ASHYQ қолданбалы бағдарламасы бойынша кинотеатрлардың ашылуы туралы жадынама

Дидар Садыков
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4635
0 пікірлер

1-ші қадам. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бейіндік қауымдастыққа) хабарласыңыз, ашылуға дайындалатын пакет алыңыз:

  1. Бас мемлектеттік санитариялық дәрігердің 13.04.2021 ж. қабылданған №14 қаулысы;
  2. QR кодты қалай алу жайындағы жадынама (2 нұсқасы);
  3. Түрлі-түсті баннер – «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
  4. Түрлі-түсті баннер «ASHYQ қолданбалы бағдарламаны қалай қолдануға болады»;
  5. Жобадан шығу алгоритмі;
  6. Күзетші режимін қалай тағайындау керек;
  7. ASHYQ бағдарламасы бойынша жауапты қызметкерлердің тізімі (ҰКП, СЭБК, Қауымдастықтар);
  8. WhatsApp тобы– «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушылары»;
  9. Техникалық мәселелерді анықтайтын оқу барысы күн сайын сағат 17.00 өтетіні жайлы хабарлама;
  10. Сұрақтар – жауаптар (3 файл).

2-ші қадам. Материалдарды мұқият оқып шығыңыз.

3-ші қадам. Infokazakhstan сайты арқылы (тікелей немесе бейіндік Қауымдастықтар арқылы) QR кодына сұраныс беріңіз.

4-ші қадам. Мәртебені бекіту үшін кем дегенде 3 кіретін жер ашып, оларды аймаққа бөлуді ойластырыңыз. Кіреберіске мыналарды орнатып қойыңыз:

  • Түрлі-түсті баннер «ASHYQ сынамалы жобаның қатысушысы»;
  • Түрлі-түсті баннер «ASHYQ бағдарламасын қалай қолдануға болады»;
  • Бас мемелекеттік санитардың 13 сәуірдегі қаулысы. 

3 кіретін жер:

Бірінші – экспресс - жылдам өту;  бәрін жүктеп алғандарға арналған;

Екінші – күзетші режимі (қолмен енгізу) – балалар, үлкен кісілер және т.б. арналған;

Үшінші – жобаның қажеттілігін түсіндіру керек адамдарға, бағдарламаны жүктемегендерге және т.б. арналған.

Келушілер көп болған жағдайда қосалқы есікті ашатын мүмкіндік болуы шарт.

5-ші қадам. Жұмыс барысының дұрыс өтіп жатқанын мақұлдау үшін ҰКП-ның жауапты өкілін шақырыңыз.

6-шы қадам. QR код алыңыз.

7-ші қадам. Кинотеатрдың сайтында немесе инстаграм желісінде белгілі бір күннен бастап кинотеатр ASHYQ сынамалы жобасының қатысушысы деген ақпаратты орналастырыңыз.

Қолданбалы бағдарламаны алдын-ала жүктеу қажеттілігі және ЖСН-ді өзімен алып жүруді ұмытпау керектігі жайлы қонақтарды ескертіңіз, оның ішінде 5 жасар және одан үлкен балалар үшін де.

Егер олардың мәртебесі «сары» немесе «қызыл» түсті болған жағдайда, билеттің құнын қайтару ережелері туралы оларға ескертіңіз.

8-ші қадам. Бір апта бойы жұмыс барысын сынақтан өткізу.

Жадынамаға қосымша ретінде кіреберісте жеткілікті түрде басып шығарылған QR кодтарды орналастырыңыз;

  1. Кемінде жарты сағат бұрын залға кіргізіңіз;
  2. Залға өткізерде кемінде 2 қызметкермен (материалды мұқият оқығандар және «жасыл» түсті мәртебесі барлар) қамтамасыз етіңіз. Біреуі күзетші міндетін атқарады.
  3. Егер келушілердің арасында «сары» немесе «қызыл» түс анықталса, дереу СЭБК департаментіне хабарлаңыз.

Фильм көрсетілімі басталмай тұрып кинтотеатр қыметкерлерін ASHYQ бағдарламасы арқылы тексеріп алуыңызға болады.

9-шы қадам. Өтініш берген күннен санағанда 9 күн өткенде сіз қала әкімшілігінің сайтында көрсетілген қатысушылардың тұрақты тізіміне қосыласыз.  

 

Іске сәт! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін