1-ші қадам. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бейіндік қауымдастыққа) хабарласыңыз, ашылуға дайындалатын пакет алыңыз:
- Бас мемлектеттік санитариялық дәрігердің 13.04.2021 ж. қабылданған №14 қаулысы;
- QR кодты қалай алу жайындағы жадынама (2 нұсқасы);
- Түрлі-түсті баннер – «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
- Түрлі-түсті баннер «ASHYQ қолданбалы бағдарламаны қалай қолдануға болады»;
- Жобадан шығу алгоритмі;
- Күзетші режимін қалай тағайындау керек;
- ASHYQ бағдарламасы бойынша жауапты қызметкерлердің тізімі (ҰКП, СЭБК, Қауымдастықтар);
- WhatsApp тобы– «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушылары»;
- Техникалық мәселелерді анықтайтын оқу барысы күн сайын сағат 17.00 өтетіні жайлы хабарлама;
- Сұрақтар – жауаптар (3 файл).
2-ші қадам. Материалдарды мұқият оқып шығыңыз.
3-ші қадам. Infokazakhstan сайты арқылы (тікелей немесе бейіндік Қауымдастықтар арқылы) QR кодына сұраныс беріңіз.
4-ші қадам. Мәртебені бекіту үшін кем дегенде 5 кіретін жер ашып, оларды аймаққа бөлуді ойластырыңыз. Кіреберіске мыналарды орнатып қойыңыз:
- Түрлі-түсті баннер «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
- Түрлі-түсті баннер «ASHYQ бағдарламасын қалай қолдануға болады»;
- Бас мемелекеттік санитардың 13 сәуірдегі қаулысы.
5 кіретін жер:
Бірінші – экспресс - жылдам өту; бәрін жүктеп алғандарға арналған;
Екінші, үшінші – күзетші режимі (қолмен енгізу) – балалар, үлкен кісілер және т.б. арналған;
Төртінші, бесінші – жобаның қажеттілігін түсіндіру керек адамдарға, бағдарламаны жүктемегендерге және т.б. арналған.
Театрға келушілер көп болған жағдайда қосалқы есікті ашатын мүмкіндік болуы шарт.
5-ші қадам. Жұмыс барысының дұрыс өтіп жатқанын мақұлдау үшін ҰКП-ның жауапты өкілін шақырыңыз.
6-шы қадам. QR код алыңыз.
7-ші қадам. Театр сайтында немесе инстаграм желісінде белгілі бір күннен бастап театр ASHYQ сынамалы жобасының қатысушысы деген ақпаратты орналастырыңыз.
Қолданбалы бағдарламаны алдын-ала жүктеу қажеттілігі және ЖСН-ді өзімен алып жүруді ұмытпау керектігі жайлы қонақтарды ескертіңіз, оның ішінде 5 жасар және одан үлкен балалар үшін де.
Егер олардың мәртебесі «сары» немесе «қызыл» түсті болған жағдайда, билеттің құнын қайтару ережелері туралы оларға ескертіңіз.
8-ші қадам. Бір апта бойы жұмыс барысын сынақтан өткізу.
Жадынамаға қосымша ретінде кіреберісте жеткілікті түрде басып шығарылған QR кодтарды орналастырыңыз;
- Кемінде жарты сағат бұрын залға кіргізіңіз;
- Залға өткізерде кемінде 5 қызметкермен (материалды мұқият оқығандар және «жасыл» түсті мәртебесі барлар) қамтамасыз етіңіз. Екеуі күзетші міндетін атқарады.
- Егер келушілердің арасында «сары» немесе «қызыл» түс анықталса, дереу СЭБК департаментіне хабарлаңыз.
Қойылымдар басталмай тұрып труппа құрамындағы әртістерді және театр қыметкерлерін ASHYQ бағдарламасы арқылы тексеріп алуыңызға болады.
9-шы қадам. Өтініш берген күннен санағанда 9 күн өткенде сіз қала әкімшілігінің сайтында көрсетілген қатысушылардың тұрақты тізіміне қосыласыз.
Іске сәт! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!