Бала кездегі әуестік бизнеске қалай айналады

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4737
0 пікірлер

Бала кездегі әуестік бизнеске қалай айналады


Кәсіпкер әйел Әсем Шакенованың жетістікке жету жолы.

Әсемнің бизнесінің құрылуы - балалық шағындағы әуестігі тек хоббиі ғана емес, сонымен қатар кәсіпке айналған жағдай. Сондықтан Әсем өзі жайлы былай дейді:

«Мен өте бақыттымын, қолымнан бәрі келеді және жолым әрдайым ашық»

Әрине солай. Әсем "Қазақтелеком" АҚ-ның "Бизнес-апгрейд" акциясының жеңімпазы атанды.

 

Өз кәсібін қалай тапқаны жайлы

Егер істеген ісің сені бақытқа кенелтсін десең, балалық әуестігіңді бизнеске айналдыр. Мен солай деп шештім. Алдымен менің көңілімнен шығатын істі таңдауым керек болды. Туыстарыма және достарыма мерекелік іс-шараларын гелий шарларымен безендіріп бере  алатынымды балаға тән еркіндікпен, қысылып-қымтырылмай жарияладым. Менің айналамдағылар мұндай ұсынысымды қуана-қуана құптады. Тапсырыс бере бастады. Жақындарымның әрбір өтінішіне құлақ түйіп, көңіл бөлуге тырыстым. Бәрі ойдағыдай болды және олардың ризашылығына бөлендім.

Мен бәріне тегін қызмет көрсеттім. Жақындарымды қуантқым келді, сонымен қатар қолымды жаттықтырып алайын дедім. Өз қатемді өзім көріп үйренейін деп шештім. Мен әрдайым дизайнмен айналысқым келді, өйткені ойын-сауық жанрындағы бизнестің мақсаты - адамдарға қуаныш, бақыт сыйлау, олар үшін мейрамды сиқыр дүиенінің жарқын ұмытылмас мерекесіне айналдыру. Мұндай эмоцияларды гелий шарларының көмегімен қол жеткізуге болады. 

 

Неліктен осы саланы таңдадыңыз?

Гелий шарларының көмегімен ерекше ертегі елін сыйлауға болады. Әр мерекенің сәнін келтіріп, ұмытылмас ғажап әлемге саяхат жасауға шақырады. Гелий шарларымен кез келген жанұялық мерекені безендіруге болады: үйлену тойы, туған күн мерекесі, мерейтой, шілдехана, корпоративтік мереке, кеңсенің ашылуы. Шарлар қарапайым бөлмені көз тоймас сәнді залға айналдырады, барлық қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлайды, өткенді аңсатып, бізді балалық шаққа қайтарады. Шарлар күнделікті күйбелең өмірімізді түрлі түстермен толықтырады, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қазіргі таңда алауан түсті шарлардың көптеген түрлері бар. Әсіресе осыған мен қуанамын, өйткені бұл мерекені жеке стильде безендіруге, балалар үшін тақырыптық кешке арналған мультфильм кейіпкерлері бейнеленген шарларға, жазулары мен тілектері бар шарларға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұрын бала кезімізді дүкенде бірнеше түсті дөңгелек шарлар ғана болған еді, бүгінде шарлар әлемі орасан зор. Үй-жайларды әртүрлі қылып безендіруге үлкен мүмкіндіктер береді. Шарлар бұрын да, қазір де, болашақта да әрқашан сұранысқа ие болатын зат, өйткені олар кез келген мерекеге тамаша рең беріп, үлкен әсер қалдыратыны анық. Қазіргі кездегі сыйлықтардың алуандылығы шарларды теңдессіз етеді.

 

 

Өзіңе деген нық сенім бизнестің жаңа мүмкіндіктерін қалай аша алады?

Мен жеке кәсібімді ашу туралы ойланып, іске шындап кірісу туралы шешім қабылдадым. Бірақ пандемия басталып, жоспарым астан-кестен болды. Мерекелер болған жоқ. Барлығы үйде отырды. Мен мұндай бизнесті сол кезде ашу әлі ерте және уақыты келемгенін жақсы түсіндім. Енді не әрекет жасасам болады деген ойға шомып, өзімді іздеумен болдым. Бірақ мұңға батпадым, өйткені мен бақыттымын ғой.  Демек, бәрі ойдағыдай болады. Табиғи оптимизм еңсемді түсірмеді. 

Көңілім басқа салаға ауды. Сұлулық индустриясын меңгеруді ұйғардым және өз мүмкіндіктерімді бағалап, бьюти-бизнес дағдарыстан аса қорықпайтын, келешегі бар бағыт екенін түсіндім. Мен университетте маркетинг негіздерін оқыдым, сондықтан өзімде аса қорқыныш сезімі болмады. Алдымен туыстарыма интернет-сайттардан косметиканы дұрыс іздеуге және тапсырыс беруге көмектестім, содан кейін достарым мен таныстарыма арнап тауарларға тапсырыс бере бастадым. Мен болашақта лайықты ақша табудың және тағы бір істі жүзеге асырудың керемет мүмкіндігіне ие болдым. 

 

Кейіпкердің тәсілінің құпиясы неде

Іздену қажет, еш тыным таппай, жатпай! Сонда ғана ой өрісің толып, алдыңнан жаңа көкжиектер ашылары хақ. Бәрі ойдағыдай болады. Тек тоқтап қалмау қажет.

Өткенге шексіз нық сеніммен көз салсам, клиенттермен жұмыс жасау саласындағы бір ақиқатты түсіндім - бәрі күлімсіреуден басталады. Жүзімізден күлкі кетпесін!

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін