Экономикалық дағдарыс қазақстандықтардың үйреншікті өмірлеріне өзгерістер енгізді. Бағаның жоғарылауы, жалалақының жоқтығы халық үшін дүкенге кіріп, киым сатып алуды мәселе етті.

Егер де қалта көтермейтін бір нәрсені сатып алғыңыз келсе, не істеу керек? "Бір баға" дүкендерінің біреуіне келіңіз. Бұл жерде сіз жұмысқа, үйге қажетті кез келген затты небәрі 300 теңгеге сатып ала аласыз. 

"Бір баға" дүкендерінің директоры, Ботакөз Тілемісова не үшін осындай бағытты таңдағаны және бөлшектеме саудада қандай тәуекелдер кездесетіні жайлы айтатын болады. 

 

"Бір баға" дүкендерінің директоры Ботакөз Тілемісованың әңгімесі.

Бұл ой шетелден келді.

Институтта экономика оқыдым, ал мамандығым бойынша қаржыгермін. Университетті тәмамдаған соң маркетолог ретінде жұмыс жасадым. Өз ісімді бастау үшін бұл тәжірибе маған үлкен рөл атқарды. 


Жеке бизнесіммен айналысуды ұзақ уақыт бойы жоспарлаған болатынмын. Отбасыммен бірге бірнеше жыл бойы шетелде тұрдық, соның ішінде Араб Эмираты да бар. Ол жерде тауарды бір бағамен сататын көптеген дүкендерді кездестірген болатынмын. Атаулы дүкендерге барғанды қатты ұнататынмын. Осылайша жобаны Қазақстанда іске асыру ойы келді.

Бір күні, дүкенде болған кезімде бір сатып алушы осы дүкенге бағаларды көріп, көңілін көтеруге келетінін айтқан. Сол сатып алушы бас киім алған болатын. Олардың әңгімесінен сатып алушы жеңілдеу үшін дүкенге келетінін түсіндім.  


Біздің елімізде бұндай дүкен жоқ еді. Осылайша елімізде атаулы дүкенді ашып, қарқындату ойы келді. 

Бөлшек желісін ашу қиын ба?

Қазақстанда өз бизнесінді ашу қиын емес. Тіркелудің барша үрдісі автоматтандырылған және онлайн тәртіпте жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге көмек көрсететін ұйымдар жұмыс жасайды. 

"Бір баға" дүкендер желісін ашпас бұрын, алдымен дайындық іс-шараларын жүргіздік. Ойды дамыту мен қарқындату, сонымен қатар маркетинг, тасымал және бизнестің қаржылық жүйесін құру үшін күш салдық.  

Теңге құнының төмендеуі біз үшін үлкен сынақ болды. Сол кезде біз Қытай мемлекетінде тауарға тапсырыс беріп, келісім-шарт жасау үстінде едік. Тапсырысты төлеген соң, теңгенің құны төмендеп кетті. 

Қытайлықтармен жұмыс жасаған кезде үнемі зерделі болу қажет. Келісім беріп, артынша керек жағдайда ойларынан бас тарту жиі кездесетін жағдай. Бұл жағдай тауарды жеткізуде де кездесуі мүмкін. Бұндай мәселені шешу үшін бұл салада тәжірибесі бар мамандарға жүгінеміз.  Нәтижесінде Қытайдағы үрдісті басқаратын, қадағалайтын сенімді бизнес-серіктес тауып алдық.  

Алматы қаласында үй-жай мәселесі жөнінде қиындықтар туындайды. Жалға алудың қымбат болуы жаңа бастама алған бизнесті үлкен шығындарға әкеледі. Қазіргі таңда нарықта жалға алудың құны төмендеп келеді. Ойын-сауық орталықтарының иелерімен саудаласып, жалға алудың құнын төмендетуге тырысамыз.  

Біз әр адам үшін сатып алу мүмкіндігі бар тауарларды ұсынамыз. 

Біздің жобамыздың жұмыс жасау мерзімі бір жылдың шамасы. Қазіргі таңда желі дүкендерінің саны төртеу, көп ұзамай бесінші дүкен ашуды жоспардап отырмыз. Алып сатармандардың кәсібінен бас тарту арқылы бір тауарға 300 теңге деген баға ұсына алдық. Өндірушімен тікелей байланысқа шығып, келісім жасау қолымыздан келді. 

Біздің бизнес әзірше тиімді емес, әрине болашақта шығынымызды азайтамыз деген үміттеміз. 

 

Сенімді сатып алулар

Жуырда маркетингтік зерттеу жүргіздік, және оның ніәтижесі бізді қатты қуантты. Әр дүкенге күніне 500 адамға жуық келеді екен. Біздің дүкенде тауар сатып алған тұтынушылардың 50 пайызы 2-3 аптаның ішінде қайта оралады екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш, сондай-ақ бұл нәтиже арқылы тұтынушыларға біздің дүкендер мен тауарлар ұнайтынын білуге болады. Бизнес кеңейіп, өркендеп келеді. Тауар алмасу ай сайын 50 пайызға арту үстінде - бұл өте жақсы көрсеткіш. 

Егер біздің тұтынушыларымызды сипаттайтын болсақ, олар 25 жастан үлкен орта немесе ортадан төмен табыс көзі бар әйелдер. 

 

300 теңгеге не сатуға болады

Мен екі баланың анасымын және жас, үй шарусымен айналысатын әйелмін. Дүкеннің тауарларын мен өз көзқарасым бойынша, тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы деген оймен таңдадым. Әр затты мен өзіме таңдағандай қарастырдым және баға мен сапаға да көңіл бөлуге тырыстым. 

Тұрмыстық тауарларды таңдау кезінде жолдасым ұлкен көмек көрсетті. Ол менің бизнесімнің шабыттандырушысы. Жаңалық ашпай, шетелде атаулы дүкендердің қағидатымен жұмысымызды бастап кеттік. 

Дүкенге келіп кішкене бағаға көптеген тауарларды сатып алу мүмкіндігі барлығына ұнайды. Америкада мыңдаған тауар түрлерін ұсынады. Менің ойымша біз де Америкадағыдай көрсеткішке жетеміз деп ойлаймын. 

Орта есеппен бір тұтынушы 4 тауар сатып алады және орташа шот 1200 теңгені құрайды. Көбінесе химиялық тауарлар мен үйге арналған материалдар ең үлкен сұранысқы ие. 

Егер жоспарлар жайлы айтатын болсақ, әрине олар бізде ауқымды. Бизнесіміз қарқындап келеді, әрине кеңейеміз деген үміттеміз. Еліміздің түкпір-түкпірінен жақын арада 50-ге жуық дүкен ашамыз деген жоспарымыз бар. 


Қызметкерлерді іздеу және оқыту туралы не айтасыз?

Біздің бизнесте сатушыны қызметінің сапасы өте үлкен рөл атқарады. Қызметкерлерді хабарландыру арқылы табамыз, кейін тәжірибе кезінде үміткерлердің таңдаулысын жұмысқа аламыз.  


Желінің болашақ сатушылары тренингтерге қатысады және тауарлармен танысады. Тұтынушылардың сұрақтарына жауап беру үшін әр тауар туралы барлық ақпаратты меңгеру қажет. Себебі кейбір заттардың не үшін қажет екенін бір қарағанда түсіну қиын. 

Кадрлардың алмасуы да бар. Атаулы желілерде онсыз мүмкін емес. Дегенмен біздің желіде бұл көрсеткіш үлкен емес. Негізгі қызметкерлер жобаның алғашқы күндерінен бастап жұмыс жасайды. 

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін оқыту тренингтері жиі өткізіледі. Әлеуметтік желі арқылы тұтынушылардың пікірін біліп, керек жағдайда қателіктерімізді дұрыстауға тырысамыз. 

 

Дереккөз: NUR.kz