Қазақстан кәсіпкерлері ҚҚС-қа түсіп қалмауға қалайша тырысуда

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
3663
0 пікірлер

Кәсіпкерлер жеңілдетілген режимде ҚҚС салығы бойынша шектен өтпеуге тырысатыны ешкімге құпия емес. Әйтпесе, олар салық органына төлемдерді ай сайын жылдық кірістен 12% - ға толықтыруға мәжбүр болады.


Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың басында ШОБ өкілдерін тағы бір жағымсыз жаңалықпен дүр сілкіндірді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою шегі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 000-нан 20 000 еселенген мөлшеріне дейін төмендетілді.

Көптеген кәсіпкерлер бұл көрсеткішті жартыжылдық есептеумен шатастырады, сонымен қатар егер сіз жыл ішінде салық режимін өзгертсе, ҚҚС-қа түспейсің деп ойлайды. Бірақ, сарапшылардың ескертуінше, егер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген қызметтен түскен  ақшалай түсім 61 млн теңгеден асса, онда кәсіпкер автоматты түрде ҚҚС төлеуші болып табылады.

Басқа бизнес өкілдері үш компонентті біріктірілген жүйеге (ҮБЖ) қосылудың жолдарын іздеуде. Иә, шынында да, бұл жағдайда деңгейлік табыс айналымы жылына 400 млн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін, бірақ бұл тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларға қатысты. Сондықтан сарапшылар егер ағымдағы жылы айналым 61 млн теңгеден асып кетсе, онда ҮБЖ сіздерді құтқара алмайды деп ескертеді.

Құтылудың жолы бөлшек салықта болуы мүмкін. Бірақ сіз 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың бұл түрі тек тамақтану және мейрамханалар үшін қол жетімді болатынын білуіңіз қажет.

Сондай-ақ кәсіпкерлер жеңілдетілген режимдегі ЖК-і  барлар, жеңілдетілген режидегі ЖШС-ті ашып, салық төлемеудің осындай жолдарын да тауып жатады.   Сарапшылар мұндай шешімнің қисыны бар екенін айтады, дегенмен  бұлай істеу оңай емес дейді, өйткені іс жүзінде кәсіпкерлер өз бизнесін бөлшектеуге мәжбүр болады. Мұндай әрекет өз кезегінде  қаржыгерлер мен бухгалтерлерге қосымша ауыр жүктеме артады.

Барлық аталған факторларды ескере отырып, қаржыгерлер мен салық саласының мамандары бизнес өкілдері көзге түспеуге тырысып, ҚҚС есебін болдырмаудың жолдарын іздеуі мүмкін деген қорытындыға келеді. Олардың кейбіреулері Қаржы министрлігіне жүгініп, арыз жазған болатын. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін