Олар ойлап тапқан қосымшадан бас тарту мүмкін емес

Данияр Куантканов
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
5073
0 пікірлер

Елімізде қазақ тілінің ахуалы, оның дамуы, қоғамда таралуы енжарылықтың салдарынан ұзын арқан, кең тұсауға салынып отырғанын мойындауға тура келеді.  

TilBil негізін қалаушы Нұрлан Жанай мен бизнес-жаттықтырушы Дәурен Көбеевтің өмірлік тәжірибесі қызықты үрдісті айқындады және осы екі кәсіпкерге өз тумаларының  қазақ тілді аудиторияға бейімделуіне көмектесті. Сонымен қатар, осы аудиторияның назын тыңдап, оның сұранысына сапалы ұсыныс жасады. 

Бүгін Дәурен Көбеевпен сұхбаттасамыз.

 

TilBil идеясы қайдан пайда болды?

Осыдан бір жыл бұрын мен бірнеше іскерлік кездесулер өткізген болатынмын. Сол кезде менің клиенттерімнің бірі TilBil негізін қалаушы Нұрлан Жанай болып шықты. Оның тумасы (қосымшасы) нарықта бес жыл жұмыс істеп келе жатқан онлайн-мектеп еді. Мен бұл бизнесті талдауға кірісіп кеттім. Нарықтың әлеуетін түсініп, осы жобаға серіктес ретінде кірдім. Жобаны адымен білім беру жүйесінде қолдандық. Бізде марткетинг, сату бөлімі, оқытушылар, бейнематериалдар қоры, тест тапсырмалары болды. Содан кейін TilBil платформасы пайда болды. Бұл онлайн-мектептің білім беру платформасына айналып, дамыған түрі. Біз клиенттерге 5 тілді үйретуге тырыстық, соның ішінде қазақ тіліне көп көңіл бөлдік. Алдымен оқу WhatsApp желісі, Телеграм арқылы өтті. Сосын бөгде ресейлік платформа аймағында боды. Менің көмегіммен кейін ол толыққанды ақпараттық IT платформаға айналды.

Ең бірінші кезекте біз қазақтарға арналған қазақ тілі курстарын аштық.  Ана тілінде сөйлей алатындар грамматикаға келгенде ақсайды. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды ажырата аламайды. Ауызекі сөйлесе де, жазбаға келгенде көп қателіктер жасайды. Бар болғаны 10 сабақ болса да, оған деген сұраныс көп. Пайдаланушылардың білімін жетілдіріп, шынымен де грамматиканы нығайтуға көмектеседі.

Басында серіктесім Нурлан екеуіміздің бизнесіміз тек ағылшын тілін үйрету курстары болған еді. Одан кейін клиенттер орыс, түрік, кәріс тілдеріне деген қызығушылық танытты. Түркияға, Кореяға табыс таубуға еліміздің азаматтары лег-легімен кете бастады. Солардың ішінде орыс тілін білмесе де, кәріс тілін үйреніп алған қазақтар көп болды. Біздің өнім қазақтілді аудиторияға арналғанын тағы да атап өткім келеді, өйткені соңғы жылдары аудитория көлемі ұлғайды және ақпаратты тек қазақ тілінде ғана емес, басқа тілдер арқылы да тұтынғысы келеді. Айта кетсек, 5 жыл ішінде 40000 адам білім алды.

Табыс көзін қайдан табасыз?

Бұл платформа үшін тамаша модель – бұл жазылым. Айына 2590 тенге төлей отырып, А1, А2, В1, В2 деңгейлеріндегі 5 тілге қолжетімді боласыз.

Бұл өнімде TilBil платформасынан басқа «Курстар» деген екінші бөлім бар. Олар қазірдің өзінде тілдерді ғана емес, soft skills дағдыларын дамытуға бағытталған. Ал болашақта бұл өнім қатынастың, шығармашылықтың, креативті ойлаудың, эмоционалды ойлаудың дамуына ықпал етеді.  Орта мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру тақырыбы да бізді қызықтырады. Тіл үйреніп жатқандардың ең жасы - 12 жастағы бозбалалар мен бойжеткендер. Кез-келген адам білім алудың не екенін түсіну қажет, ал ең маңыздысы - оқуға деген тауда талабы болу керек. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қазіргі 12 жасар балалардың бойында мұндай қасиеттер баршылық. Ойы жетіліп, кемеліне толған шақ. Болашақта жас бүлдіршіндерге арналған курстар ашуды да жобалап отырмыз.

Келешекте TilBil дегеніміз не?

Қазіргі таңда TilBil тестілер мен бейне оқулықтар болса, көп ұзамай ол тіл үйрететін жаттығу құрылғысы болады. Сөздерді сәйкестендіру, сөздікті жаттау, мәтіннен сөз қалдыру, әріптерді жазу, қосу, дауыстап сөйлеу т.б.

Сондай-ақ, франшизаны сатпақ ойларыңыз бар ма?

Ия, жергілікті аймақтарда жігіттер команда жинап, біздің қызметімізді сатады. Франшиза облыстық аймақтарда, аудандарда жұмыс істейді, ал біз болсақ сол жерлерде маркетингпен айналысатын кеңселер ашуға тырысамыз. Әр өңірдің өзіне тән менталитеті, әдеттері бар екенін естен шығармауымыз қажет. Мысалы, оңтүстік өңірлерде теледидарда әлі күнге дейін жүгіртпе жолды жарнама кеңінен таралған. Сондықтан ол жерде жалпықазақстандық жарнама моделі жұмыс істемейді. Әрқайсысымен жеке жұмыс жасап, барлығын саусақпен көрсетіп, түсіндіру керек. Адамдар белгілі бір жерде кездескенді жақсы көреді: қарым-қатынасты нығайту, білім алмасу, қоғамда өз орнын табу үшін. Әрине, егер еліміздегі эпидемиологиялық жағдай осындай кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік берсе.

Қазақстаннан тыс басқа мемлекеттерге шығып, қызметтеріңізді кеңейту ойларыңызда бар ма?

Әрине, болашақта Орталық Азияда осы саланың көсбасшысы болуды мақсат етіп қойдық. Жақын арадағы жоспарымыз – көршілес Өзбекстан елі. Онда жасы 30-ға толмағандар арасында орыс тілін үйренудің қажеттілігі артуда.

Қай тілдерге көбірек сұраныс бар?

Шамамен 60% орыс тіліне, одан кейін ағылшын, сосын түрік және кәріс тіліне деген сұраныс бар.

Неліктен бірінші кезекте орыс тіліне деген сұраныс көп? Бұл адамдардың ең алдымен Ресейге кету ниетімен байланысты ма?

Осы тұжырымға сенімдімін деп айта алмаймын. Елімізде жақсы жұмыс тапқыңыз келсе, барлық салада орыс тілі қажет болады.

Кезінде орыс тілін білмесең адам болмайсың деген сенім болды. 1920-шы жылдары үлкен жетістікке жету үшін орыс тілін білуіңіз шарт еді,  60-шы жылдары орыс тілін білмесеңіз, жоғарғы оқу орнына түсе алмас едіңіз. Әрине, қазір жағдай өзгерді. Дегенмен, орыс тіліндегі ақпарат қазақшаға қарағанда көбірек. Білім бұлағымен сусындағыңыз келсе орыс тілінде сан алуан ақпаратқа қол жеткізе аласыз. Қажетті оқулықтар мен кітаптар да баршылық. Ағылшын тіліндегі ақпарат одан да көп деп ойлаймын. 

Шетелге кетіп жатқан азаматтарымыздың легі толастар емес. Сіздердің қызметтеріңіз осы адамдарға Қазақстаннан кетуге көмектесіп жатыр деген ой туындамады ма?

Қазақ тілін үйрететін көптеген компаниялар бар. Біз болсақ осы салада өз орнымызды таптық. Бұл мәселеге басқа жағынан да қарау керек. Біздің платформа арқылы қазақ тілді пайдаланушылар сауатын ашып, білімін жетілдіретінін естен шығармайық. Сұрағыңыз орынды емес деп ойлаймын. Ең алдымен, біз тілдерді үйретеміз. Егер ол адам бірнеше тілді меңгерсе, жаңа әлемді ашуға мүмкіндік алса, алған білімі басқа елдерге жетелейтін болса, оның жеке тұлғасының өсуіне көмектессе, оның несі жаман? Сондықтан, шетелге бет алғандарға байсалдылықпен қараймын. Мен қосымшамды сатып, қара бастың қамын ойлап жарнама жасайын дегендіктен емес, әрине. Шетелде жүрген отандастарымыз жақсы табыс табуда, өз туыстарына, жақындарына, достарына көмектесуде. Отбасыларын асырап, жағдайларын түзетіп отыр. Бізде көбінесе көпбалалы отбасылар ғой. Егерде біздің азаматтарымыз ақылды, білімді, озық ойлы болса, жақсы жұмыс тауып, лайықты нәпақасын алса, мен тек қуанамын, оларға қол ұшымды бергенімді мақтан тұтамын. Адамның ілгері дамуына тыйым салып, аяғын шалмау керек.

