Таңбалау дегеніміз не, ол не үшін қажет және Қазақстандағы тауарларды таңбалау бойынша пилоттық жоба туралы барлық ақпарат

 

Таңбалау темекі өнімдері үшін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, және кезең-кезеңімен басқа тауарлар топтарына да міндетті болады. Бұл күтпеген тосынсый болмауы үшін және дайын болуға үлгеру үшін өндірушілер мен сатушылар үшін таңбалау бойынша пилоттық жоба өткізіледі.

Таңбалаудың басты мақсаты – халықты жалған өнімдерден қорғау және көлеңкелі бизнес пен контрафактіге тойтарыс беру.

 

 

Таңбалау дегеніміз не және сатып алушыға неге тек таңбаланған өнім керек?

Таңбалау – бұл тауардағы өндіруші, сериялық нөмір мен бұзудан қорғаныс коды туралы ақпаратты қамтитын арнайы шифрланған таңба. Белгі DataMatrix-коды түрінде түсіріледі. Бұл қара және ақ өрістер түрінде екі өлшемді шаршы кескін. Таңбалаудың көрінісі мынадай:

 

 

Таңбалау поштада қойылатын сәлемдеменің нөміріне ұқсас: ол бойынша пакеттің немесе қораптың алушыға дейін бүкіл жолын қадағалап шығуға болады. Сондай-ақ, шараптың бөтелкесіне таңбалауды өндіруші де түсіреді. Таңбалау – бұл сатып алушы үшін сапа белгісі: ол тауардың астыртын фабрикада жасалмай, нағыз өндірушімен шығарылғанына кепілдік береді. Сатып алушы өндірушінің таңбасысыз бөтелке шарапты кәрзеңкеге салғысы келмейді.

 

Тауарды таңбалау бойынша пилоттық жоба дегеніміз не және оған неге қатысу керек?

Таңбалау тауарлық тізбектің барлық қатысушыларына: өндірушілерге, дистрибьюторларға, супермаркеттерге және тіпті үй маңындағы дүкендерге де әсерін тигізеді. Бұл ұзақ жол.

Пилоттық жоба қатысушыларға күрделі жабдықтар мен бағдарламаларды тестілеп шығуға, жүктемені есептеуге және тізбектің әлсіз жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Жобаға өндірушілер де, ірі дистрибьюторлар да, шағын супермаркеттер мен дәріханалар да қосыла алады. Тіпті үй маңындағы кішкентай дүкендерге де қам жеу керек, өйткені таңбаланған темекі, алкоголь және дәрі-дәрмектер біртіндеп айналымнан шығарылатын болады.

 

Таңбалау бизнес пен өндірушілерге не үшін керек?

Электрондық жүйеде тауарды таңбалау арқылы қадағалауға болады: ол қайда тұр, қайда бара жатыр, қай серіктес қабылдап алды, қай дүкенде сатуға шығарылды және қашан сатылды. Таңбалау дүкендер мен қоймалардағы қалдықтар туралы сенімді цифрларды береді – осылайша сатулардың шынайы жоспарларын тұрғыза аласыз.

Криптографиялық шифрлануына байланысты жүйені бұзу және таңбалауды қолдан жасау мүмкін емес. Осылайша контрафактінің үлесі азайтылады және заңды өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады.

 

«Пилотқа» кім қатыса алады?

Пилоттық жобаға тауарлардың: темекі, алкоголь өнімдерінің , дәрі-дәрмектердің және аяқ киімнің ең басым топтарының өндірушілері мен сатушылары қатысады.

Жобаға қатысу тегін.

 

Таңбалау қалай жұмыс істейді?

  1. Өндіруші ыдысқа DataMatrix-тың бірегей кодын түсіреді және оны бас дистрибьюторға жібереді.
  2. Дистрибьютор топтаманы қабылдайды және сканерлейді, және оны дүкендер мен супермаркеттерге жөнелтеді.
  3. Супермаркет жаңа топтаманы алған кезде қаптамалардағы кодтарды оқиды және БКМ арқылы заңды тауарды сатады.
  4. Сатқан сәтте кассада 2D-сканер таңбаны оқиды және код айналымнан шығарылады.
  5. Тіпті сатып алушының өзі мобильді қосымшаның көмегімен таңбаламаны оқи алады және бір қорап темекінің немесе бөтелке шараптың шыққан жерін тексере алады.

Тауардың бүкіл жолы әр сатыда ақпараттық жүйеде бекітіледі.

DataMatrix коды тауарды қабылдау және жөнелтім кезінде ыңғайлы.

DataMatrix темекі блогында ішіндегі барлық қорапшалар туралы ақпаратты қамтиды. Қораптағы код оған салынған барлық блоктар туралы мәліметтерді қамтиды. Яғни, қораптағы бір кодты оқып, дүкен бір сканерлеумен жүздеген қорапшаларды қабылдап алады.

 

DataMatrix кодтарының артықшылығы неде?

Мысалы, QR-кодына қарағанда, DataMatrix-тің басты артықшылығы – оның өміршеңдігі және кішкене ауданда барынша көп ақпаратты сыйғызу мүмкіндігі.

DataMatrix-коды өзінің қалпына келуі туралы ақпаратты қамтиды. Бұл таңбалама тасымалдау кезінде зақымдалса да, сканер оны сәтті оқи алатынын білдіреді. Тіпті егер бейненің үштен екі бөлігі өшіріліп қалса да, DataMatrix оқылатын болып қалады.

 

Кәдімгі жолақты штрих-кодпен не болды? Ол немен жақпай қалды?

Сызықтық штрих-код бойынша таңбаланған тауардың әрбір бірлігін қадағалап шығу мүмкін емес. Тағы да бір үлкен кемшілігі – мұндай штрих-код өзіне, DataMatrix сияқты, жеткілікті көп ақпаратты сыйғыза алмайды.

 

Қатысу үшін қандай жабдық қажет және оны қайдан алуға болады?

Өндірушілерге өндірілетін тауарға DataMatrix кодтарын түсіру үшін арнайы жабдық; бөлшек сауда нүктелеріне – БKM және сатуға арналған 2D-сканерлер қажет болады.

Қажетті жабдықты оларға да, басқаларға да жоба кезеңінде «Қазақтелеком» АҚ тегін ұсынады.

 

Бөлшек сауда нүктелері қалай жабдықталуы керек?

1.  Дүкендерде және дәріханаларда ҚДО-ға қосылған бақылау-кассалық машиналар тұруы керек.

2.  Кассалық аппаратпен бірге кодтарды оқуға арналған 2D-сканері жұмыс істеуі керек.

3.  Кассалық аппараттарға таңбалау кодтарын Қазыналық деректер операторына жіберуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманың нұсқасы орнатылуы керек.

4.  Бөлшек сауда орны таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі керек.

Пилоттық жобаның қатысушыларына барлық жабдықтарды «Қазақтелеком» АҚ ұсынады.

 

Қандай нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасында таңбалауды енгізуді реттейді?

Қазақстанда таңбалау мен бақыланушылықты енгізу келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттелген:

  • 2018 жылғы 2 ақпандағы Алматыда Одақ елдерінің үкімет басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау туралы келісім.
  • 2019 жылғы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
  • Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II Заңы (14.04.2019 жылғы жағдайы бойынша өзгерістермен және толықтырулармен).

 

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии

Аяқ киімді таңбалау бойынша «сынамалы жобаға» кім қатыса алады?

Сынамалы жобаға ерікті түрде қатысуға болады. Тауар айналымының барлық қатысушылары: импорттаушылар, комиссионерлер, көтерме және бөлшек сауда дүкендері қатыса алады.

 

«Сынамалы жобаның» мерзімдері қандай?

Сынамалы жобаның ұзақтығы: 2019 жылғы 30 шілде – 2020 жылғы 31 наурыз. Жобаның қорытындылары 2020 жылдың шілде айында шығарылады.

 

Аяқ киімнің қандай түрлері таңбаланатын болады?

Аяқ киім дайындалатын бөлшектер мен материалдардан басқа, аяқ киімнің барлық түрлері таңбаланатын болады.

 

Мен «сынамалы жобаға» қатысқым келеді. Қайда хабарласуға болады?

Сіз Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жүгіне аласыз.

Өтінімде мынадай мәліметтер болуы тиіс:

  • Ұйымның немесе ЖК атауы
  • ЖСН/БСН
  • Өндірістік алаңның мекен-жайы (өндірушілер үшін)
  • Аяқ киім тауарлары таңбаланатын қойма орынжайларының мекен-жайлары (импорттаушылар үшін)
  • Электрондық пошта
  • Онлайн-БКМ тіркеу нөмірлері (сату бөлімшелері үшін)

 

Аяк киімді кім және қайда таңбалайды?

Егер аяқ киім Қазақстанда өндірілсе, онда таңбалау өндірушіге жүктеледі.

Егер аяқ киім шетелде немесе ЕАЭО елдерінде өндірілсе, онда тауарды импорттаушы таңбалайды. Мұндай жағдайда үш әдіспен таңбалауға болады:

  • өндіруші ҚР шекарасынан тыс өз өндірісінде
  • шекарадан өткенге дейін кедендік қоймаларда
  • Қазақстанның аумағында. Бірақ мынадай шарт бар: импорттаушы таңбалау кодтарына алдын ала тапсырыс беруі тиіс және оларды әкелінетін тауардың декларациясында көрсету тиіс.

 

Таңбалау үшін қандай жабдық қажет?

 

Заттаңбалар принтері

Тауарлық құлақшаларға арналған жапсырмалар

Қолмен агрегациялауға және қойма операцияларын арналған деректерді динау терминалы

Бөлшек дүкендерге арналған таңбалау сканерлері

Агрегация дегеніміз не?

Агрегация — бұл бірнеше элементті бір сызықша-кодтың астына біріктіру.

Мысал.

Қораптағы таңбаламада аяқ киім салынған барлық қораптар туралы ақпарат бар. Контейнердегі кодта оған қапталған барлық қораптар туралы деректер бар. Яғни контейнердегі бір кодты оқу арқылы дүкен бір рет сканерлеу кезінде барлық жеткізілген аяқ киім топтамасын қабылдайды. Ішіне ондаған жұп аяқ киім салынған топтаманы қабылдау немесе жөнелту қажет болған кезде бұл ыңғайлы.  

 

 

Менің қоймамда өткізілмеген тауар жатыр. Егер жеткізуші жоқ болса, ал аяқ киімге қатысты құжаттар жоғалып қалса, аяқ киімдіқалай таңбалауға болады?

Ақпаратты жүйеле таңбалау кодтарын сұратыңыз және таңбаламаның жапсырмаларын енгізіңіз. Осы жұмысты жасауға үлгеру үшін «сынамалы жоба» аяқталған сәттен бастап міндетті таңбалау туралы заң күшіне енгенге дейін сізде уақыт болады.

 

Дүкен бір жұп бәтеңкені сатты, бірақ сатып алушы тауарды қайтарды. Бұл жағдайда таңбалауды қалай жасауға болады?

Тауар дүкенге қайтарылған жағдайда дүкен тауарды қайта таңбалауы тиіс. Электрондық жүйеде жаңа кодқа тапсырыс береді және тауарлық құлақшаға жапсырманы жапсырады.

 

Тауардың бір бірлігін таңбалау қанша тұрады?

Сынамалы жоба кезінде таңбалау кодтары тегін түрлендірілетін болады. Бір таңбалама үшін тарифті үкімет бекітетін болады.

 

Таңбалама қалай енгізіледі?

Таңбалама тауарлық құлақшаға немесе тауарлық қорапқа енгізіледі.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии

 

 

Сұрақтар

 

Егер сынамалы жобаға қатысу Сізді қызықтырса немесе қосымша сұрақтарыңыз болса, онда төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша бізге хабарласыңыз:

 

Темекі өнімі

aismailov@domino.telecom.kz

+7 702 000 28 78

Исмаилов Алмат

Аяқ киім

 

+7 701 525 55 69

Бакырбаев Оразалы

 

 

 

Мәліметпен бөлісу