Сізге «жеңілдетілген» режимге көше алмайсыз!

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4514
0 пікірлер

алмайсыз! Қазақстанда салық салудың жеңілдетілген түрін кім қолдана алмайды


Қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесті жеңілдетілген салық салу режимінде жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл өте ыңғайлы, зейнетақы және әлеуметтік жарналардан бөлек табыстың 3 пайызын ғана мемлекетке аудару керек. Алайда, мұндай мүмкіндіктің өзідік шарттары мен ережелері бар екенін бәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ді барлығы бірдей қолдана бермейді. Бизнесті ашқан кезде абай болыңыз және Салық кодексін біле жүріңіз. Сондай-ақ Ismet.kz. сайтында жарияланған мақалаларды қадағалаңыз. Біз салықтар жайлы жиі жазамыз және сіз үшін барлық мәліметтерді түсіндіруге тырысамыз! 

Кім "жеңілдетілген" режимде бизнес жүргізе алмайды:

  • ЖШС-де салықтарды жеңілдетілген режимде төлеуді жүзеге асыратын 25% - дан астам үлесі бар кәсіпкер. Сондай-ақ егер сіз серіктестіктің (ЖК немесе ЖШС) құрылтайшысы, меншік иесі немесе жалғыз қатысушысы болсаңыз, сіз осы режимде тағы бір басқа бизнесіңізді аша алмайсыз; 
  • 30-дан астам қызметкері бар бизнес иесі; 
  • Жарты жыл ішінде ақша айналымы 24 038 АЕК-тен асатын кәсіпкер. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш шамамен 73 млн теңгеге тең.

Назар аударыңыз! Бұл тармақ ҚҚС төлейтіндерге ғана қатысты. Егер сіз осы салықты төлемейтін кәсіпкер болсаңыз, сіздің табысыңыз жылына 61 млн теңгеден аспайтынына көз жеткізіңіз, әйтпесе шектен асып кетуіңіз мүмкін және тағы 12% төлеуге тура келеді.

  • Агенттер. Бұл тізбеге турагенттер, экспедиторлар, осы ұйымдар арасындағы делдалдар, сақтандыру компанияларының иелері, бухгалтерлік, заңдық немесе аудиторлық қызметтер көрсететін кәсіпкерлер кіреді;
  • Басқа елді мекенде бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлер. Бұл жағдайда АСР қолдану үшін оны жеке ұйым ретінде тіркеуге тура келеді;
  • 2023 жылдан бастап коммерциялық жылжымайтын мүлкі бар адамдар бұдан былай жеңілдетілген режимде жұмыс істей алмайды.

Оңайлатылған тәртіппен салық салу шарттарына жатпайтын кәсіпкерліктің бұл санаттары қызметін жалпы белгіленген режимде ғана жүзеге асыра алады. Сақ болыңыз, салықты дұрыс төлеңіз! Кәсбіңіздің нәсібін көріңіз!  

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін