ЭШФ немесе онлайн бақылау касса машинасының түбіртегі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4469
0 пікірлер

2022 жылдан бастап ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ЭШФ-ның орынына алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегін бере алады, Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату кезінде ЭШФ жазып беруі қажет. Бұл жағдайда ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілерден сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдер ЭШФ-ны қосымша растауымен жүргізіледі.

Өз кезегінде, қабылданған Пилоттық жоба ережелеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 1000 АЕК-тен асатын шарттарға ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілердің ЭШФ беру талаптары тоқтататылған. Сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды 2021 жылға арналған корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдерге алу үшін ЭШФ-мен растау талабы да уақытша тоқтатылды.

«Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 1000 АЕК-тен асатын мәміле бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер ЭШФ жазып беруге міндетті емес, ал сатып алушыға 2021 жылы шығындарды шегерімдерге жатқызу үшін ЭШФ талап етілмейді», -деп хабарлады МКК-де.

Сонымен қатар, Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдерге жататын, ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер 1000 АЕК-тен асатын мәміле бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің шығындарын ЭШФ болмаса, сатып алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегі арқылы растауға болады.

«Демек, 2022 жылдан бастап 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер ЭШФ жазуға немесе алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау-касса машинасының түбіртегін беруге міндетті. Сәйкесінше, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар корпоративті табыс салығы бойынша шегерімге жатқызу үшін сатып алушыда ЭШФ болуы немесе БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегінің болуы тиіс»,- деп қорытындылады МКК-де.  

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін