Дәрі-дәрмекті міндетті цифрлық таңбалау енгізілгеніне бір жыл: қазақстандықтар қандай дәрілерду жиі сатып алады
Таңбалау
23.07.2025, 10:17

Дәрі-дәрмекті міндетті цифрлық таңбалау енгізілгеніне бір жыл: қазақстандықтар қандай дәрілерду жиі сатып алады

2170 рет қаралды
Қазақстанда дәрі-дәрмекті міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінің енгізілуі мемлекетке ашық әрі тиімді бақылау тетігін ұсынды. Енді әрбір қаптаманың қозғалысын өндірістен сатылымға дейін қадағалауға болады. Бұл тұтынушылар үшін қауіпсіздікті арттырып, сонымен қатар азаматтар қандай дәрі-дәрмекті және қай уақытта жиі сатып алатынын көрсететін нақты деректерді талдауға мүмкіндік берді.

Таңбаланған дәрі-дәрмектің арасында ең көп сатылатыны – парацетамол. Бір жыл ішінде бұл дәрінің шамамен 3 миллион қаптамасы сатылған. Одан кейін сатылым көлемі бойынша натрий хлориді, этил спирті, ацетилсалицил қышқылы және Цитрамон П. Көшбасшылар қатарында.

 

Бір жылдың ішінде 417 миллион дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды, бұл нарықтың 60%-дан астамын құрайды. Оның ішінде 252 миллион қаптама – импорттық дәрілер, ал 165 миллион қаптама Қазақстанда өндірілген.

 

Tañba Бірыңғай таңбалау операторының жүйесі деректеріне сәйкес, дәрі-дәрмекке деген сұраныс апта ортасында жоғарылайды. Қазақстандықтар көбінесе дәрілерді сейсенбі және сәрсенбі күндері сатып алады. Апта соңына қарай сұраныс бәсеңдеп, жексенбіде ең төменгі шегіне жетеді. Жыл бойы жексенбі сатылымы ең төмен күн болып қала берді. Сосын цикл қайта басталады: дүйсенбіден бастап сұраныс артып, аптаның ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді.

 

Бір жыл ішінде еліміздің барлық өңірлерінде 107 миллион дәрілік зат сатылған. Таңбаланған препараттарының ең көбі 14,1 миллион қаптама Алматы қаласында сатылған. Екінші орында 9,2 млн қаптама сатылымымен Қарағанды облысы, үшінші – Шымкент (4,9 млн). Елордада осындай мерзімде 4,1 миллион препарат сатылған.

 

Айта кетсек, әрбір қаптамаға енгізілетін бірегей Data Matrix коды тауардың шығарылған жері мен түпнұсқалығына кепілдік беріп, жалған немесе контрафактілік өнімдердің нарыққа шығуына жол бермейді.

 

Қазіргі уақытта міндетті цифрлық таңбалау үш тауар тобына енгізілген: темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмек. Мотор майлары, сыра мен сыра өнімдері, зергерлік бұйымдар және жеңіл өнеркәсіп тауарлары бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Сонымен қатар, ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар), тұрмыстық химия тауарлары және газ баллондары бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

logo Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы
Сайтқа өту