Өзіңді патриот санайсың ба?

Әрине. Жат жерде жүріп, үлкен жетістіктерге жеткен қандастарымыз туралы жағымды жаңалықтарды естігенде, төбем көкке жетеді. 20 жасар қазақстандық диджей Roses әнінің ремиксі үшін музыка әлеміндегі ең танымал «Грэмми» сыйлығын алған кезде, бүкіл отбасымызбен қуанышқа кенелдік. Осындай қара домалақ қазақ жігіттеріміз еліміздің даңқын асырып, абыройын асқақтатып жатыр. Жеке өз басым үшін балаларымның ана тілінде сөйлеуі маңызды, сондықтан шетелге кету ойымда жоқ. Тілдік орта қажет. «Елдің туы жығылмас – тілдің туы жығылмай»

1950 жылдан бері әлем картасынан 250 тіл жойылып кеткен екен. Сіздің ойыңызша, қазақ тілінің тағдыры қандай болмақ?

Елімізде қазақ тілі тиісті дәрежесінде қолданылатынына сенімдімін. ЮНЕСКО аясында шыққан «Жойылу қаупі төнген тілдердің қызыл кітабына» сәйкес, тілдің сақталып қалуы 9 факторға байланысты екен. Олардың ең маңыздысы – ана тілді келешек ұрпаққа жеткізіп, атадан балаға мұра етіп қалдыру. Осыған орай, тілге келесі статустар берілген:

  • Қауіп төнбеген тіл: тіл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, оның атадан балаға  берілуі үзілмейді (мұндай тілдер атласқа кірмейді);
  • Осалдау тіл: бұл тілде балалардың көпшілігі сөйлейді, бірақ оның таралуына бірнеше шектеуліктер бар (мысалы, ана тілінде тек үйде ғана  сөйлеседі);
  • Жойылып кету қаупі бар тіл: үйде балалар ана тілін төл тілі ретінде оқып, үйренбейді;
  • Әлсіз тіл: аға буын ана тілін біледі, оның ұрпағы тілді түсінсе де өзара сөйлеспейді және балаларына да үйретпейді;
  • Өте әлсіз тіл: ана тілін тек кәрі буын шала-шарпы ғана біледі және өмірде өте сирек қолданады;
  • Жойылып кеткен тіл: ана тілінде сөйлейтіндер жоқ (атласта 1950 жылдарға дейін жойылып кеткен тілдер ғана бар).

Сірә, тілдердің шекарасы біртіндеп шайылып кетіп, тіл кеңістігі біртұтас болуы мүмкін. Қазірдің өзінде байланыс, қарым-қатынас үшін ешқандай шек жоқ. Жалғыз шектеу – лингвистикалық тосқауыл және адам бойындағы жағымсыз сипат – жалқаулық.

Қазір жетістікке жеттім деп ойлайсыз ба?

Мен бұл туралы көп ойладым, Менің пайымдауымша, бұл тұжырымдаманың нақты материалдық өлшемі жоқ сияқты. Барлығы сенің ішкі жан дүниеңе байланысты. 18 жасымда былай армандаған болатынмын: «Мен IT саласында жұмыс істейтін боламын, он шақты жылдан кейін талай белестен асып, неге бір жетістікке ие болмасқа?»

Қазіргі таңда беделі биік компанияның топ-менеджері ретіндегі 5 жылдық іскерлік тәжірибем бар. Бұл кезеңнің аяқталуымен бірге менің жетістігім аяқталып қалды ма? Жоқ әрине. Біраз жерге келдім. Бұл менің қазір істеп жатқан жұмысыма арқау болды.

 

Сұхбатты жазып алған Данияр Қуантқанов.

Қазақ тіліне аударған Құралай Әшімова.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін