Азық-түлік дүкенін қалай ашуға болады?

 

 

Орын табу қажет

Жақын жерде ұқсас тауарлар сұрыпталымы сатылатын дүкендер жоқ жерді таңдауға тырысыңыз. Көшеге шықпау үшін 2gis ғаламтор-сервисін ашуыңызға болады. Күндіз-түні жұмыс жасау режимі артықшылық береді.

Көрші кварталдағы дүкендерге сатып алушылардың келу ағынын бағалаңыз. Мұны өз бетіңізше жасауға болады: дүкеннің жанында таңертең, күндіз және кешке жұмыстан кейін екі сағаттан тұрыңыз. Дүкенге қанша адам кіргенін жазып алыңыз, тәулігіне шамамен қанша табыс түскенін болжап есептеңіз. 

Толыққанды ыңғайлылық үшін кіреберіс есіктерден табалдырықты алып тастаңыз (максимум 2-3 баспалдақ болуы тиіс), кең есік орнатыңыз және орынжайды кондиционерлеу жүйесін ойластырыңыз. 

 

magaz

Азамат Шадьяров, Алматы қаласындағы бөлшек сауда дүкенінің директоры

 

Мен орынжайды сатып алғанға қарағанда, жалға алу әлдеқайта тиімді деп есептеймін. Сату ауданын кеңейткіңіз келсе немесе басқа ауданған көшіп кеткіңіз келсе, жалға алудан әрдайым бас тартуға болады, жалға алу стратегиялық шешімдер қабылдаған кезде лезділікті береді.

Орынжайды сатып алу – бұл орасан зор салымдар, қаражаттарды тоңазыту. Бұл ақшаны бизнесіңізді одан әрі дамытуға, тауарлардың жаңа сұрыптамасын сатып алуға жұмсаған дұрыс деп есептеймін. Мұндай салымдар жылдам өтеледі. 

 

 

 

Сатып алушыларға қалай жылдамырақ қызмет көрсетуге болады?

 

paloma365

 

Дүкендерге арналған электрондық сервистерді пайдаланыңыз, қағаз жазбалар арқылы жұмысты күрделендірмеңіз. Сіздің алғашқы сатып алған топтамаңыз жеткізілген кезде сіз тауарларды қоймаға кірістеуге тиіссіз, бағасын белгілеуіңіз қажет. Тауарлар сатылған кезде олар қоймадан автоматты түрде есептен шығарылуы тиіс. Егер осындай қарапайым ұсақ-түйектерді дәптерге жазса, онда оңай қателесіп кетуге болады, не болмаса қағаздар жоғалып қалуы мүмкін. Қанша пакет сүт сатқаныңызды, қоймада қаншасы қалғанын қалай білуге болады?

Автоматты түрде есепке алу уақытты үнемдейді және адам факторын болдырмайды. Түгендеуді жүргізіңіз, акциялар өткізіңіз, сатылымдар туралы есептерді жылдам әрі қатесіз қалыптастырыңыз. 

 

Егер сіздің сату нүктеңіз шағын болса, онда «Мен қожайынмын» DSS таңдаңыз. Ұсыныс қарапайым қоймалық есепке алу үшін және сатылымдарды есепке алу үшін сай келеді. Бағдарлама қанша тауар қалғанын және қанша тауар сатылғанын, қай тауар жақсырақ сатылатынын, қай тауарды қосымша сатып алу қажет екенін, сіз қанша жұмсағаныңызды және қанша табыс алғаныңызды көрсетеді.

 

Paloma365 — ірі ритейлерлерге, шатханаларға, мейрамханаларға және қызмет көрсету салаларына арналған. Жүйе сатылымдарға талдау жүргізеді, акциялар өткізуге және жеңілдіктерді есептеуге көмектеседі. Paloma365 жүйесінде аспазшылар немесе курьерлер жұмыс жасай алады. 

 

 

 

 

magaz

Азамат Шадьяров:

 

Цифрлық жүйенің арқасында мен сатылымдардың аналитикасын: ең көп өтетін тауарларды, өткен айда қанша табыс алғанымды, күнделікті есептерді көремін. Соның арқасында мен келесі айда қандай тауарларды сатып алу қажет екенін, ал қандай тауарлар күте тұратынын білемін.  

Дүкен үшін арнайы мен автономиялық генератор сатып алдым. Электр энергиясы өшіп қалған кезде генератор тығырықтар шығарды. Біз орналасқан үйде жарық өшіп қалған кезде де компьютер, касса, электрондық жүйелер бұрынғы режимде жұмысын жалғастырды.

 

 

 

Кассаны орнату

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер онлайн-БКМ ғана пайдалануға міндетті. Бұл не және қандай түрлері бар екені жайлы біздің материалымыздан біліңіз. Егер сіз БКМ 2019 жылы сатып алаңыз, онда сізге бір реттік салықтық жеңілдік түрінде өтемақы төленуі тиіс. Бұл не үшін керек және оны қалай алуға болатыны жайлы осы жерде оқыңыз.

Сай келетін кассалық аппаратты біздің порталымыздан таңдауға болады:

 

Тақырып бойынша материал:  Онлайн-БКМ қалай таңдауға болады

 

 

Сұрыптаманы іріктеңіз

Үйдің жанындағы дүкенге адамдар кешкі асқа тамақтар сатып алу үшін кіреді, сондықтан тұрғын үй кешендеріндегі минимаркеттерде шұжықтар, ірімшіктер, тоңазытылған жартылай дайын өнімдер, сүт және ет үнемі болу керек. Тауарлар сұрыптамасының 1–3% көрші кварталдағы бәсекелестерде сатылмайтын тауарлар құрауы тиіс: бұл электрондық темекі, фермерлік өнімдер немесе алкогольдің ерекше сауда белгілері болуы мүмкін.

Алдымен тауарларды екі кезеңмен сатып алуға кеңес береміз. Бірінші толқын – ең қажет тауарлар, яғни клиенттердің келуін жақсартатын тауарлар. Өнімдердің екінші бөлімін, мысалы, алкогольді дүкен жақсы айналымға шыққан кезде сатып алыңыз. Алкоголь өнімін сату үшін лицензия алуды ұмытпаңыз.

 

Тақырып бойынша материал:

Алкоголь және темекі өнімдерін міндетті таңбалау. Сынамалы жобаға тегін қатысу

 

 

 

Тауарды дұрыс шығарыңыз

Арзан тауарларды бағыттың ең басына орналастырыңыз, осылайша сатып алушыда баға саясаты туралы жақсы пікір қалыптасады. Көлденең орналастырған кезде пайдалы тауарлар мен бағасы төмен тауарлардың секцияларын кезек-кезек орналастырыңыз. Пайдалы тауарларды залдың соңына орналастырмаңыз, себебі клиент ол жерге жеткенше себетін толтырып алуы мүмкін. Нан мен сүт сияқты ең өтімді тауарларды соңында орналастырыңыз, осылайша сатып алушы барлық сұрыптама арқылы өтеді.

Бағалықтар. Егер тауарларда бағалықтар болмаса немесе егер бағалықта бір баға көрсетілсе, ал кассада басқа бағаны есептесе, онда дүкенге деген сенім лезде жоғалады. Бағалықтарға тауардың құнын, салмағын және атауын көрсетіңіз. Осылайша сіз түсінбестікке жол бермейсіз, тіпті егер біреу тауарларды байқамай жылжытып қойса да қиындықтарға тап болмайсыз.

Ілеспе тауарды негізгі тауармен бірге ұсыныңыз. Мысалы, бәліштер мен кәмпиттерді шай сататын бөлімнің жанына орналастырыңыз. 

Қандай да бір сауда белгісінің сатылымын арттыру үшін оны сатылым көшбасшылары орналасқан сөреге қойыңыз. 

 

Жеткізушілерді қайдан іздеуге болады?

Дүкен үшін тауарларды көтерме базарларда сатып алуға болады. Онда барлығын: шаруашылық тауарларынан бастап теңіз өнімдеріне дейін табуға болады. Ашылған күні тауарларды сөрелерге шығару үшін бірнеше рейс жасауға тура келуі ықтимал.                                                                                                                                                                               

Көтерме сатып алуды үйде отырып жасауға да болады. Бұл үшін сауда онлайн-алаңдарын пайдаланыңыз. Олардың бірі – Qoovee халықаралық алаңы. Өтінімді рәсімдеңіз, өз бағаңызды белгілеңіз және лотты іске қосыңыз – жеткізушілер сізді өздері тауып алады. Qoovee мәміленің қауіпсіздігіне кепілдік береді: сіз ақшаны жеткізушіге тікелей жібермейсіз, ақша алдымен Qoovee аралық шотына түседі және шарттардың талаптары орындалған кезде ғана сатушыға жолданады.                                    

 

 

Өз міндеттерін толық орындайтын жеткізушіні таңдау

Шартқа қол қоймас бұрын жеткізушіні онлайн-сервисте тексеріңіз. Kompra қосымшасы мемлекеттік тізілімде келтірілген деректердің негізінде дайын құжаттама беріледі. Файлда жеткізуші туралы шынайы қорытындылар жасауға көмектесетін ақпарат келтірілген: кіммен және неліктен соттасқанын, жосықсыз жеткізушілердің тізімдерінде тұрмағанын, берешектері бар ма екенін және қандай сатып алуларға қатысқанын білуге болады.

 

 

Дүкенді ғаламторға қосу

Ғаламтор кассаны желіге қосу үшін арналған. Қажет болса, онлайн-бейнебақылауды орнатыңыз және камераларға смартфоннан қосылыңыз. Бұл үшін дүкенге ғаламтор-қосылысы қажет. «Қазақтелеком» және «Алтел» ұсынған байланыс қызметтері заңды тұлғалар мен ЖК үшін арнайы тарифтер бойынша қосылыңыз.

 

Максималды жылдамдық

Бүгінгі күні ең жылдам қосылу әдісі.

Толығырақ

4G LTE сымсыз ғаламторы

Ғаламтор ыңғайлы жерде жұмыс істейді.

Толығырақ

Қауіпсіз ғаламтор

Өз ұйымыңыздың компьютерлерін, планшеттері мен телефондарын вирустардан қорғаңыз.

Толығырақ

 

Бейнебақылауды орнату

Дүкеннің ішіне қымбат емес қара-ақ камераларды орнатыңыз. Қымбат тауарлар қойылған көрме-сөрелер «соқыр» аймақта болмауына назар аударыңыз. Камера кассаның үстінде міндетті түрде болуы тиіс. Дүкенге кіреберісте түсіру сапасы жақсы түрлі-түсті камераны қоюға кеңес беріледі, бұл төтенше жағдайлар болған кезде полицияға немесе сотқа жақсы жазбаны ұсыну үшін қажет. «Қазақтелекомнан» қызметтерге тапсырыс берген кезде камераны қай жерге ілуді сіз өзіңіз шешесіз. 

 

 

ЖШС немесе ЖК

Екі меншік нысаны арасындағы айырмашылық қысқаша түрде:

Салықтар. Жалпы тағайындалған режимнің аясында ЖК табыстан 10% салық төлейді. ЖШС 20% мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығын төлейді.

Бухгалтерлік есеп. Егер ЖК патенттің негізінде жұмыс істесе, онда бухгалтерлік есепті жүргізу міндетті емес. ЖШС-ң мұндай құқығы жоқ.

Айыппұлдар. ЖШС-ге қарағанда, ЖК үшін айыппұлдардың өлшемі төменірек. Мысалы, жеке кәсіпкер салықтық есептемені уақтылы ұсынбаса, онда ол үшін айыппұл 30 АЕК (75 750 тг) құрайды, ал ЖШС үшін – 45 АЕК-тен 70 АЕК дейін.

Жауапкершілік. Мысалы, егер ЖК берешектері бойынша серіктестерімен есеп айырыса алмаса, онда берешектерді өтеу үшін оның жеке мүлкі: пәтері, автокөлігі, тұрмыстық техникасы өндіріп алына алады. Егер ЖШС мұндай жағдайға тап болса, онда ЖШС-ге берешектерді төлеуге тура келеді, бірақ оның құрылтайшылары төлемейді. Яғни олардың жеке мүлкі бұл процедураға қатыспайды.

Компанияны сату. Егер сіз бизнесіңізді сатуға шешім қабылдасаңыз, онда ЖК фирмасын сата алмайды. Шын мәнісінде компания емес, жеке кәсіпкердің мүлкі сатылатын болады. Егер сіз ЖШС-ң қожайыны болсаңыз, онда бизнесіңізді атауымен және беделімен толық сата аласыз. 

Егер сіз серіктестермен бірге жұмыс жасасаңыз немесе сізде бизнесіңізді кеңейту бойынша күрделі жоспарыңыз болса, мысалы, сауда желісін өрістеткіңіз келсе, онда жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты меншік нысаны сай келеді. ЖК – жеке кәсіпкер, яғни жеке тұлға, бірақ оның бизнесті жүргізу құқығы бар. ЖК құру процедурасы анағұрлым қарапайым. ЖШС – бұл заңды тұлға. ЖШС үшін көбірек құжаттарды жинау қажет және оның бағасы қымбатырақ, себебі құрылтайшылардың жиналысын жүргізу, жарғылық капиталға жарна енгізу, жарғыны жазу қажет.  

 

Smart Online KKM + DSS «Я хозяин»

1 месяц доступа и 1 рабочее место

 

Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін тарауына өтіңіз және біздің мақалаларымызды оқыңыз. Біз кеңестер береміз және стартап үшін ақшаны қайдан табуға болатынын, алғашқы жарты жыл ішінде дәрменсіз болып қалмау туралы және өз компанияңызды қалай тиімді басқару туралы айтып береміз.

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии

 

Тақырып бойынша материалдар