Кофеге деген сүйіспеншілік өз бизнесіңізді ашуға қалай шабыт бере алады

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4758
0 пікірлер

Кофеге деген сүйіспеншілік өз бизнесіңізді ашуға қалай шабыт бере алады


Қазақтелеком "АҚ"Бизнес-апгрейд" акциясы жеңімпазының жетістікке жету жолы

ІТ-маман және жас кәсіпкер Роман Шевнин бүгінде бизнестегі өз жетістігінің құпиясымен, дәлірек айтқанда, кофеге деген сүйіспеншіліктің оны бизнеске қалай әкелгені туралы бөліседі. Роман-кәсіпкерлердің жаңа буынының жарқын өкілі, олар ісін жетік меңгерген, үнемі кеңейіп, өз бизнесін дәстүрлі форматта да, интернет кеңістігінде де ілгерілетіп келеді.

Алматылықтарға танымал "Coffeemag" дүкендер желісі сапалы кофе, хош иісті шай және басқа да ілеспе тауарларды бағалаушылардың көңілін баурап алды. Компанияның  "Coffeemag.kz" интернет-дүкені де елге танымал. Кез келген тауарды дүкеннен тікелей үйге жеткізе алады. Бұл уақыттың тренді, сатып алушылар үшін максималды ыңғайлы, уақытты, ақшаны және күшті үнемдеу. Сондықтан бүгінде интернет-дүкендердің қызметін пайдаланатын адамдар саны көбеюде. Дүкендегі тауарлар ассортиментін Роман бес саусағындай біледі. Оған таңғалудың қажеті жоқ, өйткені ол көп саяхат жасайды, кофе, шай қалай өсірілетінін, элиталық сорттарын жинау үшін қанша қол еңбегі қолданылатынын, олардың қалай дайындатынын, бөлшектеу, буып-түю кезеңдері жайлы бәрін біледі.

 

Дүкенді ашу идеясы қалай келді

Миллиондаған отбасылардағыдай, менің атқан таңым әрқашан хош иісті кофеден басталады және кофенің сиқырылы жұпар иісі бүкіл пәтерді алады. Кофе, шай - бүкіл әлемде жақсы көретін ең танымал сусындар. Мен де тарихы терең кофеге деген махаббатым ерекше. Кофе қарама-қайшыл және өзіне тән ерекшелігі бар: ащы, бірақ тәтті; қуат береді, бірақ демалуға да мүмкіндік береді; шығыс дәмі бар, бірақ сонымен бірге космополит; арман қуғандар мен эстетиктердің сусыны, сонымен қатар белсенді және жігерлі адамдардың да құрметтейдтін сусыны. Күн сайын адамдар кофені әртүрлі себептермен таңдайды, бірақ соған қарамастан, бұл сусын ұзақ уақыт бойы біздің өміріміздің бір бөлігіне айналғанын және оған берік орныққанын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан мен миллиондаған адамның сүйікті сусынын сататын алғашқы дүкен ашу идеясын қисынды деп атайтын едім. Армандаған дүкенімді ашпас бұрын білімімді жетілдірідім, ІТ-маман болып та үлгердім. Айтпақшы, қазір бұл негізгі білімім маған бизнесті жүргізуге көп көмектеседі. Негізінде менің эволюциямның барлық кезеңдері бүгінгі күні аяғыма нық тұруыма үлес қосты десем артық айтқан емес. Мен өзімді ержүрек адаммын деп санаймын. Бірде, демалыстан кейін мен өзіме: "міне, уақыт келді!" дедім. Бұрынғы жұмысымнан қанағат алмадым, масаттана алмадым. Бұл түсінікті, өйткені бұрын мен біреудің қоластында жұмыс істедім, ал қазір мен өзім үшін жұмыс істеймін. Өз өзіме режиссермін. Алдымен мен бірінші дүкенді, содан кейін екіншісін аштым, бүгін бізде "Coffeemag" дүкендер желісі бар. 

 

Қызметкерлер туралы

Қызметкерлеріммен мақтанамын. Бұл еңбек ұжымы ғана емес, емеурінінен түсіне қоятын нағыз пікірлестер тобы. Сәттілік бірден келмейді, бірақ егер сіз өзіңізді аямай, жаныңызды салып жұмыс жасасаңыз, баяуламай, кем дегенде бір қадам, жарты қадаммен алға қарай жүрсеңіз — бұл өз нәтижесін береді. Ал ең бастысы  кәсібіңді шын жүректен сүю, ісіңе қамқорлық жасау, нарықтағы түрлі қиыншылықтардан қорғау қажет. Сонда бәрі ойдағыдай болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін