Міне, Ismet.kz тобы да Жаңа жылды қарсы алып, ескі жылмен қоштасты!

Асқар Тулеев
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
2547
0 комментариев

Жаңа жылдық көңіл-күй әдетте 13 қаңтардан кейін бәсеңдейді, өйткені біз «ескі Жаңа Жылды» қарсы алуға дағдылып алғанбыз. Бәріміз осы қуанышқа. Сиқырға толы сәтті сәл ұзартқымыз-ақ келді. Биылғы жылы біздің компания қызметкерлері бір-бірін қалай құттықтауға шешім қабылдағаны туралы қысқаша айтқымыз келеді.

Биыл Ismet.kz тобы танымал «Құпия Аяз атадан сыйлық» іс-шарасының орнына қоғамға пайдалы әрекет жасауға шешім қабылдады. Осы орайда біз «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» қайырымдылық қорына жүгіндік.

Қор директоры Сағадиева Рауан бізге Аяз Атаға арнап балалардың тілектері жазылған он шақты хатты қолымызға тапсырды. Ең басты айта кететін жайт: бұл әрбір бүлдіршін аңсайтын тәтті кәмпиттер мен ойыншықтар емес. Олар балалардың физикалық дамуына қажетті сыйлықтар алғысы келді.

Біз теңдестіру дағдыларын дамытуға арналған тақталар, жаялықтар, боксқа арналған құрал-жабдық, секіруге арналған батут және өздігінен сырғанайтын бірнеше самокат сатып алдық. Сіз, мысалы, «босу» деп аталатын тепе-теңдікті дамытуға арналған жартылай шар бар екенін білдіңіз бе? Бұл адамның физикалық теңдестіру дағдыларын дамыту саласында танымал тренажерлік құрал болып шықты. Оны 3 жастағы мүгедек балаға сыйладық.

Немесе, мысалы, сіз лабиринті бар теңдестіру тақтасының бар екенін білдіңіз бе? Мұндай тақтаның балаларда қимыл-қозғалыс үйлесімін дамыту үшін ойлап табылғанын білдік.

Кішкентай темір шарды лабиринттен өткізіп, құлап қалмауға тырысып, тепе-теңдікті сақауға бар күшін салу қажет. Сонымен қатар ойлау қабілетін де шынықтырады. Айтпақшы, бұл құрал тек мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, барлық балаларға да пайдалы.

Нәтижесінде, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» қайырымдылық қоры мен оның жетекшісі Сағадиева Рауанның арқасында біз «Құпия Аяз атадан сыйлық» шарасына жұмсауды жоспарлаған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балалардың хаттарында өтініп сұрағандарының бәрін сатып алдық.

Рауан бізге қордың жақында ғана, небәрі сегіз ай жұмыс істейтінін айтты. Бірақ осы уақыт ішінде көптеген игі істер жасап үлгеріпті. Қордың ерекшелігі - олар ресми мүгедектік мәртебесі бар балаларға ғана емес, шынымен көмекке мұқтаж кез келген адамға көмектесуге тырысады.

Мысалы, мұндай балаларға әлеуметтену кезінде қолдау көрсету-ең басты мақсат. Қор ата-аналарға балалардың мәселелерін өзара талқылауға мүмкіндік береді. Өйткені, ата-аналар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бір-біріне көмектесіп, біркелкі мәселелерді бірге талқылайды, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. «Бірге көтерген жүк жеңіл» демекші, оларға осындай қарым-қатынаста болу, әрине, оңайырақ.

Біздің команда осы іс-шарадан кейін бұл бастаманы тұрақты түрде жүргізу туралы шешім қабылдады. Әрбір қызметкер бүлдіршінге сыйлықты өзі сатып алып, үйіне дейін жеткізіп, қолына ұстатты. Әрине, бала қуанышында шек жоқ. Олармен қоса әрқайсысымыз да керемет сезімге бөлендік.

Балалар жаңа жылды тойлар алдында сыйлықтарына ие болып, бақыт құшағына енді. Ата-аналары болса шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Тіпті кейбір ата-аналар қызметкерлерімізге де артынша ризашылық белгісі ретінде кішігірім сыйлықтар беріпті. Қор директоры Раушан Сағдиева Аяз атадан сыйлық алған барлық балалардың атынан алғысын білдіріп, ата-аналарға тек мереке кездерінде ғана емес, тұрақты негізде көп нәрсе қажет екенін айтып, мұңын шақты.

Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға көмектескісі келетін Ismet.kz сайтының пайдаланушылары мен оқырмандары, жалпы жүрегі жылу адамдар болса, түсініктемелерде өз лебізіңізді қалдырыңыз.

Біз сізге қор директорының байланыс деректерін жібереміз. Мүмкін, біздің платформа осы игі істің байланыстырып тұратын буыны болар деп үміттеміз.

Ал біз, өз кезегінде, сіздерді жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз және әрқайсыңызға шын жүректен денсаулық тілейміз!

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін