2022 жылы арнайы салық режимдері туралы бизнеске не білу керек

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
5724
0 пікірлер

2022 жылы арнайы салық режимдері туралы бизнеске не білу керек



Арнайы салық режимдерін қолдана отырып, есептемені қашан тапсыру және салықты төлеу керек? Ақпан, желтоқсан, әлде тамыз айында ма? Кім үшін және қандай мерзімдер қарастырылған? Мемлекеттік кірістер комитетінде қандай жаңалықтар айтылды? Декларацияның қандай үлгілерін толтыру керек және осы ерекше салық режимдерін қолдана отырып, оның қыр-сырын қалай тануға болады? Сіздер үшін барлық керекті ақпаратты ыңғайлы үлгіде көрсеттік.. 

 

Арнайы салық режимдері (бұдан әрі - АСР) дегеніміз не?


Бұл салықтың кейбір түрлерін төлеу және Салық кодексінде бизнесті қолдау ретінде әзірленген және енгізілген есептілікті ұсыну бойынша жеңілдетілген шарттар. 

 

АСР кімге арналған және оның түрлері қандай?


Жеке кәсіпкерлер патент негізінде, арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы, оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде АСР қолдана алады. Кәсіпкерлер үшін төлемнің жақсы шарттары мен мерзімдері қарастырылған.

 

Патент негізіндегі АСР Мобильді қосымшаны қолдану арқылы төленетін АСР Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР Бөлшек салық негізіндегі АСР
Салық кодексінде патент құнының есебін (911.00 үлгісі) бір айдан бір жылға дейін ұсыну мүмкіндігі көзделген. Патент құнын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық төлеуші есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді. Салық есептемесі берілмейді. ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу ай сайын арнайы мобильдік қосымша арқылы есептеме беретін айдан кейінгі айдың 15 інен кешіктірілмей жүргізіледі және есептеме беретін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Мұнда салық төлеушілер декларацияны (910.00 үлгісі) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына бірінші жартыжылдықта 15 тамыздан15 кешіктірмей (25 тамыздан кешіктірмей төлейді), екінші жартыжылдықта - 15 ақпаннан кешіктірмей (25 ақпаннан кешіктірмей төлейді) табыс етеді. ) Мұнда салық төлеушілер декларацияны ( 913.00 үлгісі) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есептемені тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді. Төлемді есептеу тоқсанынан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді.
Жалдамалы жұмыскерлердің табысынан ЖТС және әлеуметтік төлемдер ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

 

Сондай-ақ, бірыңғай жер салығын төлеушілер бар. Мұндай декларацияны (920.00 үлгісі) есептеме беретін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органдарына тапсыру қажет.

Жер бетіндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша да мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  • есептеу кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалар - ағымдағы есепті кезеңнің 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде;
  • есептеу кезеңнің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген сомалар – есептеу кезеңінен кейінгі мезгілдің 10 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде. 2022 жылдан бастап бірыңғай жер салығының сомасы жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түседі.

Мұнда жалдамалы қызметкерлер үшін ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеуді ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүргізу қажет.

2022 жылға арналған салық есептілігінің барлық үлгілері мен оларды жасау ережелерін мына жерден көруге болады.

- Материалдар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері негізінде дайындалды.

 

АСР бойынша 2022 жылы салық төлеу күнтізбесі



910.00 үлгісі 911.00 үлгісі 913.00 үлгісі 920.00 үлгісі Мобильді қосымша арқылы АСР ЖТС және әлеуметтік төлемдер
Есеп беру Бір айдан бір жылға дейін Есепту тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейін Есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Салық есептемесі берілмейді Есептеуден кейінгі айдың 15-күніне дейін (мобильдік қосымшада)
Төлем жүргізу Патент және әлеуметтік төлемдер бойынша - есеп-қисапты табыс еткенге дейін Есептеу тоқсанынан кейінгі екінші айдың 25-күніне дейін Табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін
1 жартыжылдық 15 тамызға дейін (15.02 кешіктірмей) Ағымдағы есептеу кезеңінің 10 қарашасына дейін
2 жартыжылдық 15 ақпанға дейін (25.02 кешіктірмей) Есептеу кезеңінің 10 сәуіріне дейін
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін