Әсел Мектепбаева, JEZ брендінің негізін қалаушы

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4497
0 пікірлер

Әсел Мектепбаева, JEZ брендінің негізін қалаушы


"Біздің мәдениетіміз ұзақ жылдар бойы ұмыт қалып, қазір оны қайта жаңғыртатын кез келді"



Кәсіп туралы

Менің зергер мамандығы бойынша университетті тамамдап,  кәсібімді осы салада жалғастырдым. Әлден бастап мен өз брендімді ашатынымды білдім, бірақ ол қай кезде болатыны беймәлім еді.

Бірде достарым мені гараж сатылымына қатысуға шақырды. Мен екі күннің ішінде зергерлік бұйымдар тұжырымдамасын ойлап тауып, алғашқы шағын жинағымды жасадым және оны сол жерде ел назарына ұсындым. Әріптестерім,  сатып алушылар маған қолдау көрсетіп, ісімді әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік берді. 

Ұлттық нақыштағы тауарларға сұраныс туралы

JEZ тұжырымдамасы - біз ұлттық зергерлік бұйымдардыің мәнін жоғалтпай, заманауи киіммен үйлестіріп, оларды барынша минимализм мәнерінде жасаймыз.

Жалпы, қазір адамдар ұлттық нақыштағы дүниелерге қызығушылық танытуда. Мысалы, мен қандай қазақи ою-өрнектерді қалай, қайда қолдану керектігін,  олар қандай мағына білдіретінін,  қандай әшекейлер адамның жас санатына/мәртебесіне сәйкес келетінін жақсы білемін. Тіпті металдардың қасиеті, киелілігі, салттық сипаты туралы айтып бере аламын. Біздің мәдениетіміз ұзақ жылдар бойы ұмыт қалып, қазір оны қайта жаңғыртатын кез келді. 

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кеңес

Бизнес барысы - бұл оңай, әсіресе ЖК құру. Кейде салық төлеуде қиындықтар кездеседі. Осындай жағдай мені, әрине, қынжылтады. Десек те  "Атамекен" ҰКП  жас кәсіпкерлерге бухгалтерлер мен заңгерлерден тегін кеңес береді.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге айтарым - бизнесті бастамас бұрын құжаттама мен бюрократиядан хабарыңыз болу керек. Заңдарға жаңа түзетулер енгізіліп отырады, ай сайынғы төлемдер пайда болады. Барлық өзгерістерден хабардар болу қажет. Бұл, кем дегенде, сіздің өміріңізді жеңілдетеді.

Сондай-ақ, өз брендіңіздің тұжырымдамасын қарастырыңыз. Мысалы, сіздің қалаған клиентіңіз кім екенін, оның қажеттіліктері қандай екенін анықтаңыз және осы ережені әрқашан ұстаныңыз. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін