Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша сынақ ары қарай ұзартылды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4673
0 пікірлер

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды
енгізу мәселелері талқыланды

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 11.06.2021ж. МКК әкімшілендіру Департаментінің Директорі А.А. Сүлейменов тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мәселелерін талқылау үшін ZOOM арқылы онлайн-конференция өткізді.

300-ге жуық кәсіпкерлер, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында пилоттық жобаның ережелеріне өзгерістер енгізгені туралы айтылып, салық төлеушілерден жиі келіп түскен сұрақтар бойынша жауаптар берілді. Шараның басым бөлігі сұрақ-жауаптардан тұрды, қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына Комитет өкілдері жауап берді. Сондай-ақ, салық төлеушілер пилоттық жобаға қатысты біршама ұсыныстарын да жеткізді.

Ұйымдастырушылар жеке тұлғаларға тауарлар сатуды жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілері ТІЖ ресімдеудің талап етілмейтіндігіне қайта назар аударды. Акцизделетін тауарларды (алкоголь және темекі) өткізу кезінде, бұрынғыдай, оларды ЭШФ ақпараттық жүйесінде алғанын растау қажет.

Бірлескен талқылаулардың нәтижелері бойынша ТІЖ ресімдеу жөніндегі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізілген жаңа пакет қалыптастырылатын болады.

Онлайн конференцияны келесі сілтеме бойынша көре аласыз:

https://youtu.be/l08RrURhSG4

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін