ШОБ иелері мемлекеттік төлемдер туралы нені білуі қажет, дейді заңгер Ақмарал Хитарова

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4841
0 пікірлер

ШОБ иелері мемлекеттік төлемдер туралы нені білуі қажет, дейді заңгер Ақмарал Хитарова


Қаңтар айында бизнес иелері Қазақстанның бірнеше ірі қалаларында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде айуандықпен жасалған вандализм актілеріне тап болды. Бүлік салдарынан бизнеске келтірілген шығын 95,3 млрд теңгеден асты.

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері ШОБ шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік көмекке өтінімдерді қабылдауда.

Залалды қалай бағалау керек, өтінішті қалай дұрыс беру керек – кәсіпкерлерге маңызды осы сұрақтарға заңгер Ақмарал Хитарова жауап берді.

 

Қазір ШОБ иелері заң аясындағы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?

Кәсіпкерлер мемлекетке әрбір тауардың құнын дәлелдеуіне тура келеді.

Қазірдің өзінде не чектері жоқ, не тауарлары тізімделмеген кәсіпкерлер бізге жүгінуде. Бизнес иелеріне мұндай шығындарды дәлелдеу қиынға түсуі мүмкін. Нәтижесінде көмекақы ала алмайды.  

Мүмкіндігінше мамандандырылған бағалау компанияларын жалдап, залалды бағалау қажет.

Заңды тұрғыда кәсіпкерлерге берілетін көмекақының кезектілігі/басымдығы бар ма? Мұны қайдан білуге болады?

Мұндай ережелер әлі жоқ.

Үкімет ТЖ режимі аяқталғаннан кейін залалды өтеу ережелерін дайындайды деп ойлаймын.

Мемлекеттік көмек бүлік кезіндегі барлық шығындар толығымен өтей ме?

Сірә, мұның бәрі кәсіпкерлердің өздеріне және барлық шығындарды арнайы органдарға қалайда дәлелдей алатындығына байланысты. Көмек бір реттік субсидия түрінде берілуі әбден мүмкін. Әзірге "Атамекен" залалдар туралы деректерді жинауда, ал мемлекет қалай әрекет ететіні белгісіз.  

Төлемге өтініш берудің қандай да бір тәртібі бар ма? Қағазбастылыққа айналып кетпей ме?

Алдымен 102-ге қоңырау шалу қажет. Сосын өтініш жазыңыз, залалды тіркеңіз.

Өтініш берер алдында нені білу маңызды?

Мүлікке келтірілген залалды мүмкіндігінше дәлелдеу қажет.

Қандай жағдайда мемлекет төлемдерден бас тарта алады?

Иә. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызса, мемлекеттік органдар көмекақы беруден бас тартуға құқылы. Қалай болғанда да, сізге көмек берілмейтіні туралы негіздеме аласыз.

Шығындардың жалпы сомасын қалай құжаттауға және дәлелдеуге болады?

Өтінішіңізді сақтаңыз, фото және бейне жазба жасаңыз. Егер сіздің мүлкіңізге зиян келтірілгені жайлы камералардан түсірілген бейнежазбалар болса, оны дәлел ретінде көрсетуіңізге болады.

Қазіргі жағдайда барлық зардап шеккен кәсіпкерлерге тыныштық сақтауға, сондай-ақ залал бойынша, залал сомасы бойынша және т.б. көптеген дәлелдерді жинап, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге кеңес беремін.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін