Тауарға ілеспе жүкқұжаттарды енгізуге қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4453
0 пікірлер

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу сұрақтары бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) дайындалды.

 

1.    Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан әкелу/әкету жөніндегі акцизделетін өнімдер бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша пилоттық жобаның аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімдеу және олардың құжат айналымы жөніндегі қолданыстағы қағидаларға тиісті ережелерді еңгізу қарастырылған.

2.    Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, электрондық шот-фактуралар электрондық ақпараттық жүйенің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесі кеңейтіледі, оның ішінде құрылыс материалдар бойынша шот-фактураларды жазып беру еңгізіледі. Бұл ретте, мұндай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап пилотты жобаны алдын ала жүргізе отырып, 2022 жылғы 1 қарашадан бастап туындайды.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11354525

Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін