Сарапшылар мен бухгалтерлер дабыл қағуда. Оларға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тарапынан сұрақтар келіп түсуде: ЖК ашпай жеке тұлға ретінде жеке картасына төлемдерді қабылдауға бола ма?
Талдап көрейік.
Жеке тұлғалар, әрине, төлемдерді өздерінің жеке карталарына, мысалы, айына жүз транзакцияға дейін қабылдай алады. Алайда, бұл да табыс болып саналады және кез келген табысқа салық салынуы керек. Егер сіздің табысыңыз жылына 3,5 млн теңгеден аспаса және сіз жеке тұлғаларға ғана жеке қызмет көрсетсеңіз, онда сіз ЖК және ЖШС-сыз жұмыс істей аласыз. Бұл жағдайда БЖТ сізге сәйкес келеді. Өйткені сіз бірден салықтың төрт түрін жабасыз: зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыру жарналары, әлеуметтік аударымдар. Ттіпті табыс салығын да. Сонымен қатар, сізде жұмыс өтілі жүреді.Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өздері үшін пайдалы және ыңғайлы. Осылайша, бірыңғай жиынтық төлем сізді салық мәселелерінен құтқарады.
Айналымы аз кәсіпкерлер кейде салық төлеуден жалтарады. Кейбір ЖК табыс шегінен шықпау және арнайы салық режимінен (АСР) шығып қалмау үшін қалған төлемдерді өз туыстарының жеке карталарына қабылдайды. Алайда, бұл да қиындыққа әкеп соқтырады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай "айла әрекеттер" ең алдымен сіздің қызметтеріңіздің ақысын жеке карталарына қабылдаған туыстарыңыз үшін қиындыққа айналуы мүмкін.
Жақында, атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарында шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталады. Сондықтан өз карталарына тұрақты төлемдерді (айына 100-ден астам) алатындардың барлығы 3 жыл талап қою мерзімімен тексеріске түседі. Мұндай жағдайда салық органдары барлық кірістерге 10 пайызға салық салады, онымен қоса өсімпұл салынады. Сондай-ақ 240 үлгісіндегі есептеме тапсыруға тура келеді.
Сарапшылар кеңес бергендей, өзіне және өзінің туыстарына зиян келтірмеу үшін барлық төлемдерді ЖК-ке қабылдап, ЖК арқылы есеп беру керек, өйткені әрбір төлем операциясы кезінде кәсіпкерлер салық органдары тарапынан ешқандай шағымдар болмауы үшін фискалды чекті шығарып алуы қажет.
Өзіңізді және бизнесіңізді қорғаңыз!
Салық режимдері туралы "Пайдалы кеңестер" айдарынан оқыңыз.