2.0.2 хаттамаға көшудің жаңа мерзімі аяқталды

Асқар Тулеев
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
2838
0 пікірлер

Құрметті "Қазақтелеком" АҚ-ның ФДО қызметінің пайдаланушылары!

Жаңа деректермен алмасу хаттамасына көшу мерзімі аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың басынан бастап 2.0.2 нұсқасының хаттамасына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қайта бағдарламалау керектігін еске салады.

Біз бұған дейін 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жаңа хаттамаға көшу керектігі туралы жазған болатынбыз. Алайда, барлық салық төлеушілер процедураны уақытылы орындай алмады. Сондықтан салық органы 2.0.2 хаттамасына көшу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартты.

Осыған байланысты, бүгіннен, яғни 2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап, 2.0.2 хаттамасынан өзгеше хаттамаларға "Қазақтелеком"АҚ-ның ФДО тарапынан қолдау көрсетілмейтінін хабарлаймыз. БКМ қайта бағдарламалау үшін сізге кассалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету орталығына (ТҚКО) жүгіну қажет.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін