Мемлекеттік кірістер комитетінің Электронды декларациялау орталығы кедендік рәсімдерді жетілдіруге мүмкіндік береді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4506
0 пікірлер

Ашылған уақыттан бастап, яғни 7 айда, Мемлекеттік кірістер комитетінің Электронды декларациялау орталығымен 3 млрд. теңгеден астам кедендік төлемдер мен салықтар бюджетке қосымша есептелген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

 

Таяуда ғана, 2018 жылы Қазақстанда толықтай электронды кедендік декларациялау енгізілді, оны сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар лайықты бағалады. Бүгінде, 3 жылдан кейін кедендік рәсімдерді жетілдіру мақсатында озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды декларациялау орталығы жұмыс істей бастады.

"Электронды декларациялау орталығы" - мемлекеттік кірістер органдарындағы жаңа бөлімше, электронды декларациялауды дамыту жолындағы жаңа кезең.

ЭДО құрудың негізгі міндеттерінің бірі кедендік операцияларды жасау процесінде кеден органы мен декларанттың өзара іс-қимылын барынша азайту болды. Іс жүзінде солай болып жатыр, декларациялау түйіспесіз, «АСТАНА-1» Ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетті. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл Telegram-арна арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Орталық арқылы ресімдеуге 13 облыс қосылған. Қалған облыстар қосылғаннан кейін, кедендік бақылау бір орталықта жүзеге асырылатын құжаттық бақылау және тауар орналасқан жерде жүргізілетін тексеру мен қарауды қамтитын нақты бақылау болып бөлінеді.

15 мамырға дейін қалған 4 облысты да Электронды декларациялау орталығына қосу жоспарланған.

Электрондық декларациялау орталығындағы жұмыс, сөзбе-сөз мағынада "қайнап жатыр", сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (СЭҚ) кеденнің әкімшілік ғимаратына келудің қажеті жоқ, құжаттар электронды түрде жіберіледі, декларациялар тәулік бойы беріледі, оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына таныс емес инспекторлар қарайды.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 15 қыркүйек - 2021 жылғы 16 сәуір аралығындағы кезеңде Электрондық декларациялау орталығымен 3 млрд. теңгеден астам кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу жүргізілген. 

«Әрине, айқын артықшылықтармен қатар, жаңалықты енгізу кезінде барлығы ойдағыдай болмайды. Өз жолындағы кез-келген жаңалық ұсыныстар мен мадақтауды қабылдап, сынға төтеп беруі керек. Сынақтар мен қателіктер арқылы ЭДО ұжымының күш-жігері мен табандылығы, жұмысы біртіндеп жақсарып келеді. Нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер кедендік рәсімдеуге кететін уақыт пен шығындарды едәуір үнемдеді», - деп толықтырды МКК-де.
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін