"Қазақтелеком" АҚ жаңа жобаны іске қосады және ауылдық жерлерде серіктестер іздейді

__________________________
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4332
0 пікірлер

Қазақтелекомның ауылдық елді мекендерді цифрландыру жөніндегі жаңа жобасы Қазақстанда бастау алды. Бұл жобаның аясында қарапайым кәсіпкер, шағын және орта бизнес өкілі ірі қалалардан шалғай орналасқан ауылдарды цифрландыру кезінде Қазақтелекомның серіктесі болуға мүмкіндік алады.

Егер сіз бір немесе бірнеше ауылда жұмыс істесеңіз, жергілікті халықтың қажеттіліктерін жақсы білсеңіз, бізбен бірге дамуға ниетіңіз болса, онда сіз біздге керек адамсыз. Дәл осы нарықты егжей-тегжейлі зерттей отырып, біз ауылдық жерлерге шықтық. Біз шағын бизнес өкілдерімен серіктес болып жұмыс істеуге, серіктестік аясында технологиялармен бөлісуге, теледидар, телефония, мессенджерлер, қашықтан жұмыс, білім беру, мемлекеттік қызметтер алу және онлайн-медицина сияқты ең қарапайым тұрмыстық мәселелерді шешуге арналған  жоғары жылдамдықты интернетке ауылдарды қосуға дайынбыз.

Қысқаша түсініктеме: жеке кәсіпкер немесе ЖШС – шағын байланыс операторы ТОБЖ-ға қосылу нүктесінен әрбір үйге дейін сигналды жеткізу үшін қажетті жабдықты Қазақтелекомнан сатып алып, желіні құрады және Интернет қызметін сату арқылы 100% көлемде табыс табады. "Қазақтелекомның "серіктесі " құбыр "деп аталатын деректерді табыстау арнасы үшін ай сайынғы белгіленген абоненттік төлемді ғана төлейді, -  деп түсіндірді "Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік Бизнес жөніндегі дивизионының бас бизнес-талдаушысы Кәміл Азнабакиев.

Бүгінгі таңда Қазақтелеком еліміздің 837 ауылына 2 500-ге жуық мемлекеттік мекемені талшықтық-оптикалық байланыс желісіне қосты. Енді біз әрбір үйді, әрбір нақты ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қоса аламыз. 1-ден 10 км-ге дейінгі қашықтықта, секундына 150 Мбит жылдамдықта сапалы сигнал беретін  Wi-Fi радиокөпірі арқылы интернетке қосылады. Бұл схема ауыл тұрғындарына цифрлық телевизияны тамашалуға, телефонияны пайдалануға және өз туыстарымен, әріптестерімен әрқашан онлайн байланыста болуларына және заманауи нарықтық жағдайларда ауыл кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік береді.

Бізбен шарт жасасып, бизнесті жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеп, жақын арада сіз бізбен бірге ақша таба аласыз.

Сіз серіктес болуға өтініш қалдыра аласыз және серіктестік желінің толық үлгісін мына сілтемеден біле аласыз: https://www.ismet.kz/ru/dealer/partner-selo

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін