Бақтияр Артықбаев, авторлық ұлттық бұйымдары бар жеке шеберхананың иесі

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4462
0 пікірлер

Бақтияр Артықбаев, авторлық ұлттық бұйымдары бар жеке шеберхананың иесі


«Біздің әшекей бұйымдарымызды әлемнің түпкір-түкпіріндегі қыз-келіншектер тағады, ал кәдесыйларымыз жаһанның ең шалғайындағы үйлерді безендіреді»



Қазақ ұлттық нақышында авторлық дизайнмен түрлі зергерлік бұйымдарды жасау — зергер Бақтияр Артықбаевтың 30 жылдан бері айналысып келе жатқан сүйікті кәсібі. Кез келген қыз немесе әйел өзін ерекше сезінуі үшін, ешкімге ұқсамас үлгіде жүруі үшін шебер әрбір зергерлік бұйымын қазіргі уақытқа сай етіп қолдан соғады. Өз жұмысында зергер бұйымдарын тек табиғи тастармен  безендіреді, ал болашақ өнімдеріне негіз ретінде тек қана жоғары сапалы таза күміс пен банк алтынын қолданады. Бақтияр Артықбаевтың әшекейлерінің ассортименті ауқымды болғанына қарамастан, әрбір сақинаны немесе білезікті жасауға ол көп уақытын жұмсайды: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін. Оның әшекейлері өте шеберлікпен істелген нәзік бұйымдар. Қолдан соғылған әшекей бұйымдары өзінің сәнділігімен ерекшеленеді. Бақтияр — қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған ауқымды көрмелердің жиі қонағы және қатысушысы, ал оның әшекейлері  сән индустриясының түрлі іс-шараларында көрсетіледі. Шебердің өзі айтқандай, оның әрбір жауһары киелі мағынаға ие.

Неден басталды

Мен Бақтияр Артықбаев — зергермін, негізінен ұлттық әшекейлерді зерлеу техникасында жасаймын. Жасым 54-те, зергерлік бұйымдарды жасаумен 30 жылдан бері айналысамын, яғни өмірімнің көп бөлігін осы салады өткіздім. 90-шы жылдары қолөнермен айналыса бастадым. Бірде кездейсоқ бір суретші-шеберге жұмысқа кірдім. Ол авторлық зергерлік бұйымдар жасайтын. Мен онымен жұмыс істей бастадым, ол кісіден бәрін үйрендім. Шебер маған барлық білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Екі жыл ішінде мен жеткілікті тәжірибе жинадым. Осы екі жылдан кейін мен жеке шығып, өз ісімді бастап кеттім. Асыл тастар мен металдардан – алтын мен күмістен - қазақтың ұлттық әшекейлерін жасауды ойладым. Сүйікті ісіме өмірімді арнадым. Әлі күнге дейін жалғастырудамын. 

 

Ұлттық нақыштағы тауарларға сұраныс туралы

 

Қазақтың ұлттық әшекейлері бізде өте танымал. Сырға, сақина, өңіржиек, білезік, шолпы сатып алады. Тұмарлар да үлкен сұранысқа ие. Көбінесе әшекей бұйымдарды сыйлық ретінде немесе өздері үшін сатып алады, шетелге бағалы сыйлықтар ретінде жібереді. Менің бұйымдарым шетелдік сатып алушылар үшін қазақ мәдениетінің символы және қазақ елі, жері туралы естелік болып табылады. Жалпы, бүкіл әлемде ұлттық шығыс нақышындағы дүниелер өте танымал. Сондықтан біздің әшекей бұйымдарымызды әлемнің түпкір-түкпіріндегі қыз-келіншектер тағады, ал кәдесыйларымыз жаһанның ең шалғайындағы үйлерді  безендіреді.

 

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кеңес

Жастарға не кеңес беруге болады? Ең бастысы —  ұнаған мамандығыңды таңдап, жақсы маман болу. Сонда өмірде бәрі оңай болады, жұмысың әрқашан алға басады. Ең бастысы — кез келген бизнесте қатқан жақсы маман болу. Білімге, оқуға көп уақыт бөліп, өзіңнің біліміңе аямай қаржы жұмсау қажет. Егер кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келсе, үй–жайды жалға алмай тұрып, ЖК ашпас бұрын бизнес жайлы көп нәрсені зерделеп, тиімділігін есептеп, зерттеп алу керек. Жалпы, бәріне мұқият қарау керек.

Ал Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жақсы жағдайлар жасалған. ЖК ашу — проблема емес, бүгінгі күні оңай болды. Үйде отырып-ақ egov арқылы ЖК-ті онлайн ашуға болады. Сондықтан біздің елімізде бизнес жүргізу қиын емес, тіпті салықтар да жеңілдетілген. 3% ғана және ісін енді бастаған ШОБ өкілдері ағымдағы жылда салықтан босатылған. Тек зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарын төлеу керек, ал негізгі салық әлі бір жыл төленбейді. Бұл пайыз тіпті қынжылатындай үлкен емес.  Ең бастысы — ниетіңіз бен бизнеспен айналысуға ынтаңыз болсын. Алғашқыда кездесетін қиындықтардан үрікпей, жұмысты әрі қарай жалғастыру, табысқа жетуге ұмтылу қажет.  Сонда ғана кәсібіңіздің нәсібін көресіз.  

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін