SHOES REPUBLIC: Мемлекетті толықтай аяқ киіммен қамтамасыз етеміз

SHOES REPUBLIC - Алматы қ. орналасқан өзіндік өндірісі бар, ұсталар әр аяқ киімге жанын салатын, даму үстіндегі аяқ киім компаниясы. Компания 2016 жылдың ортасынан ғана жұмысын бастағанына қарамастан, тұтынушылардың сеніміне және үлкен сұранысқа ие болды. 

Жобаның авторлары шымкенттік Дәурен Раманқұл мен павлодарлық Айдын Мақаш болып табылады. Аяқ киімді өндіру Алматыда негізделген - жігіттердің сөздерінше бұл жерде оңтүстіктің пейілі мен солтүстіктің мінезі жақсы келісілген.  

1

 

Барлығы қалай басталды

 Shoes Republic жобасының тарихы кастюм тігуден басталды - дәл осы іспен Айдын Мақаш бірнеше жыл бұрын айналысты. Костюмді тігуге тапсырыс Алматыда қабылданды, ал Еуропада тігілді. Өндіріс жартылай ғана қазақстандық болды. Дегенмен, іс жақсы жүріп жатты, Айдынның айтуы бойынша бір сәтте серіктес қажет екенін түсінген. Осылайша ол 2013 жылы Дәурен Раманқұлмен танысқан. 

– Мен ол кезде Шымкенттен енді келген едім. Универститет тәмамдаған соң Шымкенттің орта мектебінде екі жыл физика мұғалімі болып жұмыс атқардым. Ақырында бұл жұмыс менікі емес екенін түсініп, Алматыға көштім, - деп есіне алады Дәурен.

 

Кәсіпкерлер отандық өндірісті дамытқылары келді. Жартылай қазақстандық костюм тігу ісі оларды қанағаттандырмады. 

Бір күні олар ұйық шығаруды ойлады, себебі ұйықты өндіру арзан және оңай.

– Сол уақытта девальвация болды. Бір күні мен аяқ киім сатып алу үшін дүкенге бардым, екі есе өсіп кеткен аяқ киімнің бағасын көріп шошып кеттім. Осы кезде аяқ киім өндіру дұрыс болар деп шештім, себебі баға жөнінде қолайлы жағдай еді, - дейді Дәурен.

Сосын бір танысым жергілікті өндірістегі аяқ киім алайық деген оймен Өзбекстанға барып келейік деген ұсыныс айтты.  Дәурен 20 жұп етікті 7 мыңнан сатып алып, Қазақстанда оларды үш күннің ішінде 14 мыңнан сатты. 

– Тауарды жарнамасыз үш күннің ішінде сата алсаң, бұл істің әлеуеті бар екенін түсінесің. Мен Айдынға: ұйықты қоя тұрып, аяқ киім сатуды бастайық деген ұсыныс жасадым, - дейді Дәурен. 

Содан соң жігіттер өз істерін бастады. 


Үй-жайды жалға алдық, технолог таптық, құрылғыларды сатып алып, жұмысымызды бастадық. Бұның бәрі 2016 жылдың көктемінде басталды. Не Айдында, не Дәуренде аяқ киім өндіру саласында ешқандай тәжірибе болмаған еді. 

– Біз былтыр мамыр айында аяқ киім өндіреміз деген нақты шешімге келдік. Бірақ біз бұл істе нашар едік. Әрқайсымыз бұндай іспен бұған дейін айналысып көрмеген едік, - деп жалғастырады Дәурен.  

Кәсіпкерлердің айтуынша соңғы бір жылдағы тәжірибенің арқасында көптеген кедергілерден өтуді үйренген. 2017 жылдың қаңтар және ақпан айларында олардың фабрикаларының жұмыстары шикізаттың жоқтығына байланысты тоқтап қалған. Ал наурыз айында олар 5 млн теңге көлемінде табыс тапқан. 

– Наурыз айын біз 440 жұп аяқ киім өндірдік. Сәуір айында біз 850 жұп аяқ киім өндіреміз деген ойдамыз. Наурыз айында біздің табысымыз 5 млн 280 мың теңге көлемін құрады, ал сәуір айында табысымыз 9 млн 600 мың теңгеге артады деген сенімдеміз. 2017 жылдың көктем-жаз мезгілдерінде табысымызды 20 млн теңгеге жеткізуге болады, – дейді Айдын.

Өндіріс болмаған жағдайдағы кәсіпшілік

Айтып өткендей, Shoes Republic 100% қазақстандық аяқ киім өндіреді. Бұл Қазақстанда аяө киім өндірісі болмаса да өте жақсы көрсеткіш. Қазіргі таңда нарық толығымен Қытай өнімдерімен қамтылған. Дегенмен, айта кетсек Shoes Republic жобасында шымкенттік пейіл бар. 

– Біздің мақсатымыз - Қазақстанда танымал белгі құру. Біз халық үшін жұмыс атқарғымыз келеді. Сондықтан да шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда біздің бағаларымыз жоғары емес. Біз жұмыс жасау үшін тиімді баға ұсынамызь, – деп түсіндіреді Айдын.

Shoes Republic өзін табиғи теріден арзан және сапалы аяқ киім өндіретін кәсіп ретінде көрсетеді. Қазіргі таңда компания туфли, теріден жасалған мокасин мен кроссовкалар өндіреді. Барлық өнім қолмен жасалады, себебі өндіріс орны кішігірім өндіріс көлеміне ие. 

Айдын мен Дәуреннің айтуынша, Қазақстанда отандық өндірушілерге үлкен зейін салынады. Дегенмен аяқ киім өндірісі нашар жағдайда. 

– Бізде қызметкерлер жөнінде үлкен мәселелер туындайды. 25 жылдың ішінде Қазақстанда бұл туралы мүлдем ой салынбаған.

Қытайдан келген өнімдер 90-шы жылдары нарықты толық қамтыған. Біздің өндірістер мүлдем жойыла бастаған. Қызметкерлер өндіріс орындарынан кеткен. Бұл сала мүлдем нашар ахуалда жеткен. Біздің елде тігін және тоқыма істері бар, бірақ аяқ киім тігушілерін оқытпайды, – деп түсіндіреді Айдын.

– Жұмысқа тігіншілерді алып, оларды аяқ киім тігуді үйретуімізге тура келді. Бұл жұмыс қиынырақ, сондықтан біз қызметкерлерімізге тегін тамақтану мен басқаша да ынталандырамыз. Қазіргі таңда бұл мәселенің себебі - барлығы кеңседе жұмыс жасап, меңгеруші және т.б. жеңіл жұмыстарды атқарғылары келеді, ал тігін саласында ешкім оқығысы келмейді. 

Тағы да бір мәселе - шикізатты жеткізу. Shoes Republic былғарыны кешігуді қалыпты жағдай ретінде көретін Түркиядан сатып алады. 

– Біздің елімізде өндіріспен ешкім айналысқысы келмейді, себебі қиын деп санайды. Көп кәсіпкерлер ойын-сауық орталығын құрып, дүкендерді жалға ьерген анағұрлым жеңіл деп есептейді. Сондықтан біздің елімізде блғары өндірушілері жоқ. Қазақстанда сатып алатын бір ғана зат, ол былғары ұлтаншасы. Бірақ бұл өнімнің сапасы тек оның болашақта жақсарады деген ой келтіреді, – дейді Дәурен.

Алдымен Алматы, сосын көршілер

Shoes Republic компаниясын ешбір мәселе қоқытпайды. Жақын арада Алматы қаласын толығымен аяқ киіммен қамтамасыз етеміз деген оймен компания басшылары ынталанады.  

– Компания үшін тек бір жыл жұмыс атқару деген өте аз. Қазір біз енді-енді дағдыландық. Ағымдағы жылдың мезгілдері біз үшін үлкен бастама болады. Бірқатар сәнді аяқ киімдер ұсынатын бірінші мезгіліміз.  

Сонымен қатар біздің handmade түріндегі өндірісіміз өнім көлемінің өсуіне кедергі келтіреді. Сол себепті болашақты жұмысымызды автоматтандырғымыз келеді, – деп айқындайды Айдын.

Былтыр жазда Shoes Republic аяқ киімдерін жаз мезгілінде 13 мыңнан 15 мыңға дейінгі бағада сатты. Осы жылы бағасы 17 мыңнан 18 мыңға дейін жоғарылады. Өндірушілер бұған себеп сапаның жоғарылауы, дәлірек айтқанда табанның еуропалыққа ауыстырылуы және былғары сапасының жақсартылуы дейді.  

Болашақта компания қазақстандық нарықтан басқа шетелдік нарықты да қамтимыз деген ойда. 

– Шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігіміз бар. Біздің өніміміздің сапасы жоғары және шетел нарығының бағасынан төменірек болып табылады. Қазіргі таңда өнім көлемінен басқа, сапа және баға тарабынан шетелдік өндірістермен бәсекелес бола аламыз. Өндірісімізді автоматтандырсақ бағаны төмендететін боламыз дейді Дәурен.

 

 

Дереккөз: Forbes Kazakhstan