МКК тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын енгізу бойынша жобаны талқылауға белсенді қатысуғы шақырды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4572
0 пікірлер

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы дайындалып, Ашық НҚА порталында орналастырылды.Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

 

1.      Бұйрық жобасында акцизделетін тауарларға арналған ТІЖ бойынша, сондай-ақ ЕАЭО импорты/экспорты бойынша пиллоттық жобаның мерзімдерін 2021 жылғы 1 қазанға дейін ұзарту көзделген.

Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады.

ДСҰ-ның алу тізбесіндегі тауарлар және таңбалауға жататын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанға ауыстырылады, ал тауарлардың осы тобы бойынша пилоттың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 1 тамызға дейін ұзартылады.

Осылайша, пилоттың мерзімі 9 айдан 12 айға дейін өзгереді.

2.      Тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде тауарларды жеке тұлғаларға жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін сатқан жағдайда ТІЖ ресімдеу бойынша талаптың болмауы туралы норма салық төлеушілердің барлық санаттарына қолданылады.

3.      Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ТІЖ бойынша құжат айналымының мынадай тәртібі белгіленеді.

Тауарларды шағын кәсіпкерлік субъектісіне өткізу кезінде өнім беруші
ТІЖ-ге «шағын бизнес» деген белгі қояды.

Осындай ТІЖ бойынша алынған акцизделетін тауар бойынша сатып алушы ТІЖ-ын растауды немесе қабылдамауды жүзеге асырады; қалған тауарлар бойынша растау талап етілмейді, бірақ ТІЖ-ден ауытқу жүзеге асырылуы мүмкін.

Мұндай тауарды қайтаруды өнім беруші жүзеге асырады.

4.   Бастапқы бухгалтерлік құжаттарды ресімдеуді оңтайландыру және құжат айналымының қайталануын болдырмау мақсатында тауарларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжат (З-2 нысаны), сондай-ақ қорларды ішкі өткізуге арналған жүкқұжат (З-5 нысаны) ақпараттық жүйеде электрондық шот-фактуралар, тиісінше тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат, «Ішкі өткізу» нысаны ресімделген жағдайда ресімделмейтіні белгіленеді.

5.  Тауарларды ҚР аумағында бір тұлға ішінде, сондай-ақ салық төлеушінің құрылымдық бөлімшелері арасында өткізу кезінде, алкоголь өнімдерін өткізуді қоспағанда, ТІЖ ресімделмейді.

6. ТІЖ ресімдеу, ТІЖ растау, ТІЖ түзету және қайтарып алу мерзімдері біріздендірілген.

7. ЕАЭО-нан тауарларды жеке тұлғалардың атына автомобиль көлігімен әкелу кезінде ТІЖ-ын, тауарларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейтіні нақтыланды.

8. Алтын құрамды өнімдер бойынша виртуалды қоймада тауарлардың кіріс сальдосын (қалдығын) көрсету бойынша талап алынып тасталды, сондай-ақ қосымша мәліметтерді көрсету бойынша нақтылаулар енгізілді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында орналасқан.

«Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз», - деді МКК-де.
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін