VIRGIN Olive Oil" зәйтүн майының ресми жеткізушісі болдық. Майды Крит грек аралынан арнайы ыдыстарда (еурокубтарда) тікелей әкелеміз. Біздің цехта "GEO Krit 'S" жеке сауда маркасымен әртүрлі ыңғайлы шыны ыдыстарға майды құйамыз. Осылайша алыстағы Грециядан біздің дүкендер мен базарларда шыны ыдыстағы зәйтүн майлары сөрелерге келеді. Өнімнің сапасы мінсіз, елімізді грек майын ұнататындар аз емес. Компанияның бизнес-идеяларын жүзеге асырудың нәтижесі бүгінде біз Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аумағында "Кублей", "Махеевъ", "Доширак", "Союзпищепром"сияқты танымал ресейлік және отандық сауда маркаларының ресми дистрибьюторлары болып табыламыз. 

Келіссөз жүргізу өнері 

Біздің компаниямыздың жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі іскерлік серіктестік арналарын құру болып табылады. Қызметіміздің барлық кезеңінде біз бірде-бір серіктестік келісімді бұзған жоқпыз, өйткені бизнесте келіссөздер жүргізу — бұл да өнер. Мен басшы ретінде қызметкерлерімнің сөз байласу өнерін лайықты деңгейде игергеніне қуаныштымын. «Ақылды адамдар әрқашан келіссөзге келе алады» - деп әрқашан  айтып отырамын. Бұл жаңа мақсаттарға жетуге итермелейді. Мен өзім де сондаймын, өйткені пікірлестер тобын басқарып, берілген деңгейге өзің жету алмай жатсаң, әбестік болар. Қазір біз клиенттермен ұзақ мерзімді жалдау келісімшарттары бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз үй-жайларды ірі азық-түлік желілеріне, желілік қоғамдық тамақтану орындарына және нарық конъюнктурасының өзгеруіне сезімтал әр түрлі кәсіпкерлік бизнес субъектілеріне жалға береміз.

 

 

Қазақтелеком " АҚ-мен ынтымақтастық туралы

Кәсіпкерліктің белсенді өсу кезеңінде біздің аймақтағы қызмет саласы логистикалық жүйелердің маңызды элементтерінің біріне айналды, сондықтан біз өз міндеттемелерімізге жауапкершілікпен қарауға және жылдар бойы қалыптасқан компания имиджін сақтауға тырысамыз. Біз "Қазақтелеком" АҚ өз клиенттеріне, бизнес серіктестеріне аса құрметпен және ықыласпен қарайтынын өзіміз сезіндік.

Мен өз тарапымнан "Қазақтелеком" АҚ-на осындай акциясы үшін алғыс айтамын. Бизнесті ынталандыру керек. Оператордың мұны түсінгеніне және бізді тосыннан таң қалдыруға мүмкіндік тапқанына өте қуаныштымын. Осы сәтті пайдалана отырып, сіз өзіңіздің әлеуетті бизнес серіктестеріңізге, дилерлерге хабарласып, бірге жұмыс істеуге шақыра аласыз. Біз өзара тиімді шарттарда ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды құруға әрқашан ашықпыз.

Бизнес-ынтымақтастық мәселелері бойынша мында хабарласуға болады:

  • WhatsApp +7-707-781-36-85 
  • Сайт (жалға алу, азық-түлік): veles-2015.kz
  • Сайт (зәйтүн майы):  www.geokrits.com 
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін