"Біз көру қабілеті нашар адамдарды жұмыспен қамтимыз"

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4769
0 пікірлер

Қазірдің өзінде Қазақстанның әрбір өңірінде, тіпті шалғайда орналасқан жерлерде, іsmet.kz платформасын пайдалананатындар баршылық. Біз олар туралы көбірек айтуды, сәтті бизнес-кейстерімен бөлісуді немесе олардың жетістікке жету жолдары жайлы әңгімелеуді шештік.
 

Көкшетау тоқыма кәсіпорны 60 жылдан астам уақыт бойы ішкі нарықта жұмыс істеп келеді. Оның басты ерекшелігі - көру қабілеті нашар зағип адамдар әр-түрлі өнімдерді, атап айтқанда үйге және ірі кәсіпорындарға арналған жастықтар мен төсеніштерді шығарады. "Кокшетау "Қазақ зағиптар қоғамы" ОӨК фабрикасының директоры Қайыржамал Кравченко ішкі жұмыс процесі қалай ұйымдатырылғаны, әлеуметтік-жауапты бизнесті жүргізудің барлық қиындықтары және кәсіпкерлердің алдында тұрған жаңа қиындықтар туралы айтып берді.

 

Қайыржамал Яковлевна, уақытыңызды бөліп, бізге келгеніңіз үшін алғыс айтамыз. Кәсіпорын немен айналысады? Осы жайлы толығырақ айтып берсеңіз.

- Біздің зауыт халық тұтынатын тауарларды өндіреді және шығарады. Матрастарды, жұмсақ жабдықтарды, жастық көрпелерді, төсек жиынтықтарын өндіреді. Біздің басты ерекшелігіміз - біз көру қабілеті нашар адамдардыжұмыспен қамтимыз. Кейбіреулерін ардагерлер деп ауыз толтыра айта аламыз. Мұнда 35 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқандар да бар. Жастар да үнемі келіп тұрады. Біз жұмыспен қамту орталығымен бірге қызмет жасаймыз. Олар жыл сайын біздің кәсіпорындағы бос жұмыс орындарын зағип адамдарға ұсынады. Олар бізге келіп, жұмысқа орналасуға тырысады. Біз қажетінше көмектесеміз, бәрін көрсетеміз, оқытып үйретеміз. Алайда, барлығы бірден жұмысқа кірісіп кете алмайды: біреудің жұмысқа шамасы жетпейді, біреу жұмысқа қанағаттанбайды, біреуге жұмыс ұнамайды.

Мысалы, бұл жұмыста адамның ешқандай тәжірибесі болмаса, бұрын ешқашан машинамен жұмыс істеп көрмесе ше? Оларға жаңа жұмысқа бейімделу қаншалықты қиын? Жалпы, зағип адам тоқыма өнімдерін өндіруді және тігуді үйренуі мүмкін бе?

- Иә, біз адамдарды аз уақытта оқытып, үйретеміз. Шамамен 2 айдың ішінде олар қолөнерді толық меңгере алады. Әрқайсысына көмектесетін адам бекітілген. Бұл мемлекет тарапынан берілетін көмек. Мүгедектерге өмірге бейімделіп, ақша табуына жағдай жасап отыр. Бізде олар жалақыны  істелген жұмысына сай алады, яғни өндірілген өнім көлеміне байланысты ақысы төленеді . Біз негізінен тендер бойынша жұмыс істейміз және әрбір қызметкеріміз бір нәрсе жасап, ақша табуы үшін жұмысқа тартылуына тырысамыз. Әрине, әркімнің қабілеті бірдей емес: біреу әлдеқайда көп өнім шығарса, екіншісі ілеспей қалуы мүмкін. Дегенмен біз барлығына тең жағдай жасауға тырысамыз.

 

Сіз негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтіндігіңізді айттыңыз. Яғни кәсіпорын табысы көп жағдайда жеңіп алған тендерлерге байланысты ма?

- Шамамен жартысы пайда, қалған жартысы жеке түрде сатылып, ақшаға айналдырылады.  Бізді өңірдегі көп адамдар таниды, біледі. Өзімізді сапалы өнім шығаратын кәсіпорын ретінде көрсете білдік. Адамдар бізге келіп, жастық, матрас, көрпе, төсек-орын және т.б. өнімдерді сатып алады. Бізде кезінде дүкен болды. Тауарларымыздың тізімдемесі бар. Менің кабинетімде барлық тауар үлгілерінің жарнамалық орны бар. Бұл жерде қойма да орналасқан. Келген адам осы жерден тауарды сатып ала береді. Біз көп ақша таппаймыз, өйткені біз әлеуметтік жауапты бизнеспен айналысамыз. Біз мемлекеттік сатып алуларға қатысуға, балабақшалар, интернаттар мен басқа да ұйымдар үшін төсек-орын өнімдерін тігуге міндеттіміз. Яғни, біз өз шығынымызды өзіміз өтеу үшін жұмыс істейміз – жалақы, коммуналдық қызметтер. Пайданың бір бөлігін біз бас кеңсеге береміз, бұл шамамен 40%. Мысалы, биыл біздің табысымыз 50-60 млн теңгені құрды. Өткен жылы біз жақсы табыс таптық – 260 млн теңгеге дейін. Өкінішке орай, биыл ондай табыс болмады.

Кәсіпорынның қуатын арттыру үшін қандай да бір жаңа мүмкіндіктерді  неге пайдаланбадық деген сауалды өзіңізге қоймадыңыз ба?

- Иә, әрине, біз жұмысымыздың нәтижелерін талдадық. Біз табыс табу жолдарын талай іздедік деп айта аламын. Бірақ мынаны түсіну қажет:  жұмсақ төсек-орындар жыл сайын сатып алынатын, жыл сайын жаңартылатын тауар емес. Бір рет сатып алынған көрпе, жастық ұзақ уақыт бойы пайдаланылады. Бұл күнделікті сатып алынатын азық–түлік емес. Сондықтан бізде тұрақты табыс көзі жоқ. Кәсіпорынды одан әрі дамыту бойынша жоспарлар, әрине, бар. Біз полиграфиялық өнімдерді шығарумен айналысқымыз келеді. Қазіргі таңда жұмысқа қажетті қандай станоктар мен материалдар, қандай принтерлер қажет екенін зерттеп жатырмыз. Бізге ең ыңғайлы және заманауи жабдықтар керек, өйткені бізде мүгедектер жұмыс істейді. Барлық мәселені бас кеңсемен бірігіп шешеміз, сондықтан кәсіпорын жұмысын кеңейтуге өтінім беруіміз керек. Жарғы бойынша оны бас кеңсе мақұлдау керек. Сосын білек сыбана тағы бір бағытта жұмыс істеуді бастаймыз.

 

Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек бар ма?

- Біле білсеңіз, біздің кәсіпорын 1959 жылы Атқару комитеті маңындағы Зағиптар қоғамының облыстық басқармасы жанынан жеке кәсіпорын ретінде құрылған болатын. Халық депутаттарының кеңесі бұл шешімді қабылдады. Кәсіпорын жарғылық капитал бойынша жұмыс істейді, ондағы құрылтайшылар бірнеше жеке тұлғалар болып табылады. Республика бойынша 29 филиал бар. Барлығымыз толығымен бас кеңсеге тәуелдіміз, сондықтан біз үшін мемлекет тарапынан ешқандай субсидия қарастырылмаған және ешқашан болған емес.

Біз ешқашан көмек сұраған емеспіз. Біздің басты мақсатымыз – көру қабілеті нашар зағиптарды жұмысқа орналастыру. Бізде 1 және 2 топтағы мүгедектер бар. Көру қабілеті нашар мүгедектердің 68%-ы біздің кәсіпорында жұмыс істейді.

Кәсіпорын бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан, зауыт басшысы ретінде сіздің алдыңызда қандай қиындықтар туындайды? Атап айтқанда,  шаруашылық жүргізудегі жаңа сын-тегеуріндер мен үрдістерді ұстану керек пе?

- Әрине, қиындықтар баршылық. Онсыз болмайды. Білесіз бе, біздің кеңсе әлі күнге дейін ескі кеңестік рухты сақтап қалған. Көп нәрсені жаңа өмірге сәйкес жетілдіру қажет. Бірақ бізде зағип мүгедектерден басқа көзі көретіндер де жұмыс істейді. Мысалы, техникалық қолдау, жарнама бөлімдерінде. Олар жаңа үрдістерді ұстанады, жаңа технологияларды, интернеттің, цифрландырудың және т.б. мүмкіндіктерін жақсы біледі. Сондықтан біз ілгері басып, дамуға тырысамыз. Мысалы, біз іsmet.kz порталымен бірге жұмыс жасаймыз. Мұнда өзіміздің электрондық келісімшарттарымызды және басқа да құжаттарымызды сақтаймыз, акцияларға қатысамыз, жарнама орналастыру және т.б. арналған жаңа электрондық алаңдар туралы танып, білеміз. 

 

Кәсіпорын тағы қандай қиындықтарды бастан өткеруде?

- Жанымызды күйзелтетін нәрсе - мемлекеттік сатып алуға қатысу ережесі. Біріншіден, егер біздің бір филиалымыз құжаттарды уақытылы тапсырып үлгере алмаса, конкурстарға қатыса алмаймыз. Барлық 28 филиал үлестес құрылым ретінде қарасытырылады. Біз үшін қолайсыз. Бұл орайда, ішкі бәсекелестік туындайды. Бір кәсіпорын бола тұра, бір-бірімізбен бәсекелесеміз ғой. Екіншіден, конкурстардан жиі ұтыламыз, ең төменгі бағаны қоя алмаймыз. Өйткені біз жоғары сапалы өнім шығарамыз. Қоспасыз, қалдықсыз аппақ таза мақтаны пайдаланамыз. Оны оңтүстіктен әкелеміз. Ал тендерлерді ұтатындар - тауарларға әрдайым ең төменгі бағаны қоятындар. Олардың төсеніш матрастары қайталама шикізат пен тозығы жеткен шүберекке толы. Ондай матраста  ұйықтау мүмкін емес қой.

Сіз бұл мәселелерді шешуге тырыстыңыз ба?

- Иә, заңгерлер біздің филиалдарымыз үлестес құрылым ретінде қарастырылмауы үшін ресми өтініштер жазды. Мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде жұмыс істейді және де шешеді. Сондықтан бір нәрсеге қол жеткізу қиын. Егер біздің бір ғана филиал алдымен өтініш беретін болса, онда қалған 28 зауыт үшін порталға кіру мүмкіндігі дереу жабылады. Сол себепті күні-түні сайтта отырып, конкурстарды бақылауға мәжбүрміз. Бұлай жұмыс істеу мүмкін емес. Біз биылғы жылы тендерлерге шыға алмаймыз. Қаржы министрлігіне осы мәселені шешуді сұрап көптеген хаттар жаздық, өйткені біз әрқайсысының өз жарғысы бар бөлек жеке заңды тұлғалармыз. Әзірге жағдай шешілмей тұр. Талмастан тиісті жерлерге хат жаза береміз. Талап - талмас қанат. Талаптың жолы тастан да ауыр. 

Сіз бұл салаға қалай келдіңіз?

- Мен өмір бойы мемлекеттік қызметте болдым, әкімдікте қаржы бөлімін басқардым. Осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатына түсіп, көзім зақымданған болатын.  Біз Ақкөл қаласынан шығып, тас жолда жүк көлігіне тап болдық. Осылайша мен мүгедектікке душар болдым. Көзім көрмеу қалды. Жұмыстан шығуыма тура келді. Біраз уақыт жұмыс істемей үйде жаттым. Бірде маған қоңырау шалып, осы зауытта директоры қызметін ұсынды. Біздің ұжымымыз өте жақсы және тату екенін атап айтқым келеді. Біз өз қызметкерлерімізге қолымыздан келгенше көмек көрсетеміз. Мүгедектер күніне және басқа да мерекелерге арналған іс-шаралар ұйымдастырамыз, сыйлықтар таратамыз. Олар шахмат және тоғыз құмалақ сайыстарына қатысады. Олар біздің нашар көретіндерге арналған кітапханаға барып, кітап оқиды, ой-өрісін кеңейтеді. Барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Жалақылары, әрине, өте аз – айына 20 мың теңге ғана. Сондықтан мен барша жұртқа айтып, мүгедектігі бар адамдарды қолдау үшін біздің өнімді сатып алуды сұраймын, өйткені олар тырысып бағады. Өмірден түңілмей, ешкімге шағымданбай өз орнын тауып, жұмыс істеуге келгендері олар үшін үлкен қадам. Олардың табысы тауарлардың сатылуына байланысты.

 

textu
textu

 

Қызықты да ашық әңгімеңіз үшін көп рахмет. Ismet.kz порталы атынан сіздің кәсіпорныңызға табыс, үлкен өзгерістер тілейміз. Кәсібіңіздің нәсібін көріңіздер!

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін