ASHYQ қолданбалы бағдарламасы бойынша мейрамханалардың (дәмхана, кофехана) ашылуы туралы жадынама

Дидар Садыков
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4793
0 пікірлер

1-ші қадам. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бейіндік қауымдастыққа) хабарласыңыз, ашылуға дайындалатын пакет алыңыз:

  1. Бас мемлектеттік санитариялық дәрігердің 13.04.2021 ж. қабылданған №14 қаулысы;
  2. QR кодты қалай алу жайындағы жадынама (2 нұсқасы);
  3. Түрлі-түсті баннер – «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
  4. Түрлі-түсті баннер «ASHYQ қолданбалы бағдарламаны қалай қолдануға болады»;
  5. Жобадан шығу алгоритмі;
  6. Күзетші режимін қалай тағайындау керек;
  7. ASHYQ бағдарламасы бойынша жауапты қызметкерлердің тізімі (ҰКП, СЭБК, Қауымдастықтар);
  8. WhatsApp тобы– «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушылары»;
  9. Техникалық мәселелерді анықтайтын оқу барысы күн сайын сағат 17.00 өтетіні жайлы хабарлама;
  10. Сұрақтар – жауаптар (3 файл).

2-ші қадам.  Материалдарды мұқият оқып шығыңыз.

3-ші қадам. Infokazakhstan сайты арқылы (тікелей немесе бейіндік Қауымдастықтар арқылы) QR кодына сұраныс беріңіз.

4-ші қадам. QR код алыңыз.

5-ші қадам. Кіреберіске мыналарды орнатып қойыңыз:

  • Түрлі-түсті баннер «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
  • Түрлі-түсті баннер «ASHYQ бағдарламасын қалай қолдануға болады»;
  • Бас мемелекеттік санитардың 13 сәуірдегі қаулысы. 

6-шы қадам. Мейрамхананың (дәмхананың, кофехананың) сайтында немесе инстаграм желісінде белгілі бір күннен бастап бұл кәсіпкерлік субъектісі ASHYQ сынамалы жобасының қатысушысы деген ақпаратты орналастырыңыз.

Қолданбалы бағдарламаны алдын-ала жүктеу қажеттілігі және ЖСН-ді өзімен алып жүруді ұмытпау керектігі жайлы қонақтарды ескертіңіз, оның ішінде 5 жасар және одан үлкен балалар үшін де.

Егер қонақтардың арасында «сары» немесе «қызыл» түсті мәртебе болса, оларға қызмет көрсетілмейтіні жайлы ескертіңіз.

7-ші қадам. Бір апта бойы жұмыс барысын сынақтан өткізу. Келген қонақтардың мәртебесін тексерудің 2 нұсқасы бар.

Біріншісі: (қожайыны бар дәмханалар мен мейрамханаларда):

  1. Мейрамхана қожайыны қонақтарды кірберісте күтіп алып, ASHYQ қолданбалы бағдарламасын пайдалана отырып, олардың мәртебесін тексеруді сұрайды;
  2. Залға кіруге тек «жасыл» не «көк» түсті мәртебесі барларға ғана рұқсат етіледі;

Екіншісі: (қожайыны жоқ дәмханалар мен мейрамханаларда):

  1. Тапсырысты қабылдамас бұрын үстелге отыру кезінде даяшы қонақтан ASHYQ қолданбалы бағдарламасы арқылы мәртебесі
  2. «Жасыл» және «көк» түсті мәртебесі бар қонақтарға қызмет көрсетуге рұқсат етіледі;
  3. Егер Қонақтардың арасында «сары» немесе «қызыл» түс анықталса, дереу СЭБК департаментіне хабарлаңыз. Ондай қонақтардың залдан шығып кетуін талап етіңіз;

Екі жағдайда да мейрамхана (дәмхана, кофехана) қызметкері қонақтардың ЖСН-ін қолмен енгізу үшін «күзетші» міндетін атқара алады. 

8-шы қадам. Өтініш берген күннен санағанда 9 күн өткенде сіз қала әкімшілігінің сайтында көрсетілген қатысушылардың тұрақты тізіміне қосыласыз.  

 

Іске сәт! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін