Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеуі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4666
0 пікірлер

Тауарларды бақылап отыру тетігі - бұл ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы ратификацияланған Келісімге байланысты Қазақстан Республикасының ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық міндеттемесі. (Қазақстан Республикасы 2020 жылғы мамырда ратификациялаған және 2021 жылғы 3 ақпанда күшіне енген).

 

Біздің Республикада МКК-дағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі осындай жүйе болып танылады.

Қадағалаудың көрсетілген тетігін енгізудің мақсаты кеден және салық төлемдерін төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды, сондай-ақ оларды трансшекаралық саудада өткізу кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауды болдырмайтын жағдайлар жасау болып табылады.

Әкімшілендіру қадағалануға жататын тауарлар айналымына байланысты операцияларды бақылау арқылы жүзеге асырылады. Бұл бақылау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалау жүйелерінен мәліметтер алмасу арқылы жүргізілетін болады.

Қадағалау импорттық тауарлар бойынша жүзеге асырылатын болады. Қадағалау мерзімі - бес жыл.

Тауарларды қадағалап отырудың жұмыс істеу тәртібін айқындау мақсатында «Қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.

 

Бұйрықтың жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан.

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13499348).)

Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес қауымдастықтарын және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін