Құрметті Ismet.kz порталының пайдаланушылары! Өткен жылды қорытындылайтын уақыт келді!
Біз сіздер үшін платформаның жаңа мүмкіндіктерін құруға, жұмысты және бизнес жүргізуді жеңілдетуге, қосымша табыс ұсынуға және барлық іскерлік мәселелерді шешу кезінде сіздің ең жақсы көмекшіңіз болуға әрқашан қуаныштымыз.
Егер Сіз 2022 жылы жұмысыңызды жақсартуға тырысқан барлық жаңалықтардан хабарсыз болсаңыз, онда бұл мақала сізге арналады!
Өтер жылы пайдаланушылар үшін не істедік?
Ismet.kz портал арқылы онлайн қызмет көрсету - бұл біздің басты артықшылығымыз. Біз көптеген процестерді толық онлайн жұмыс режиміне көшірдік.
Біз клиенттердің уақытын үнемдейміз және "Қазақтелеком" АҚ қызметтерін барлық бағыттар бойынша 24/7 бойы қолжетімді етеміз:
- Қосылу, бұғаттау/бұғаттан шығару, қызметтерді көшіру, тарифтік жоспарды өзгерту;
- Орындалған жұмыстар актілерін, салыстыру актілерін, электрондық шот-фактураларды, көрсетілген байланыс қызметтерінің егжей-тегжейі, дербес шоттың теңгерімі туралы мәліметтерді алу;
- Төлем шоттарын қалыптастыру немесе алдын ала төлем жасау;
- "Қазақтелеком"АҚ қызметтерінің онлайн төлемі;
- Өзін-өзі диагностикалау немесе "Қазақтелеком" АҚ қызметтерінің ақаулықтарын жоюға өтініш беру;
- Фискалдық деректер операторының (ФДО) қызметтерін басқару; Қазақтелекомның Ismet.kz мобильді қосымшасы арқылы тегін E-Kassa (тек Android құрылғылары үшін).
Мобильді қосымшадағы жаңартулар
Біздің мобильді қосымшамыз (iOS және Android үшін) жолай мәселені шешуге дағдыланған мобильді адамдар үшін ыңғайлы. Ismet.kz қосымшасы арқылы сізге құжаттарға қол қою, өтініш жазу, егжей-тегжейлерді қарау және тағы да басқа қызметтер қолжетімді болады.
Интернетті бір шертіп-ақ онлайн қосуға болады
Сондай-ақ, сіз интернеттің жұмысын өздігіңізден диагностикалай аласыз. Бұл коммуникация міндеттерін жеңілдетеді.
Сонымен қатар, сайтта өтінімді рәсімдеу кезінде пайдаланушылар интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігін тексере алады. Егер техникалық мүмкіндік болса, оператор қысқа мерзімде интернетті қосып береді.
Біз тұтынушыларға қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға тырысамыз. Келесі жылы біз бір тәулік ішінде қызметтерді қосамыз. Бұл ең басты мақсатымыз. Сіздің пікірлеріңіз осы мақсатқа жетуімізге көмектеседі.
"Қазақтелеком" АҚ операторы мен Ismet.kz порталының ынтымақтастығы бұдан әрі ыңғайлы және жайлы болмақ. Порталға кіріп, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар, сондай-ақ кез келген сұрақ қойып, жылы лебіздеріңізді, ізгі тілектеріңізді білдіріңіздер! Сіздің пікіріңізді білуге қуаныштымыз.
Бизнеске арналған жаңа тарифтер жиынтығы
Біз сондай-ақ қазіргі кәсіпкерлерімізді ұмытпаймыз және бизнесін дамыту барысында жан-жақты көмек көрсетеміз. Мысалы, ағымдағы жылдан бастап біз бизнеске арналған "Kasipker" тарифтік жиынтықтарын орнаттық. олардың көмегімен кәсіпкерлер жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алды және оған артық шығын шығармады.
Цифрландыру мен әлеуметтік жобаларды дамыту
Біздің тағы бір мақтанышымыз — "Ауылдағы серіктес" атты ауылды цифрландыруды дамыту жобасы.
Біздің топ ауқымды және әлеуметтік маңызы бар тапсырманы жүзеге асыру үшін жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біз шалғайдағы елді мекендерді қамтып, интернетті ауылдық үйлерге жеткізуге тырысудамыз.
Бұл қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтады және жеке провайдерлерге қосымша табыс әкеледі. "Қазақтелеком" АҚ-мен серіктестікке өтінімді серіктестік талаптарына сәйкес келетін кез келген адам бере алады (назар аударыңыз: бұл қызмет тиісті лицензиялауды талап етеді).
Бізбен шағын және орта бизнестің 15 өкілі қызмет жасауда. 2023 жылдың екінші онкүндігіне қарай 70 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады деп болжануда.
Әрине, аталған жетістіктерден басқа, бізде алдағы жылға қойған бірқатар жаңа мақсаттарымыз бен тындырар істеріміз бар.
Ismet.kz платформасы бизнес ортадағы сіздің күн сайынғы сенімді көмекшіңіз болады деп үміттенеміз.
Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, достар!