Аяқ киім импорттаушылары мен кеден қоймаларының иелеріне ұсынымдар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4511
0 пікірлер

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде кеден қоймалары иелерінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына, декларанттарға және барлық мүдделі тұлғаларға олардың аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуіне байланысты олардың қызметіне қатысты ұсынымдарын берді.

 

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Бұл дегеніміз, осы уақыттан бастап Data Matrix кодынсыз аяқ киімді өндіруге және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 Қаулысымен "Қазақтелеком" АҚ тауар топтарын таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып белгіленді.

Тауарларды цифрлық таңбалау - бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында іске асырылатын ұлтаралық жоба.

Қазақстанға импортталатын және сыртқы экономикалық қызметтің 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтары бар тауарлар номенклатурасына сәйкес келетін аяқ киім міндетті цифрлық таңбалауға жатады.

Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 4-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларды таңбалау мұндай тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін жүзеге асырылады. Тиісінше, аяқ киім тауарларын таңбалау кедендік тазарту аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) 238-бабының 2-тармағына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен белгілі бір операциялар, оның ішінде тауарларды таңбалау жасалуы мүмкін.

Тауарларды таңбалау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін кеден қоймасына оператор мен импорттаушының өкілдерін жіберу Кодекстің 404-бабына сәйкес тұрақты не уақытша өткізу негізінде жүзеге асырылады.

Кеден қоймалары аяқ киім тауарларымен қалай жұмыс істейді 

Кеден қоймалары таңбалау бойынша операциялар жүзеге асырылатын алаң болып табылады. Таңбалауды енгізу бойынша импорттаушылар мен кеден қоймалары арасындағы өзара қарым-қатынастар ҚР азаматтық заңнамасымен реттеледі.

Кеден органының аяқ киімді таңбалаудағы қызметі

Кеден органы импорттаушыға және операторға кеден қоймасының аумағына кіру үшін уақытша не тұрақты рұқсат береді. Рұқсат қарапайым құрастыру операцияларын, сондай-ақ тауарларды таңбалаумен байланысты өзге де операцияларды жасау үшін беріледі.

Кеден қоймасының аумағында таңбалауды жүзеге асырғысы келетіндер үшін бірыңғай оператордың ұсынымдары:

    1) таңбалау қызметтерін ұсыну үшін тиісті алаңы бар жабық жылытылатын үй-жайлардың болуы;

    2) қойма жабдығының (стеллаждар, үстелдер, тауарларды өткізуге арналған техника мен жабдық, өртке қарсы мүкәммал) болуы;

    3) инфрақұрылымы (электр энергиясымен қамтамасыз ету, интернет байланысының болуы) болуы тиіс;

    4) импорттаушыға тиесілі тауарларға қатысты таңбалау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға импорттаушымен шарт жасасуға міндетті.

Бірыңғай оператордың импорттаушыға ұсынымдары:

    1) импорттаушыға немесе импорттаушының өкіліне тауарды сатуға және тасымалдауға (тасымалдауға) дайындау жөніндегі операцияларды, оның ішінде партияны ұсақтауды, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайта қаптауды, таңбалауды, тауар түрін жақсарту жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін кеден органының кеден одағының аумағына кіруіне рұқсат алуға;

    2) Datamatrix кодтарын басып шығаруға арналған компьютер, 2D сканер, принтер болуы керек. Принтер болмаған жағдайда Datamatrix кодтарын басып шығару үшін импорттаушы баспахана қызметтерін пайдалана алады.

DataMatrix кодтарын принтерлерде басып шығару ISO 15415 стандартына сәйкес "C" - ден төмен емес оқу класына сәйкес келуі керек.


Ақпарат үшін.

Таңбалау бойынша қызметті реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы Келісім (Бұдан әрі – Келісім).

3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» № 72 шешімі.

4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделі туралы» шешімі.

5. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» ҚР үкіметінің № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №588 Қаулысы.

6. ҚР Үкіметінің қаулысы. № 620 «аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы.

7. «Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 518 бұйрығы.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін