«Қазақтелеком» және «Ақылды қалалар» Қазақстан Республикасында бұлтты технологияларды бірлесіп дамытуға шешім қабылдады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
89
0 пікірлер

BTS Digital компаниясының AITU цифрлық экожүйесіне кіретін «Қазақтелеком» ірі телеком-операторы және «Ақылды қалалар» компаниясы  Қазақстанда бұлтты технологияларды дамытуда, сондай-ақ cloud-шешімдер мен өнімдер желісін кеңейтуде ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Алғашқы бірнеше бірлескен бұлттық қызметтерді «Қазақтелеком» АҚ өзінің ismet.kz бизнес порталында ұсынды.

Атап айтқанда, портал пайдаланушылары бүгінгі күні Baidu Cloud бұлтты шешімдерін full digital форматында бірнеше минут ішінде, менеджерге хабарласпай және қандай да бір құжаттарды жібермей-ақ қоса алады. Қазіргі кезде  ismet.kz    «Ақылды қалалар»  ЖШС өнімдері портфелінен виртуалды есептеу ресурстары (IaaS) және S3 объектілік қоймасы сияқты Aitu.Cloud сервистері ұсынылған.

Келесі кезеңде «Қазақтелеком» серіктес компанияның бұлтты өнімдеріне өзінің инфрақұрылымын қосуға дайын. Бұл «Қазақтелеком» өзінің дата-орталықтар желісі негізінде ұсынатын деректердің жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтерін  «Ақылды қалалар» жоғары сапалы және жедел сервисімен біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, келесі жылы серіктестік аясында компаниялар бірлескен әзірлемелер есебінен бұлтты өнімдер мен қызметтер түрлерін кеңейтуге ниетті.

«Бүгінгі таңда «Қазақтелеком»  республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы 27 дата-орталықтар желісін қолдайды, онда 1600-ге жуық тіректер орналасқан. Біздің дата-орталықтарымыздың жоғары қуаттылығы, елеулі қорғаныс дәрежесі және ақаулыққа төзімділігінің жоғары деңгейі клиенттерге «Қазақтелекомның» виртуалды қуаттарында өздерінің цифрлық жобаларын үнемді және жедел таратуға мүмкіндік береді. Бізде барлық қажетті инфрақұрылым бар және жетекші мамандандырылған «Ақылды қалалар» компаниясымен ынтымақтастығымыз Қазақтелекомның бұлтты және цифрлық жобаларының өнім портфелін танымал cloud- қызметтермен толықтырудың тағы бір тамаша мүмкіндігі болып табылады. Сонымен, жақын арада біз АТ-әзірлеушілер үшін бірлескен бұлтты өнімдерді іске қосуды жоспарлап отырмыз: Kubernetes as a Service және сараптау сервисі - Database as a Service, ал 2026 жылға қарай біздің бірлескен қызметтер  кем дегенде 3 есе артады» - деді, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры Марат Әбділдәбеков.

Айта кету керек, бүгінде «Қазақтелекомның» үш негізгі дата орталығы виртуалды және бұлттық сервистерді дамытумен айналысады. Бұл Павлодар қаласындағы ДӨО, ол Tier 3 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған, Ақкөл қаласындағы ДӨО және Алматы қаласындағы модульдік ДӨО. Қазақстан нарығында виртуалды есептеу ресурстарына сұраныстың артуына байланысты жақын арада телекоммуникация операторы бұлтты қызметтер көрсету үшін өзінің дата-орталықтарының қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, «Қазақтелеком» бұлттарды дамыту үшін дата орталығының болашақ ресурстарының шамамен 50%-ын пайдалануды жоспарлап отыр.

«Біз Aitu.Cloud платформасы негізінде Қазақтелекоммен стратегиялық серіктестікте әзірленген бұлттық шешімдердің кең ауқымын ұсынуға қуаныштымыз. Неліктен бұл бизнес үшін маңызды? Компания өзінің цифрлық қызметтерін нарыққа неғұрлым тез бейімдесе, соғұрлым жаңа және тұрақты клиенттерге ие болады. Бұлтты құралдардың көмегімен жаңа қызметтерді/қолданбаларды әзірлеу немесе іске қосу, сондай-ақ оларды масштабтау уақыты бірнеше есе азаяды. Бұл сонымен қатар инфрақұрылымды басқаруды үнемдеуге және компанияның жоғары мамандандырылған қызметкерлерге деген қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді, өйткені провайдер инфрақұрылымға қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, бұлтқа негізделген қызметтердің дәстүрлі IT инфрақұрылымынан айырмашылығы, бұлттық қызметтерге компанияға қажет болған  ресурстар мен пайдаланған уақыт үшін ғана ақы алынады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, деректер республика аумағында сенімді түрде сақталатын болады. Біздің шешімдеріміз отандық бизнеске бәсекелестік артықшылық бере отырып, жаңа өнімдерді немесе жобаларды нарыққа шығару құны мен уақытын айтарлықтай қысқартуға көмектеседі», - деді,  «Ақылды қалалар» ЖШС бас директоры   Михаил Минкин.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақылды қалалар»  ЖШС BTS Digital  компаниялар тобына кіреді.

Бүгінгі таңда компаниялар тобы бірқатар ауқымды әлеуметтік маңызды жобаларды сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде Digital ID цифрлық сәйкестендіру, Aitu Passport, Aitu Superapp  платформасы, жедел төлемдер жүйесі және e-Otinish сервисі.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком»  еліміздегі ең ірі дата-орталықтар желісіне ие бола отырып, бүгінде бизнес үшін виртуалды серверлер мен виртуалды дата-орталықтарды жалға алу, Anti-DDoS, антивирустық бағдарламалық  жасақтама, сондай-ақ виртуалды хостинг, домендік атаулар, зияткерлік телефония сияқты бұлтты шешімдерді ұсынады. Компанияның деректер орталықтары негізінде іске асырылатын қызметтер мемлекеттік және банктік мекемелерге, сондай-ақ ірі бизнес өкілдеріне кез келген күрделі жобаны енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінде оператордың дата орталықтарын мемлекеттік компаниялар, отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдері таңдайды. «Қазақтелеком» дата орталығында Google, Facebook, Akamai, Youtube, Megogo, Wargaming және т.б. сияқты алыптардың инфрақұрылымы орналасқан.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін