Нағима Қайдарова, Kaidarova брендінің негізін қалаушы

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4515
0 пікірлер

Нағима Қайдарова, Kaidarova брендінің негізін қалаушы


«Уақыт өте маңыздылығы жойылып, ұмыт болатын нәрселер бар, дегенмен, есте сақтауға тұрарлық құндылықтарымыз да баршылық»



Бәрі неден басталды

Мен студент кезімде бренд құрған болатынмын. Сән индустриясы арқылы ойымда түйген нәрселерді іске асыруға тырысқым келді. Қазір брендім 7 жаста және жыл сайын өркендеп келеді. Ал онымен бірге мен де дамуды жалғастырудамын. Қазақи стилде өнім шығарып, халқымыздың мәдениетіне елдің назарын аудартудамын. Уақыт өте маңыздылығы жойылып, ұмыт болатын нәрселер бар, дегенмен, есте сақтауға тұрарлық құндылықтарымыз да баршылық.

 

Біз қазіргі заманғы трендтер мен құндылықтарға сәйкес келетін ұлттық нақыштағы  элементтері бар киім тігеміз. Біздің міндетіміз — шикізат пен сапалы фурнитураның болмауына қарамастан, еліміздің аумағында сапалы өнім жасау.

Ұлттық нақыштағы тауарларға сұраныс туралы

Бізге тапсырыс беретін әйелдер қазіргі уақыттағы сәнге байланып қалғандар емес. Керісінше, олар зияткерлік сәнге, ішкі мазмұнға көп көңіл бөледі. Талғамы биік клиенттеріміз баршылық.

Мен өз басым осы күнге дейін біздің клиенттік базамен жұмыс істеймін және тапсырыс берушілерден қандай да бір қызықты ұсыныстар түссе, соны саралап, қарап отырамын. Біздің өндірісте бірегей, ешкімде жоқ бұйымдар жасауға мүмкіндігіміз бар. Кейде өзіміз ешқашан ойлап таппайтын, көп көңіл бөлмейтін қызықты сұраныстар болып тұрады.

Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кеңес

Біреудің жұмысын көшіруді тоқтатыңыз, әсіресе сапасыз жұмыстың көшірмесін жасамаңыз! Бірегей, сирек кездесетін өнім жасауға дағдылануыңыз керек. Сондықтан үнемі жаңа нәрсені үйренуге тырысыңыз. Қазір көптеген керемет курстар бар! Бұл, әрине, таңертең оқитын аффирмация немесе тілекті орындайтын карта сияқты қарапайым дүние емес. Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң!

 

Керемет, стильді өнімдерді бірігіп жасайтын алаң құрайық. Бес саусағынан бал тамған шеберлер елін, жерін тастап, шетелге кетіп жатыр. Қайтып келмей-ақ қойыңдар! Ия, туған қаламызды өркендету үшін бізге әлі көп уақыт пен шыдамдылық қажет. Бірақ қолдан келгеніміздің бәрін жасауға тырысамыз. Бәрін ойдағыдай жасаған кезде елге қайтар жолды ұмытыңыздар.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін