Қазақстандықтар МКК-нің "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында шет елге шығуға тыйым салынғанын тексере алады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4475
0 пікірлер

Қазақстандықтар МКК-нің "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында шет елге шығуға тыйым салынғанын тексере алады 

Мемлекеттік кірістер комитеті "Е-Salyq-Azamat" МКК-нің мобильді қосымшасында шығуға салынған тыйымды қарау бойынша сілтеменің орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша  борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.

"Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН нөміріңіздің тіркелуі қажет", - деп түсіндірді МКК-де.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды "Е-Salyq-Azamat" тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін