Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
4385
0 комментариев

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 02.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 2 қарашадағы № 24999), тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мына тауарлар бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады:

- акцизделетін өнімдер бойынша;

- ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша;

- «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып берілуге тиіс тауарлар бойынша (ҚР ҚМ 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген).

Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі  кеңейтіледі. Енді бұл тізбеге құрылыс материалдары енгізілді. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру міндеттемесі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталады, ал  2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша алдын-ала Пилотты жүргізіледі. 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін