Дағдарыс жағдайындағы қолдау шаралары

Қазақстан республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4501
0 пікірлер

2020 жылы бастау алған коронавирустық инфекцияның таралуынан енгізілген шектеулердің себебінен экономикалық құлдыраудың аясында көптеген бизнес субъектілері ауыр қаржылық жағдайға ұшырады. Соның салдарынан салықтық берешектерді кейінге қалдырып, мерзімін ұзартқандар және оңалту рәсімін қолданғандардың саны ұлғайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Осыған орай, 2021 жылдың 4 наурызында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғаларды және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруіне 2021 жылғы                  1 шілдесіне дейін тыйым салынды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өз жағынан «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оңалту рәсімдерін алға жылжыту бойынша жұмыстарды басымдылыққа қою, сондай-ақ салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту арқылы өз міндеттерін қайта қарастырып, төлемге қабілетсіз салық төлеушілерді банкрот деп тануды тек ең ақырғы жағдайларда жүгінді.

Осыны статистика да растайды.

Жылдар

Салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданған салық төлеушілер саны

Оңалту рәсімін қолданған салық төлеушілер саны

2019

248

33

2020

394

52

оның ішінде 9 айда

273

29

2021 жылдың

9 айында

464

58

Осылайша, алдыңғы жылдың аналогиялы кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылдың 9 айында салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданғандардың саны 70%-ға, ал оңалту рәсімін қолданғандардың саны 2 есе ұлғайды.

млрд. теңге

Жылдар

Банкроттықты қолданған борышкерлер саны

(борышкердің өзі, жұмыскерлер, басқа кредиторлардың және МКО бастамашылығымен)

Кредиторлардың талаптарының тізбесіне (КТТ) қосылған берешек сомасы (млрд.теңге)

мемлекеттік кірістер органдарының бастамашылығымен банкроттықты қолданған борышкерлер саны

Кредиторлардың талаптарының тізбесіне (КТТ) қосылған берешек сомасы (млрд.теңге)

2019

1 218

2 022,2

708

693,8

2020

742

6 167,6

300

618,0

оның ішінде 9 айда

422

4 971,7

131

109,8

2021 жылдың

9 айында

1 315

1 522,6

803

167,3

 

«2021 жылдың 9 айында 1 315 борышкер банкрот деп танылды. Сонымен бірге, банкроттардың өсу қарқындылығы 8%-дан аспайды (2019 және 2021 жылғы банкроттар санын ескергенде).

Сонымен бірге, жылдың басымен салыстырғанда 2021 жылдың                     1 қазанына сәйкес салықтық берешек 21,5%-ға ұлғайды - 350,9 млрд.теңгеден  426,5 млрд.теңгеге дейін, оның ішінде бересі (негізгі берешек) 217,1 млрд.теңгеден 272,2 млрд.теңгеге ұлғайды, яғни 25,4% құрайды.

Оның ішінде 2021 жылдың 1 қазанына заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер бойынша бересі 255,8 млрд.теңгені құрайды, жылдың басымен салыстырғанда бересі 55,9 млрд.теңгеге немесе 28%-ға ұлғайды», - деп атап өтті МКК-де.

Өкінішке орай, кредиторлар үшін (оның ішінде мекеменің жұмыскерлері, жеткізіп берушілер, банктер мен мемлекеттік кірістер органдары) берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алудың ақырғы шарасы есебінде төлемге қабілетсіз салық төлеушілерге қатысты банкроттық рәсмін қолдану болып табылады.

Әрине, борышкердің банкроттығы оның өз қарыздарын толықтай өтеуге дәрменсіздігі мен мүмкін еместігінен пайда болатынын ескере отырып, бюджетке берешектерді қайтаруын күту және алынбай қалған пайданы есептеу мүмкін емес екендігі сөзсіз.

Сондай-ақ, үшінші кезектегі салық органдарының талаптары өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян, алименттер, жұмыс жалақысына қатысты және кепілге салынған мүлікпен қамтамасыз етілген талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана өтелетінін атап өткен жөн.

Осылайша өткен кезеңдерде бірінші кезек бойынша кредиторлық берешектерді өндіріп алу пайызы (еңбек ақы, алименттер және т.б.) 65-70%, екінші кезек бойынша (кепілденген кредиторлар) 11-12%, үшінші кезек бойынша (салықтық берешек) 0,2-0,8% құрады.

«Қаржылық қиыншылықтарға тап болған салық төлеушілерді, өздеріне қатысты банкроттық рәсімді қолдануға жол бермей, оңалту мен берешектің құрылымын өзгерту рәсімдерін, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгертуді қолдану бойынша кеңестік көмек пен түсіндірмелер алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, өз төлем қабілеттіліктеріңізді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өздігінен бастауға шақырамыз», - деді МКК-де.

 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін