Мәлік Ғұзманов, киіз үй жасайтын шебер

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4569
0 пікірлер

Мәлік Ғұзманов, киіз үй жасайтын шебер


«Әлі күнге дейін ауылдарға немесе алыстағы жайлауға барсаңыз, самаладай тізілген киіз үйлерді көресіз. Ата-бабамыздан қалған мұрамыз тарихтың терең қойнауынан сыр шертеді. Бұл қазақ ұлтының белгі жүйесі»



Кәсіп туралы

Мен көп жылдан бері ұлттық киіз үй жасаумен айналысып келемін. Барлығы мені  "Мәлік аға"  немесе Мәлік Шаймарданұлы деп атайды. Бірақ мен барлық әлеуметтік желілерде немесе мақалаларда "Мәлік-Киіз үй" деген атым бекітілген. Тіпті ЖК де солай аталады. Бұл менің өмірлік кәсібім. Мен өмірде көп нәрсені көріп, ойға тоқыдым. Мамандығым бойынша мен тау-кен инженерімін, геологпын. Кеңес Одағы кезінде бүкіл КСРО елдерін аралап шықтым. Саха республикасында екі жыл тұрдым.

Бұл іспен бірден айналыса бастадым. Шамасы, жас ұлғайған сайын өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік арта бастайды. Қан жібермейді ғой. Ұлтыңның қайнар көзін тазалап, өзіңнің кім екеніңді, қайдан шыққаныңды түсіне бастайды екенсің. Көшпелі халық - еркіндік сүйген қазақтың ұрпағы екеніңді танисың. Пәтерлер, көліктер мен ұшақтардың болғаны, әрине, жақсы, бірақ ерекше дүниелер де керек. Біз бәріміз, Орталық Азия халықтары, шыққан жеріміз және бүгінгі қоғамды қалыптастырып отырмыз. Осыдан біраз уақыт бұрын көшпелі халық отырықшы өмір салтына ауысты.  Шынында да, егер сіз жайлауға шықсаңыз, шопан қауымы әлі күнге дейін киіз үйінде отыр.  Қазіргі заманның құрама үйлерін пайдаланбайды Біріншіден, мұндай үйді тауға апарып жеткізу, құрау, техникалық қызмет көрсету өте қымбатқа түседі. Ондай мәсәлелерді біздің халық шешуге де тырыспайды. Оның несі? қажет. Біздің қанымызға сіңген төл дүниелер бар ғой. Жайлауға тұрақ керек пе, демек киіз үй орнату керек.

Әлі күнге дейін ауылдарға немесе алыстағы жайлауға барсаңыз, самаладай тізілген киіз үйлерді көресіз. Ата-бабамыздан қалған мұрамыз тарихтың терең қойнауынан сыр шертеді. Бұл қазақ ұлтының белгі жүйесі. Сондықтан біздің елде әлі күнге дейін киіз үйлерді көптеп кездестіруге болады. 

Ұлттық нақыштағы тауарларға сұраныс туралы

 

Өкінішке орай, менің өніміме деген қызығушылық мобильді құрылғыларға қарағанда көп емес.  Біздің жастарымыз білімді, қазақ халқының, Орталық Азия халықтарының тарихынан, ғылымынан, мәдениетінен хабары бар. Ақылды да елгезек жастар. Мен оларға сүйсіне қараймын. Бүгінде киіз үй ерекше аутдор декорының элементі ретінде қаралуда. Мені көпшілік іс-шараларға жиі шақырады, сонда киіз үй орнатамын. Мейрамханалар тапсырыс береді, шетелдіктер әртүрлі мақсаттар үшін сатып алғысы келеді. Менің кейбір киіз үйлерім АҚШ-та, Еуропада бұрыннан бар. Жастардың қазіргі заманауи дүниелерге ұмтылатыны түсінікті. Ол табиғи нәрсе. Бірақ киіз үй жасау шеберлігі басым бағытқа қойылса екен деп тілеймін. Киіз үйде күн сайын өмір сүрудің қажеті жоқ, бірақ оны қалай жасау керек — мұны біздің халқымыздың тарихына шынымен қызығушылық танытқандар жақсы білуі қажет.

Жас кәсіпкерлерге кеңес

Жас кәсіпкерлерге айтарым: ең бастысы өз ісіңді сүюің керек.  Егер сіз күн сайын жасайтын нәрсеге деген сүйіспеншілігің болмаса, бизнесің сәтсіз болады. Жауапкершілік болмайды, жаңа білім алуға құштарлық болмайды. Өкінішке орай, қазір кейбір жас кәсіпкерлер тез табыс тапқысы келеді. Оны да түсінуге болады, бірақ сапасыз өнімді жоғары сапалы қып сата алмассың. Өйткені, бұл тек кәсіпкердің ғана емес, ең маңыздысы — қазақ киіз үйінің беделі. Ең жақсы өнімді жасауға, дамуға тырысуымыз керек. Жұмысқа деген сүйіспеншіліксіз ештеңе болмайтыны хақ.

Менің арманым - үздік өнерр үлгісі - киіз үйді жасағым келеді. Ең әдемі, ең керемет, табиғи материалдармен жабдықталған, ең сапалы киіз үйді өз қолыммен жасауды армандаймын. Бұл, әрине, қымбат дүние. Егер осы жобаға инвестор табылса, мен қуана-қуана жұмысқа кірісер едім. Өзімнен кейін үздік туынды қалдырғым келеді. Өйткені бұл менің өмір бойы жасап келе жатқан кәсібім.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін