Кедендік бақылауда қолданылатын тәуекел дәрежесінің ашық өлшемшарттары жарияланды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4498
0 пікірлер

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылау объектілері мен нысандарының іріктеу қағидатын қолданады және осы мақсатта тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді.

 

Бұл ретте кедендік бақылау нысандарын саралап қолдану мақсатында субъектіге бағытталған тәсіл қолданылады, атап айтқанда, тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік операцияларды жасайтын сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларын, олардың фискалдық және басқа да көрсеткіштері негізінде, оларды тәуекелдің төмен, орташа және жоғары деңгейінің санаттарына жатқызу жолымен санаттау жүзеге асырылады.

Бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес пайдаланылатын санаттау өлшемшарттары бойынша ақпарат толығымен құпия болатын.

Қазіргі уақытта кеден заңнамасына өзгерістер енгізіліп, құпия болып табылмайтын өлшемшарттарды айқындауға және оларды одан әрі СЭҚ қатысушылары үшін ашуға мүмкіндік берілді.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабының 2-тармағында көзделген сілтеме норманы іске асыру үшін «Құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №321 бұйрығы бекітілді.

«Осылайша СЭҚ қатысушыларының хабардар болуы кеден заңнамасының нормаларын сақтау бойынша өз міндеттемелерін адал орындауға ынталандырады және олардың қызметін жүргізуді жақсартуға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Тауарларды шығарғанға дейінгі кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау үшін пайдаланылатын өлшемшарттар

Тауарларды шығарғанға дейінгі кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау үшін пайдаланылатын өлшемшарттарға мыналар жатады:

  1. «Тіркелген активтердің болуы»;
  2. «Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының анықталған кеден заңнамасын бұзушылықтардың болуы/болмауы»;
  3. «Қарыздың болуы және салық берешегін өндіріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдану»;
  4. «Кедендік құнға жүргізілген түзетулер мен өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтардың саны»;
  5. «СЭҚ жүзеге асыру кезеңі»;
  6. «Бір қызметкерге орташа айлық жалақы»;
  7. «Салықтық жүктеме коэффициенті»;
  8. «Экспорттық бағдар»;
  9. «Салық төлеушіні (салық агентін) санаттау нәтижесі»;
  10. «Кеден өкілін санаттау нәтижесі»;
  11. «Ірі салық төлеушілер, инвесторлар, уәкілетті экономикалық операторлар».

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау үшін пайдаланылатын өлшемшарттар

Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау үшін пайдаланылатын өлшемшарттарға мыналар жатады:

  1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың болуы не болмауы»;
  2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуы не болмауы»;
  3. «Бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы»;
  4. «Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің болуы»;
  5. «Шартты түрде шығарылған тауарлардың, сондай-ақ таңдалған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылауда болатын және (немесе) болған тауарлардың үлесі»;
  6. «СЭҚ жүзеге асыру кезеңі».
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін