Оптикалық интернет. Бизнеске тиімді

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
4964
0 пікірлер

Бүгінгі таңда оқушылар мен студенттердің оқу үлгерімін бағалау тек олардың еңбекқорлығының көрсеткіші ғана емес. Айналамыздағы болып жатқан өзгерістерді қуып жету, олармен теңесу дегеніміз бизнестегі сәттілікті білдіреді: мансапқа жету, өз бизнесіңізді құру, жаңа дағдыларды онлайн игеру. Бұл интернеттің болу-болмауы туралы ғана сөз емес. Қазір барлығы ғаламторға жоғары жылдамдықты қолжетімділік туралы әңгіме айтады. КЖҚ, ТОБЖ, GPON – осы қысқартылған сөздерді ақпарат берудің ең жылдам технологиясы туралы әңгіме болғанда сөзге тиек етеді.

«Жай оғындай ұшатын» интернет туралы "Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің клиенттік жолдарды цифрландыру жөніндегі продакт-оунер
Марат Өтеповпен сөз қозғамақпыз.

 


"Қазақтелеком" АҚ өзінің ISMET.KZ платформасында "Бизнеске арналған интернет қажет" атты автоматтандырылған қызметін іске қосты. Жоба туралы қысқаша айта кетсеңіз.

Өткен жылдан бері біз пандемияның не екенін түсіндік. Барлығымыз ешқайда шыға алмай, үйде қамалып отырған едік. Сол кезде балаларды мектепке жібермей, онлайн оқытуға болатындығын, сонымен қатар бизнесті де онлайн жүргізуге болатындығын тез түсіндік. Онлайн конференциялар құрып, серіктестермен, жеткізушілермен, клиенттермен тікелей хабарласуға болатындығына көз жеткіздік. Дәл осы сәтте Қазақтелекомның барлық жабдықтарының жүктемесі артты. Техникалық блоктың мұндай ауырпашылыққа сақадай сай дайын болғаны, бізді әрине қуантты. Техникалық ақаулықтар бойынша бізге шағым түскен жоқ. Өмірге үлкен өзгергерістер енгенін жайлап түсіне бастадық. Бұрын жұмысқа барып, әріптестермен кеңседе офлайн сөйлесетінбіз, бір-бірімізге қонаққа барып, тығыз қарым-қатынаста болатынбыз. Ал қазір мұндай қарым-қатынасты интернет алмастырды деуге болады. Мысалы WhatsApp-ты алайық. Ұялы телефонда өзара қарым-қатынас орнатуға арналған WhatsApp бағдарламасы арқылы сөйлесіп, жүздесіп, кейбір іскерлік мәселелерді де шеше аламыз. Тіпті адам саны шексіз онлайн кездесулер ұйымдастыруға болады. Байланыс неғұрлым күрделі болса, соғұрлым жоғары жылдамдықты интернет қажет. Бұл жағдайда интернет сапасы маңызды рөл атқарады. Пандемия жағдайында тіпті Қазақтелеком бөлімшелері біраз уақытқа жабылып қалатындығы белгілі болды. Бұрындары клиенттерімізді бөлімшелерде қарсы алып, олардың мәселелерін шешуге тырысатын едік. Ендігі кезекте қарым-қатынас тәсілдерінің басқа түрлерін де қолданатын уақыт келді. Интернетті қосу үшін Қазақтелеком бөлімшелерінің табалдырығын аттаудың, басшылыққа, филиалдарға ресми хат жазудың қажеті жоқ. Тек ISMET.KZ порталына кіріп, "Маған интернет қажет" бастырмасын басып, қарапайым манипуляциялардан кейін сіз осы қызметті қоса аласыз. Бірақ бұл процестің бір бөлігі ғана. Біз оны одан әрі қарай жетілдірдік. Қызмет көрсетудің цифрлық әдістерінің көмегімен мыналарға қол жеткіздік: қызметті автоматты түрде белсендіру, техникалық мүмкіндікті автоматты түрде тексеру, клиенттің көрсетілген мекенжайы бойынша интернеттің болуы, қызметті ұсыну уақытын қысқарту. Қазір біз 24 сағат ішінде қызмет көрсетуге тырысамыз. Әрине, біздің Корпоративті сату орталығына әдеттегідей өз аяғымен келген адамға біз әрқашан көмек көрсетеміз және оны құшақ жая қарсы аламыз. Дегенмен бөлімшеге барып-келуіне ол адам көп уақытын кетіреді. Сандық жол клиент үшін әлдеқайда оңай және ыңғайлы.

Қазақтелеком ұсынатын оптикалық интернет кімге қолайлы?

Мақсатты аудитория – бұл GPON оптикалық желісінің қамту аймағында орналасқан жеке және заңды тұлғалар. Олар өз жұмысында "оптика" әлеуетін толық пайдаланады. Бүгінгі таңда оптикалық интернет жеке тұлғаларға, қарапайым тұтынушыларға қаншалықты қолжетімді екенін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша бағалауға болады. Осы бағдарлама аясында  "Қазақтелеком" АҚ-ы  ауылды жерлерде оптика жүргізеді. Оптикалық магистраль салу - бұл қыруар қаражат кететін қымбат дүние, сондықтан осы әлеуметтік жобаға мемлекет белсенді түрде қатысуда. Біз адамдардың интернетке қосылуы тең жағдайда болу керектігін түсінеміз. Неге Алматы тұрғындарында жоғары жылдамдықты интернет болуы керек, ал шалғай елді мекендегілер мұндай мүмкіндіктен құр қалуы керек? Сондықтан бүкіл күш-жігеріміз ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты теңестіруге немесе өшіруге бағытталған. Оптикалық желінің арқасында шағын және орта бизнес дамып келеді. Көптеген қызметтерді онлайн алуға болады: келіссөздер жүргізу, құжаттарға қол қою және т.б.

Мен әлі "мыс" деп аталатын интернетті пайдаланамын және интернет жылдамдығы, сигналдың жоғалуы және т. б. мәселелерді шеші үшін 165 нөмірі бойынша оператормен жиі хабарласамын. Оптикалық интернетте мұндай проблемалар бола ма?

Оптикада мұндай проблемалар іс жүзінде жоқ. Шынымды айтсам, GPON-да отыратын клиенттерден баяу жылдамдықты интернет немесе интернеттен ажырап кету сияқты шағымдарды естіген жоқпын. КЖҚ (кең жолақты қолжетімділік) – бұл кез келген компанияда жалпы барлық коммуникацияларды дамытатын бастапқы негіз. Мұндай интернетке бейнебақылау, «ақылды үй», «ақылды кеңсе», ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағы да басқа қызметтерді қосуға болады. Корпоративті желі туралы да ұмытпаңыз. Мысалы, жұмыста ішкі VPN құруыңыз керек делік. Қызметкерлер арасында қарым-қатынас орнатуыңыз керек. Мұның бәрін КЖҚ арқылы жасауға болады. Біз «мыс» интернет жоғары жылдамдықты деректерді тарату технологиясынан өте алыс екенін түсінеміз. Сондықтан «мыс» пен «оптика» желілерін тіпті салыстыруға келмейді.  

"Бизнеске арналған интернет қажет" жобасы Қазақстандағы басқа провайдерлердің көптеген жобаларынан несімен ерекшеленеді?

Қазақстанда «24 сағат ішінде интернетке қосыл» сияқты тіркелген байланыс бойынша жобалар іс жүзінде жоқ. Әсіресе корпоративтік сегмент үшін. Ірі бизнес өкілдері 29900 теңгеден басталатын тамаша сипаттамалары бар, жылдамдық сапасы өте жоғары интернетке қосыла алады. Егер сіз шағын бизнес өкілі болсаңыз, онда сіз пакеттік ұсыныстарды таңдай аласыз. Мысалы, UNIBOX пакеті жеке кәсіпкерлерге көбірек бағытталған. Мұндай пакет айына 6190 теңгеден басталады.

Шағын бизнес пакетіне не кіреді?

Бұған бес пакет кіреді және олардың барлығы қосымша қызметтер жиынтығымен ерекшеленеді. Мысалы, бір SIM картадағы интернет пен қалалық және мобильді нөмірді таңдауға болады. Немесе жоғары жылдамдықты интернет пен бейнебақылауды таңдауға болады. WiFi Soho роутері - ең қымбат пакет. Бағасы 21340 теңге. Оған бейнебақылау, теледидар және бір SIM картадағы мобильді нөмірі бар қалалық нөмір кіреді. Біздің порталға кіріп, бағаларын салыстырыңыз, өйткені пакет ішіндегі бұл қызметтер әлдеқайда арзан. Егер бөлек-бөлек таңдайтын болсаңыз, бағасы қымбатырақ болады. 

Неге Қазақтелекомнан интернет таңдаған тиімдірек?

Бүгінгі таңда барлық бәсекелестік баға төңірегінде емес, қызмет көрсету аясында өріс алуда. Біз клиенттерімізге арманын сатамыз деп айта аламыз, өйткені біз интернетті орнатып қана қоймаймыз, сонымен қатар оларға техникалық қолдау көрсетіп отырамыз. Қазақтелеком күн сайын клиенттермен жұмыс істеу процестерін, оның ішінде байланыс орталығын және тұтынушылармен жұмыс істеу үшін барлық байланыс арналарын ретке келтіруді қамтитын жоғары деңгейдегі сервисті құрып жатыр. Жақын арада бізде ең керемет қызмет көрсету сервисі болады. Кез келген компания қызмет көрсете алады. Бірақ жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды. Біздің клиенттің одан хабары бар.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін